Accessibility links

«Қадыржан Батыровтың кім екенін Батыс білмей отыр» дейді қырғыз парламенті


Қадыржан Батыров. Жалал-Абад, Қырғызстан. 11 сәуір 2010 жыл.

Қадыржан Батыров. Жалал-Абад, Қырғызстан. 11 сәуір 2010 жыл.

Қырғызстан парламенті «Ош қырғынын ұйымдастырушы» деп айыпталып, сырттай сотталған, қазір шетелде қашып жүрген Қадыржан Батыров туралы ақпарат тарату қарарын мақұлдады. Енді қырғыз сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдіктері арқылы Қадыржан Батыровтың кім екенін басқа мемлекеттерге «түсіндіруі» тиіс.

Қырғыз парламенті депутаттарының пікірінше, «Қадыржан Батыровқа баспана берген, оны түрлі шараларға шақырып жатқан Батыс елдері Батыров туралы барлық мәліметтерді біле бермейді сондықтан оны саяси көзқарасы үшін қудаланған тұлға ретінде қабылдап жатыр».

– Егер парламент қарары жүзеге асса, Батыс елдері Қырғызстан үкіметінің Батыров жөніндегі көзқарасын түсініп, онымен (Қадыржан Батыровпен – ред.) ынтымақтасудан бас тартады, – дейді депутаттар.

Бұдан бұрын Қырғызстан бас прокуроры Аида Салянова Қадыржан Батыровты қамау жоспарына Интерполдың көмектеспегенін айтқан еді.

– Интерпол біздің өтінішімізді қабылдамай отыр. Олардың ережелерінде саяси, нәсілдік және ұлттық негізде іздестіріліп жатқан азаматтарды қолға түсіруге Интерполдың көмектеспейтінін жазылған. Бірақ таяуда «Қадыржан Батыров Швециядан саяси баспана алды» деген ақпарат жарияланды. Біз Батыровты Қырғызстанға қайтару мәселесіне қатысты құжаттарды Швеция үкіметіне дайындап жатырмыз, – деді 23 мамыр күні Қырғызстанның бас прокурор Аида Салянова.

ОШ ҚЫРҒЫНЫ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК ЖАЗА

Қырғызстан соты елдегі азшылық – өзбек қауымының өте ықпалды және танымал мүшелерінің бірі Қадыржан Батыровты «ұлтаралық араздықты қоздырып, сепаратистік үгіт-насихат жүргізді және 2010 жылдың маусымында Жалал-Абад пен Ош облыстарында қырғыздар мен өзбектер арасындағы этникалық қақтығыстарды ұйымдастырды» деп айыптап, 2011 жылы 28 қазанда өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарған.

Алайда Ош оқиғасын зерттеген халықаралық комиссия Батыровтың «Ош қырғыны ұйымдастырушысы» екенін растайтын дәлелдер жоқ деп мәлімдеген.

Өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған Қадыржан Батыров мамырдың 14-інде Варшавада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам саудасына қатысты семинарында сөз сөйледі. Ол «Қырғызстанда өзбек ұлты өкілдерінің құқықтары бұзылып жатыр» деп, халықаралық қауымдастықты осы жағдайды тексеруге шақырды.

– Қырғызстандағы өзбектер әлі қорлық көріп жатыр. Әйелдер әлі күнге дейін зорлық-зомбылық құрбаны болады. Оларды ел ішінде және шетелде жөзөкше болуға мәжбүрлейді. Ерлер әртүрлі қылмыстық топтарға қатысы бар деген сылтаумен қамалады. Наразы болғандарды құлдыққа сатып жібереді, – дейді Қадыржан Батыров, Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша.

«УАҚЫТША ҮКІМЕТ КЕШІРІМ СҰРАҒАН»

Қырғыз депутаттары құқық қорғау органдарынан «Ош қырғынының алдын ала алмаған Роза Отунбаева жетекшілігіндегі уақытша үкіметтің заң жүзіндегі жауапкершілігі мәселесін тексеруді» де талап етті.

– Уақытша үкіметтің айыбы бар екенін айтып келе жатырмыз. Уақытша үкіметтің Қырғызстанның сол кездегі президенті Роза Отунбаева депутаттар алдында сөйлеп тұр. Бішкек, 30 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның сол кездегі президенті Роза Отунбаева депутаттар алдында сөйлеп тұр. Бішкек, 30 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

мүшелері Ош қырғыны үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, халықтан кешірім сұраған. Қазіргі үкімет құрамында уақытша үкімет мүшелерінен тек президент Атамбаев пен Темір Сариев қана бар. Егер қаласаңыздар, куәлік беріп, қарарды қабылдаңыздар – біз тексерулерді қайта бастаймыз, – деп жауап берді депутаттарға Қырғызстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Жантөре Сатыбалдиев.

Қырғызстанда 2010 жылдың маусымында қырғыздар мен өзбектер арасында болған қақтығыстардан 447 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланды, көптеген азамат із-түзсіз жоғалып кетті.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG