Accessibility links

Қырғыздар да "стан" жалғауын жаратпай қалды


«Ар-Намыс» партиясының жетекшісі Феликс Кулов сайлау нәтижесіне наразы азаматтар алдында сөйлеп тұр. Бішкек маңындағы Бәйтік ауылы, 8 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

«Ар-Намыс» партиясының жетекшісі Феликс Кулов сайлау нәтижесіне наразы азаматтар алдында сөйлеп тұр. Бішкек маңындағы Бәйтік ауылы, 8 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда «елді артта қалған қылып көрсетеді» деп мемлекет атауындағы «стан» жалғауын алып тастау туралы ұсыныстар айтылып жатыр.

«Стан» жалғауына тағы да қауіп төнді. Қырғызстанның «Ар-Намыс» партиясы жақында ғана «ел атауынан бұл жалғауды алып тастау мәселесін халық талқысына салайық, жалпыұлттық референдум өткізейік» деген ұсыныс жасады.

«БАСҚАЛАРМЕН ШАТАСТЫРМАСЫН»

«Ар-Намыс» жетекшісі Феликс Кулов қыркүйектің 12-сі күнгі партия жиынында «стан» жалғауы парсы тілінен келген, сөйтіп «Қырғызстан» атауы совет кезеңінде пайда болды» деді.

Ол «Ел атауын «Қырғыз елі республикасы» деп өзгертейік. Ол референдумды 2015 жылы қазан айында өткізейік» деген ұсыныс айтты. Ал партияның басқа мүшелері «дауыс беру шарасын келер жылы өтетін парламент сайлауымен біріктіріп (бөлек бюллетеньмен) өткізейік» дейді.

Жалғауды жақтырмағандар «төркіні парсы тілінде жатыр» дегеннен өзге уәждер келтірмеді. Куловтың ұсынысынан соң елдегі баспасөз құралдары бұл мәселенің бұрын да көтерілгенін еске алды. Ол жолы да бұл бұл жалғаудың "шетелде жағымсыз имидж қалыптастыратыны" айтылған еді.

Қырғызстанның Баткентінде су кезегінде тұрған балалар. 19 қыркүйек 2014 жыл

Қырғызстанның Баткентінде су кезегінде тұрған балалар. 19 қыркүйек 2014 жыл

Мысалы, 2012-жылы «Аалам» партиясының жетекшісі Арсланбек Малиев «стан» жалғауы Ауғанстан сияқты тұрақсыздық жайлаған елдерді еске түсіреді деген еді. Сол кезде Малиев ел атауын «Қырғыз жері» деп өзгертуді ұсынған. Ол «Қырғызстан» атауының тағы бір ұнамсыз тұсы – шетелде оны Күрдістанмен шатастырады» деген болатын.

Енді біреулер АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің 2013 жылы ақпан айында Қырғызстанды «Кырзакстан» атап, көрші мемлекет - Қазақстанмен шатастырғанын еске түсірді.

Негізінде, елдің ресми атауы – Қырғыз Республикасы. Ресми құжаттар мен заңдарда «Қырғызстан» сөзі де қолданылады. Бірақ «Қырғызстан» атауын өзгертудің қажеттігіне күмәнданатындар көп. Бішкектегі Манастану институтының директоры Топчунбек Тургуналиев «Үкіметтің бұдан өзге маңызды шаруаларды шешуге қаржысы жоқ. Осындай қиын кезеңде «Ар-Намыс» үкімет бюджетін осы шаруаға шашқысы келе ме?» дейді.

Тургуналиев бұндай бастаманы «бос әурешілік» атайды.

«ЕЛ АТАУЫН ӨЗГЕРТКЕННЕН ПАЙДА ЖОҚ»

Қырғызстанда әлеуметтік желілерде жарияланған пікірлер екіге жарылды. «KG-Balashka» атты интернет пайдаланушы «Стан» жалғауы елдің беделін арттырып тұрғаны шамалы, бірақ тек атауды өзгерткеннен ештеңе жақсармайды. Әрине, «стан» жалғауы шетелдіктерді үркітеді, ол құпия емес. Бірақ, еліміздің беделін ол емес, жемқорлық пен заңсыздық түсіріп тұр» дейді.

«Realnost» атты интернет қолданушы да «Қырғызстанды Күрдістанмен шатастыру қиын емес, себебі еліміз дамымай қалды, мұндай мемлекеттің бар екенін ешкім білмейді. Еліміз танылсын десек, оны көркейту керек, атауын өзгерткеннен пайда жоқ» деп жазады.

Ал "Fox" есімді интернет пайдаланушы «Осы күнге де жеттік-ау! Атын өзгертсек болғаны Америкадан да жақсы өмір сүре бастайды екенбіз. Жағдайымыздың нашар болғанына ел атауы айыпты!» деп кекетеді.

Қырғыз ауылдарының бірінде ойнап жүрген балалар. 21 шілде 2014 жыл

Қырғыз ауылдарының бірінде ойнап жүрген балалар. 21 шілде 2014 жыл

Оны қостаған «Akhzhol.s95» «Алдымен нақты мәселелерді шеш, содан ары істейтін шаруа қалмаса, ел мен қала атауларын өзгерте бер. Айтпақшы, Кулов өз есімін өзгерткісі келмей ме екен? «Феликс» – латын тілінен енген сөз ғой» деп жазады.

Қырғызстан Орталық Азиядағы «стан» жалғауын иеленген жалғыз ел емес.

Көршілес Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бұл жалғауды алып тастап, мұнайға бай елді басқа кедей көршілерінен ажыратып атауды ұсынды. Назарбаев биылғы ақпан айында «Басқа Орталық Азия елдері сияқты, біздің елдің атауында да «стан» жалғауы бар» деген еді.

Қазақстан президенті уақыт өте келе ел атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді ұсынған. Атауды өзгерткен соң елдегі ресми құжаттар мен банкноттар, төлқұжаттарды да өзгерту керек екенін, оның шығыны аз болмайтынын ескерді ме – Қазақстан бұл тақырыпты жылы жауып қойды.

(Фарангис Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG