Accessibility links

Еркін Бөлекбаев: «Қырғызстанға қырғыздардан кем еңбек сіңірдім демеймін»


Қырғызстан президенттігіне үміткер болған Еркін Бөлекбаев.
Қырғызстан президенттігіне үміткер болған Еркін Бөлекбаев.

Қырғызстанда президенттік сайлауға қатыспақ болған этникалық қазақ, Жасылдар партиясының жетекшісі Еркін Бөлекбаев мемлекеттік тіл сынағынан өте алмады.


Саясаткер емтихан талаптарының күшейтілуін Ақаев пен Бакиев режимі қалыптастырған жүйенің қателігі деп санайды.

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ СЫНАҒЫНЫҢ ҚҰНЫ»

– Еркін мырза, президенттік сайлауға қатыспақшы болған бірқатар үміткерлер емтиханның күрделі екенін айтқан еді. Сізге тіл сынағын тапсыру қиын болды ма?

– Біріншіден, мектепте, институтта орысша оқып жүрген кезде бізде қырғыз тілі болған жоқ. Күрделігіне келетін болсақ..., қырғыз тілін әрине, керемет білем деп айта алмаймын. Бұл проблема болды. Бұл тұрғыдан алғанда әрине, комиссия дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын

– «Қазақстанда осы көктемде кезектен тыс президенттік сайлау өткенін білесіз. Оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар тіл сынағынан өте алмаған кезде көптеген сарапшылар мемлекеттік тіл сынағының саяси құралға айналып кеткенін айтқан еді. Сіздерде қалай?

– Бұл бізде Ақаев, Бакиев кезінен бері саяси құрал ретінде қалыптасқан және ол адамдардың құқығын бұзып келеді. Сайлауға қатысу-қатыспауды Қырғызстан азаматтарының өздері анықтауы керек. Осының бәрін солар бекітіп кеткен болатын: «тілді білесің бе, білмейсің бе?», «қаншалықты деңгейде білесің?». Себебі, бұл мемлекеттік тілден емтихан қабылдайтын комиссияның шартына қарама-қайшы.

Ең бастысы, адам тілді түсінсе болғаны. Ал емтиханда... менің ойымша, тіпті 20-30 жыл бұрын мектепте өтіп кеткен жоғары математика, геометрияның өзін еске түсіру қиын.

Қырғызстанда 70 мыңнан астам бала мектепке бармайды. Сонда тәуелсіздіктің 20 жылында мемлекеттік тілден сынақты тек президенттік сайлауға қатысқысы келетін 50-ден астам адам ғана тапсырған болып
Жаcылдар партиясының лидері Еркін Бөлекбаев (сол жақта) және "Жаңы Кыргызстан" партиясының бас хатшысы Исмаил Исаков.

шығады. Басқа ешкім тапсырмайды. Яғни бізде мемлекеттік тілден сынақтың құны 100-500 сом деген сөз. Бұған мән беру керек. Егер тіл десе, онда оған дайындықтар алдын-ала, жүйелі түрде жүруі керек. Тек ұлты қазақ мен ғана емес, қырғыздардың өздері тапсыра алмайды.

«АДАМ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗУ»

– Сіз сынаққа кірерде «емтиханды тіпті қырғыз тілін білмейтін адам тапсыра алады» деп едіңіз. Қырғыз тілін қаншалықты білем деп ойлайсыз?

– «Қырғыз тілінде керемет сөйлеймін» деп айта алмаймын. Сондықтан да дауласқан жоқпын. Ал білген адамға оңай. Ол жерде өзіңнің бағдарламамыңды үш бетке жазуға тиіс болды. Бұл 15 минуттан артық уақыт алмайды. Оның алты минутында ауызша баяндап бердік. Екі бетке бағдарламамды жаздым. Оған 3-4 күн дайындалған едім. Яғни, алдын-ала жаттықтым. Одан кейін оқыдым. Оқыған кезде... Тіпті орысша сөйлегеннің өзінде кейде бірдеңені дұрыс айтпай қаласың, бір сөздің аяғын жеп қоясың. Бұл бүкіл әлемде солай ғой. Кейде тіпті сіздер де бір сөзді ұмытып кетулеріңіз мүмкін. Адамдар мүдіріп жатады. Адам табиғатынан солай. Ал ол жақта мүдірсең болды. Демек, бәрі бітті деген сөз. Шамамен осылай.

– Сонда комиссияның шешімімен келісіп отырсыз ба?

– Дауласудың өзі пайдасыз. Себебі оның бастапқы негізінде адам құқығын бұзу жатыр. Тәуелсіздік алған 20 жыл бойы қырғыз тілінен сынақты тек 60-70 адам ғана тапсырып жатыр. Бүгінгі күні қырғыз тілінен сынақты олар қойған талап бойынша елдегі тұрғындардың жартысы тапсыра алмайды деп ойлаймын. Яғни оқу ырғағы шарты бойынша... Қырғыз тілінде ірі түсіндірме сөздіктері жоқ. Онда басқа тілден енген кірме сөздер көп. Мысалы, «электроэнергетика» - бұл халықаралық тілден аударылмаған. Қырғыз тілін үйрене бастаған кезде «электрэнергетика ишқиналары» деген сөйлемді кездестірдім. Яғни «электроэнергетика» бұл шамамен «электр қуаты» болып аударылады. Ал аударған кезде мағына сапасы бірден жоғалып кетеді. Яғни көптілділік мәселесі бар.

«МЕНІ САЙЛАУҒА ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ШЫҒАРДЫ»

– Қыркүйектің басында бір топ қазақ интеллегенциясының сізге президенттік сайлауға қатысудан бас тартуы жөнінде өтініш айтып, ашық хат жазғаны туралы естідік. Хат авторларының пікірінше, этникалық қазақ сайлауға қатысса бұл Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасына селкеу түсіруі мүмкін екен. Бұл хатты қалай қабылдадыңыз?

– Бұл хатты ешкімнен алған жоқпын. Әйтсе де, сіздердегі guljan.org сайты хабарласып, хаттың мәтінін оқып берген. Мен сол кезде жауап бердім. Мұрат Әуезов Орталық комитеттің «кезекші» адамы еді, сол күйі қалған екен.

Қырғызстанның Жасылдар партиясы мүшелерінің 90 пайыздан астамы – қазақ емес, бәрі қырғыздар. Мені сайлауға шығарған да – солар. Бакиев
...мені сотқа тартқан президенттің өзі болатын, түрмеден дәл осы қырғыздардың өздері алып шықты.

режимі кезінде түрмеде отырған кезде мені сотқа тартқан президенттің өзі болатын, түрмеден дәл осы қырғыздардың өздері алып шықты. Әрине, ол жерде менің 5-6 жақын туысым да болды. Дегенмен түрмеден алып шыққан бірнеше мың адамның барлығы қырғыз болды. Мені қазақ та, тіпті диаспора да емес, қырғыздардың өздері сайлауға шығарды. Сондықтан үміткер болдым. Бұл мемлекетке басқа қырғыздардан кем еңбек сіңірдім деп ойламаймын.

Ал екі адам қырғыз тілін үйреніп шықты. Қазір олар қайда? Қашып жүр. Ақаев пен Бакиевті айтам. Академиктер.

Егер Қазақстанда да қазақтар қырғызды сайлауға шығарса, онда қуанар едім. Тек ол үшін еңбек сіңіру қажет.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Еркін Бөлекбаевтың сұқбаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
Жүктеп алу
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG