Accessibility links

Бішкекте өлгендерді қазақстандықпен байланыстырды


Бішкектегі антитеррорлық операция. Қырғызстан, 16 шілде 20154 жыл.
Бішкектегі антитеррорлық операция. Қырғызстан, 16 шілде 20154 жыл.

Қырғыз қауіпсіздік қызметі Бішкектегі антитеррорлық операцияларда өлген төрт терроршының өзін-өзі жарған қазақстандықпен байланысы бар екенін мәлімдеді.

Бейсенбі күні Бішкекте болған үш антитеррорлық операция барысында "халықаралық экстремистік ұйымның қарулы төрт адамының көзі жойылғаны" туралы хабарланды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) әзірге операциялар барысында қанша адам ұсталғанын айтпады. ҰҚМК өкілінің Азаттыққа берген мәліметі бойынша, қарулы топтың маусымда Қырғызстан түрмесінен қашып, шілдеде Бішкекте өткен ұстау операциясы кезінде өзін-өзі жарып жіберді делінген қазақстандық Альберт Абхинмен байланысы бар.

Бүгінгі операцияларда арнайы қызмет жасағының төрт сарбазы жараланған. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

ҰҚМК бір операция Бішкектің орталығындағы Панфилов пен Горький көшелерінің қиылысында, екінші операция ГЭС-5 ықшам ауданында, үшіншісі қаланың шетінде болғанын айтады. Алғашқы екі операция барысында атыс болып, күдікті төрт адамның көзі жойылған. Үшінші операцияда атыс болмаған.

Қырғыз билігі биыл маусымның 25-і күні түрмеден екі қазақстандық қашып шыққанын хабарлаған. Олардың бірі Альберт Абхиннің шілденің 1-і күні Бішкекте оны ұстау бойынша ұйымдастырылған арнайы операция кезінде жарылып өлгені туралы хабарланған.

Мұндай арнайы операцияларды сирек ұйымдастыратын Қырғызстанның қауіпсіздік күштері соңғы уақытта Сирия мен Ирактағы исламшыл содырларға қосылып жатқан ел азаматтарының саны көбейгеніне алаңдаулы. Бішкек аракідік соғыс аймағына аттанған діни радикалдарды шекарадан ұстағандары туралы хабар таратып тұрады.

Бішкектегі "антитеррор" операциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

  • 16x9 Image

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Айбек – Азаттықтың қазақша вебсайтындағы ньюсрайтері. 1986 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді тәмамдаған. Азаттықта 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

XS
SM
MD
LG