Accessibility links

«Назарбаев Университетінің» президенті Аслан Сәрінжіповпен онлайн-конференция аяқталды


Аслан Сәрінжіпов, "Назарбаев университетінің" президенті. Астана, 8 қазан 2010 жыл
Аслан Сәрінжіпов, "Назарбаев университетінің" президенті. Астана, 8 қазан 2010 жыл

Азаттық радиосының вебсайтында «Назарбаев Университеті» Акционерлік қоғамының президенті Аслан Сәрінжіповпен онлайн-конференция өтті. Қамтылып үлгірмеген сұрақтардың жауабы жұма күні қосымша жарияланбақ.


«Назарбаев Университеті» 2010 жылы маусым айының соңында ашылып, қыркүйек айында бүкіл Қазақстаннан 485 студент қабылданған еді.

Білім алу ақысы жағынан университет Қазақстандағы ең қымбат оқу мекемесі болып тұр: 2010-2011 оқу жылының бағасы 3,176,500 теңгеге немесе шамамен 21,500 АҚШ долларына тең.

Оқу мекемесінің президенті Аслан Сәрінжіпов мәлімдегендей, әзірше «Назарбаев Университетінің» дипломы тек Қазақстанның өз ішінде ғана қабылданады. «Халықаралық деңгейде қабылдануы үшін біз халықаралық тіркеуден өтуге ұмтыламыз», - дейді Сәрінжіпов.

«Назарбаев Университеті» түрлі көрсеткіш бойынша, оның ішінде "Шанхай рейтингісі" бойынша әлемнің ең үздік 10 университетінің қатарына қосылады деп жоспарланып отыр. Сәрінжіповтың сөзіне қарағанда, дүние жүзінің танымал 10 университеті «Назарбаев университетінің» әріптесі болып табылады.

Жаңа университеттің мақсаты – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға аттанатын қабілетті студенттерге дәл сондай жоғары сапалы білімді өз отанында беру.

«Астананың жаңа университеті» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі 2009 жылғы қазанның 17-і өткізген бірінші ашық мәжілісінде университеттің 2010-2012 жылдарға арналған Даму стратегиясын қабылдады. 2010 жылғы маусымның 7-і Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес, оқу мекемесінің атауы «Назарбаев Университеті» болып өзгертілді.

Университетте үш мектеп (факультет) – инженерия мектебі, жаратылыстану ғылымдары мен медицина мектептері жұмыс істейді деп көзделген. Ол мектептерде бакалавр бағдарламасы бойынша оқыту 2011 жылдан, магистратура – 2012 жылдан басталады. 2012 жылы магистратура және PhD бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік пен мемлекеттік саясат мектептерін ашу жоспарланған.

Парламентке «Назарбаев Университетінің» мәртебесі туралы» заң жобасы түсті. Университеттің дамуына мемлекеттік бюджеттен 13,5 миллиард теңге (91 миллион доллар), 2012 жылы 33 миллиард теңге (223 миллион долларов) және 2013 жылы 9 миллиард теңге (61 миллион доллар) бөлу қарастырылған.

Онлайн-конференция барысында орыс тілінде берілген жауаптарды мына жерден оқи аласыздар.
XS
SM
MD
LG