Accessibility links

Жаңатұрмыстағы сайлау туралы видеоға прокуратура жауап берді


Жаңатұрмыстағы заң бұзу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:59 0:00

Азаттық радиосының тілшісі Жаңатұрмыс ауылындағы №374 сайлау учаскесінде сайлау бюллетеньдерін дауыс беретін жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен түсіп, видеоға түсіріп алды. Қарасай ауданы, Алматы облысы. 15 қаңтар 2012 ж.

Биыл қаңтардың 15-інде өткен парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы кезінде Азаттық тілшісі Алматы маңындағы бір сайлау учаскесінде бюллетеньдерді жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен түсіп, болған жайтты видеоға жазып алған еді.


Сайлау учаскесіндегі «қарбалас» оқиғалар мен «Дауысымды «Нұр Отанға» бердім! Нан ұрсын!» деген адамдардың сөзі жазылып қалған видеоны «Сайлауды бақылау комитеті» Қарасай аудандық прокуратурасына жолдап, оқиғаның мән-жайын анықтап беруді сұраған екен.

Таяуда «Сайлауды бақылау комитеті» прокуратурадан келген жауапты Азаттық радиосына да жіберді.

«КӨЗІ НАШАР ӘЖЕ»

«Сайлауды бақылау комитетінің» мүшелері Бақытжан Төреғожина, Зәуреш Батталова, Ғалым Ағелеуовтің атына жолданған Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Айдос Кульбаевтың жауабында 374-сайлау учаскесінде болған
Қарасай аудандық прокуроры Айдос Кульбаевтың сайлауды бақылау комитетіне берген жауабы. Алматы облысы, 1 наурыз 2012 жыл.
Қарасай аудандық прокуроры Айдос Кульбаевтың сайлауды бақылау комитетіне берген жауабы. Алматы облысы, 1 наурыз 2012 жыл.
оқиғаны Қарасай аудандық прокуратурасы тексергені жайлы хабарланған (түпнұсқа құжаттағы адам аттары сол қалпынша берілді – ред.).

Қарасай ауданының прокуроры Кульбаев Азаттық тілшісі түсірген видеода сайлау жәшігіне бюллетеньдерді тобымен салып жатқан қыз сол орта мектептің мұғалимасы Қалиолданова екені анықталғанын айтады.

Прокурордың жазуына қарағанда, видеода «көзі нашар көретін үлкен кісілерге жәрдемдесіп тұрмын» деген қыз, «шынында да дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келген әжесі Р.С.Ниязованың бюллетенін салған».

«Бірақ бюллетенді өзі толтырған әжесі көзі нашар көретіндіктен М.Қалиолдановаға оны сайлау жәшігіне салуды өтінген. Дәл осы кезде тағы бірнеше қарт адам дауыс беруге келіп, олар да толтырған бюллетендерін сайлау жәшігіне салуды сұраған» деп түсіндіреді аудан прокуроры.

Прокурордың айтуына қарағанда арнайы шара қолдану барысында ол адамдардың екеуінің, яғни Бостанчиев пен Алиевтің аты-жөндерін анықтаудың сәті түскен. Бұл екеуі де өздерінің Қалиолдановаға барғанын растаған.

«САДДИННІҢ ҚАТЕСІ»

Прокуратура сонымен қатар видеода «Дауысымды «Нұр Отанға» бердім, нан ұрсын!» деген Саддин есімді Жаңатұрмыс ауылының тұрғынын анықтапты.
Прокурор Кульбаев «Ол, яғни Саддин Ахметов сайлау учаскесіне әйелі мен үш
Қарасай ауданының әкімдігі 01.06.2011
Қарасай ауданының әкімдігі 01.06.2011
ұлын ертіп келгені, олардың әрқайсысы бюллетеньді өз қолымен толтырып, кабинкадан шыққаннан кейін ғана оны жәшікке салу үшін Саддин Ахметовке бергені анықталды» деп жазады.

Саддин Ахметов прокуратураға берген жауабында «видеожазбада «өз туысқандарым үшін де дауыс бердім» деп қате жауап бергенін, сұрақты дұрыс түсінбегенін, өйткені қазақ тілінде нашар сөйлейтінін» айтқан.

«Сол сайлау учаскесіне «Нұр Отан» партиясының атынан бақылаушы ретінде барған Т.С.Алдажар сайлау күні аталған учаскеде сайлау заңын бұзатындай қандай да бір оқиға болмағанын айтты» деп жазған прокуратура, сондықтан бұл іске шара қолданатындай ешқандай негіз жоқтығын айтады.

«БІРІМІЗ - БӘРІМІЗ ҮШІН»

Қарасай ауданы прокурорының ресми түрде берген жауабындағы «заң бұзушылық болған жоқ» деген сөзіне қарамастан, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді топтап салу фактісі видеода анық аңғарылады.

Алайда «әжесі, атасы, баласы, әйелі, тағы бір туыстары үшін бірнеше адамның сайлау жәшігіне бюллетеньдерді топтап салуы» прокуратураның жауабына қарағанда, заң бұзу емес сияқты.
Әжесі нашар көретіндіктен М.Қалиолдановаға сайлау жәшігіне салуды өтінген. Дәл осы кезде бірнеше қарт адам толтырған бюллетендерін сайлау жәшігіне салуды сұраған.

Бюллетеньдегі кішкене жазуды оқи тұра сайлау жәшігінің аузын таппай қалатын, «көзі көрмейтін» ата-әжелердің қалай көбейіп кеткеніне, яғни прокуратура келтірген дәйектердің қаншалықты шындыққа жанасымды екеніне қатысты Азаттықта сайлау өткен күні жарияланған видеоны мұқият көргендер өздері ой түйе алады.

Жаңатұрмыстағы заң бұзу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:59 0:00
Видеода «Жаңатұрмыс ауылындағы сайлаушылардың 80 пайызы сауатсыз» деген әлдебір әйелдің дерегін тексеруді прокуратура қажет етпегенге ұқсайды. Тілші үшін бұл әйелдің де, дауыс беру жәшігіне бюллетень салып тұрған мұғалима Қалиолданованың да сайлау комиссиясының мүшесі екенін анықтау қиынға соққан еді.

Қаңтардың 15-і күні Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс ауылымен қатар, тағы да төрт ауылдағы сайлау учаскелерін аралап шыққан Азаттық тілшісі оның тек біреуінен ғана «Нұр Отан» партиясының екі бақылаушысын жолықтырды.
Жаңатұрмыс сайлаушыларының 80 пайызы сауатсыз

Азаттық тілшісі Жаңатұрмыстағы оқиғаны видеоға түсірген кезде де, одан кейінгі бір сағат ішінде де бақылаушыларға арналған орынның бос тұрғанын көрді. Осы оқиғаға орай бақылаушылардың пікірін алудың немесе болған оқиға жөнінде хаттама жазу жөнінде ұсыныс жасаудың еш сәті түспеді.

Азаттықтың бұл видеосы кейін жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең тарап кетті.
XS
SM
MD
LG