Accessibility links

АҚШ-та Джохар Царнаевтың соты басталады


Джохар Царнаев, Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті.
Джохар Царнаев, Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті.
АҚШ-тың Бостон округтік сотында Бостон марафонында болған жарылыстарға күдікті Джохар Царнаевтың соты 10 шілдеде басталады.

19 жастағы этникалық шешен Царнаевқа "қолдан жасалған бомбамен жарылыс жасап, үш адамды өлтірді және кейін өзін тұтқындау кезінде бір полицейді өлтірді" деген айып тағылған еді.

Оның ағасы, жарылысқа күдікті деп танылған Тамерлан Царнаев Бостондағы жарылыстан бірер күннен соң полициямен атыста оққа ұшқан.

Массачусетс Дартмаус университетінде Джохар Царнаевпен бірге оқыған әрі дос болған қазақстандық студенттер, "Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деп айыпталып қамауда отырған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау да шілде айында өтеді.

2013 жылы 15 сәуірде Бостонда марафоншылар мәреге жақындап қалғанда біріне соң бірі екі жарылыс болған. Жарылыстан үш адам қаза тауып, 264 адам жараланған. Царнаевтың кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG