Accessibility links

Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағын іздеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Malaysia Airlines компаниясының 239 жолаушысы бар, Boeing 777-200 ұшағын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

7 наурыз күні Boeing ұшағы диспетчерлер экранынан Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалып кеткен. Куала-Лумпур қаласынан Пекинге аттанған ұшақ екі сағаттан кейін хабарсыз кеткен.

Вьетнам мемлекеттік ақпарат құралдары сенбі күні таңертең ұшақтың Вьетнам жағалауының бірінде құлағанын хабарлаған еді.

Алайда Малайзияның көлік министрі Хишамуддин Хусейн Куала-Лумпурда 8 наурыз күні баспасөз мәслихатын өткізіп "қазіргі сәтте ұшақ туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұшақ туралы алдыңғы мәліметтер, соның ішінде, Вьетнам жағалауына құлады деген ақпарат та өтірік болып шықты" деген.

Қытай ұшақты іздеуге екі кеме жіберген.

Malaysia Airlines ұшақ пилотының тәжірибелі екенін, компанияда 1981 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтады. Ұшақтағы 227 жолаушы - Қытай азаматтары.
XS
SM
MD
LG