Accessibility links

Шулы құрылыс компаниясын кешіргісі келмейтін үлескерлер де бар


«Азбука жилья» үлескерлері сот алдында тұр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.
«Азбука жилья» үлескерлері сот алдында тұр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.

4 мыңға жуық үлескердің қаржысын ұрлады деп айыпталған «Азбука жилья» компания тобының 10 менеджері шартты мерзімге кесілуі мүмкін. Астанада компания мен жапа шегушілер келісімін қарау соты басталды.

Маусым айында қала прокуратурасы сотқа сотталушылардың айыбын мойындау туралы процессуалдық келісім берген.

«Азбука жилья» компаниясының дауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:33 0:00
Жүктеп алу

«Азбука жилья» компаниясының он менеджері өз айыптарын мойындады. Егер кесілім мақұлданса, үй салушылардың барлық активі Астана әкімдігі басқарушы компания ретінде бекіткен «Орда Инжиниринг» компаниясына өтеді, олар «Азбука жилья» салып бітпеген нысандарды аяқтауға міндетті. Прокуратура қызметкерінің айтуынша, тұрғын үй кешендерінің құрылысын тездетудің жалғыз жолы осы ғана.

Астана қаласы Алматы аудандық 2-сотының судьясы Айжан Құлбаеваның айтуынша, қазіргі кезде іс бойынша 109 жапа шегуші бар. «Азбука жилья» үлескерлерінің сөзінше, негізінде жапа шегушілер саны көп – 4 мыңға жуық. Олар – «Садовые кварталы», «Expo City», «Expo Town», «Айсанам De Luxe», «Комфорт De Luxe», «Комсомольский», «Гарант», «Жетi жол» және «Династия» кешендерінің құрылысына қаржы салған Қазақстанның әртүрлі аудандарының тұрғындары.

Үлескерлердің бір бөлігі пәтерін 2014 жылы алуға тиіс болған, бірақ кейбір кешендерде құрылыс әлі басталмапты, ал басқалары 30-40 пайыз ғана дайын. Шілденің 13-і күні осы іс бойынша ашылған сот отырысын келесі аптаға қалдырды. Келісу әрекетін құптамайтын үлескерлер де бар екен.

ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ

«Комфорт De Luxe» кешеніндегі сегіз үлескердің мүддесін ұсынатын заңгер Қайрат Есімжановтың айтуынша, оның клиенттері ресми түрде жапа шегушілер деп танылмаған. Сотта келісу рәсімі басталғанын олар кездейсоқ білді және қазір өздерін жапа шегушілер санатына қосу үшін шағым түсірді.

– Біз оларды босатып жібереді деп қауіптенеміз. Ал үйді кім салып бітіреді? Ең бастысы – пәтерді немесе девальвацияны ескере отырып ақшасын алу, – дейді заңгер Есімжанов.

Ол клиенттерінің әлеуметтік жағдайы төмен топ екенін, зейнеткерлер мен кішкентай балалы отбасылар бар екенін айтады. Олар Астанада салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу үшін пәтерлерін сатқан, кейбірі банктен несие алған. Қазір бәрі туыстарының үйінде немесе жалға алған пәтерде тұрады және қолдарына тимеген үйдің ақшасын төлеп келеді.

«Азбука жилья» үлескерлері сотта тұр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.
«Азбука жилья» үлескерлері сотта тұр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.

«Айсанам De Luxe» кешенінің үлескері Дидар Қарымсақов Азаттыққа «Азбуки жилья» компаниясының өткізілетін активтері шетке шығарылмайтынына кепілдік жоқ дейді, «себебі келісу шартына қол қоюда ашықтық пен жариялық жоқ».

Ол бұл рәсім қылмыстық-процессуалдық кодексті бұзумен өтіп жатыр деп санайды. Оның пікірінше, кем дегенде бір жапа шегуші қарсы болса, бұндай процессуалдық шешімді сот бекітіп, қарамауы керек.

– Жүзден астам жапа шегуші өздеріне айтпай сотқа осындай шешім түскенін білгенде шағым жазды. Бірақ оны әзірге қараған жоқ, себебі ол адамдардың мәртебесі анықталмады, жапа шегуші деп тану туралы қаулы әлі сотқа жетпеді. Сот істі бұл қаулысыз қарауға шешім қабылдады, – дейді Дидар Қарымсақов.

Оның айтуынша, кейбір адамдарға қысым жасалып, шағымнан бас тартуды талап еткен.

Біздің басты мақсатымыз – сотталушыларды жазалау емес, пәтерімізді алу.

– Біздің басты мақсатымыз – сотталушыларды жазалау емес, пәтерімізді алу. Қазір үшінші компания – «Орда Инжиниринг» бар, олар тергеу кезінде тұтқындалған барлық активті өздеріне алды. Сотталушылар процессуалдық келісім бойынша шартты мерзімін алған соң активтің бәрі сонда кетеді, олар бізге тұрғын үй кешенін бітіріп береміз деп уәде етті. Біз олардан құжаттама мен тәжірибені, қаржылық жағдайын көрсетуді сұрадық, бірақ ол өтініш жерде қалды. Барлығы заңмен жасалса дейміз. «Азбуки жилья» жетекшілері бұл компаниямен шартқа отырып, активті тек соларға береміз депті, соның өзі күмән тудырады», – дейді Дидар Қарымсақов.

Үлестік құрылысқа қаржы салғандардың ішінде келісім өндірісін құптайтындар да бар. Кейбір салынбаған нысанның инвесторлары «бұл келісу рәсімі әдейі созылып жатыр, активті бермейді» дейді. Олар активті үшінші құрылыс компаниясына неғұрлым тез берсе, соғұрлым тез пәтерімізді аламыз деп санайды.

«Азбука жилья» үлескерлерінің адвокаттары сотта отыр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.
«Азбука жилья» үлескерлерінің адвокаттары сотта отыр. Астана, 13 шілде 2016 жыл.

Сотта тыңдауды шілденің 18-іне қалған соң «Азбуки жилья» үлескерлерінің бірқатары журналистерге наразы болды. Олар пікір білдіруден бас тартып, БАҚ жағдайды дұрыс бермей жатыр деп айыптады.

Сот ісі жапа шегушілерден жаңа шағым түскендіктен тоқтады. Прокурор Жәнібек Аралбаевтың айтуынша, ішкі істер министрлігіне жапа шегушілер тізімінің көшірмесін ұсыну туралы сұрау жіберілген. Бұрын сотты үлескерлердің бірқатары жапа шегушілер тізімінде болмағандықтан шегерген еді.

БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕДІ

Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі «Орда Инжиниринг» компаниясы «нысандардың бір бөлігін салып беруге кіріседі» деген. Қала әкімі орынбасары Сергей Хорошун журналистерге Астана билігі «Азбуки жилья» компания тобы үшін нысандарды салып бітіруге тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастыруға көмектеседі де мәлімдеді.

Астана әкімдігінде «Азбуки жильяның» салынбаған нысандары мәселесін шешу бойынша мекемеаралық комиссия құрды. Ол жерде тұрғын үй- құрылыс кооперативтерін (ТҚК) жасауды ұсынып, үй салушыдан активтерді қабылдап, үйді салып бітіретін «Орда Инжиниринг» компаниясын жетекші ретінде бекітті.

Бірақ тағы бір мәселе туындады, жапа шегушілермен үлестік қатысу және инвестициялауға қатысты түрді шарттар жасалды. Жапа шегушілердің айтуынша, соңғысы заңмен реттелмейді, себебі азаматтық-құқық қатынасы болып есептеледі. Үлескерлердің айтуынша, құрылған ТҚК-ге «Азбуки жилья» үлес қосқан нысандарының ішінде кірмей қалғаны бар.

Маусым айында «Айсанам De Luxe» ТҚК кешенінің мүшелері қылмыстық іс бойынша жапа шегуші ретінде ішкі істер министрлігі, қалалық және бас прокуратураға жазбаша мәлімдеме жасады. Олар процессуалдық келісім жасауға келіспейтіндерін айтты және оған қол қою үшін шарттарын атады.

Бірақ, жұрттың айтуынша, «тізімде барлық жапа шегушілер қамтылмаса да, процессуалдық келісім қылмыстық-процессуалдық кодексті және жапа шегушілердің заңды құқығы мен мүдделерін бұзу арқылы жасалған және сотқа жіберілген».

«Азбуки жилья» компаниялар тобының жетекшісі Ерқанат Тайжанов мәжіліс депутаты кезінде. Астана, 3 желтоқсан 2008 жыл.
«Азбуки жилья» компаниялар тобының жетекшісі Ерқанат Тайжанов мәжіліс депутаты кезінде. Астана, 3 желтоқсан 2008 жыл.

Ірі мөлшерде қаржы ұрлау жайлы қылмыстық ісі тергеліп жатқанда – биыл мамыр айында «Азбуки жилья» компаниялар тобының жетекшісі Ерқанат Тайжанов Австрияда ұсталды. Оның қылмыстың ісі жеке іс ретінде жүреді. Тайжанов өткен жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Оған үлескерлердің 40 миллион теңгеден астам сомасын әдейі және заңсыз иеленді деген айыппен қамауға алу туралы бұйрық шыққан. Ерқанат Тайжанов бұрын Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болып, 2008 жылы өкілеттіктен бас тартқан.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG