Accessibility links

Қазақ азаматы Қырғызстанда терроризм күдігіне ілінді


Қырғызстанда терроризмге байланысты сотқа тартылған азаматтар. Ош, 21 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда терроризмге байланысты сотқа тартылған азаматтар. Ош, 21 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қырғызстандағы террорлық істерге қатысы бар деген күдікпен 2012 жылдың қаңтарында Чүй облысынан ұсталған Қазақстан азаматы Ахатов жақында қазақстандық күш құрылымдарына қайтарылды» деп хабарлады сейсенбі күні Қырғызстан мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

Бұл мекеменің баспасөз өкілі Нұрлан Тоқталиевтің айтуынша, Ерлан Ахатовқа террорлық әрекетке қатысы бар деген күдікпен Қазақстан да іздеу жариялаған.

– Қырғызстан жерінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған Ақатов Қазақстанмен арадағы келісім негізінде әрі өз елінде іздеуде жүргендіктен, қазақстандық әріптестерімізге тапсырылды, – деді қырғыз ҰҚК өкілі.

Оның айтуынша, қазақстандық Ерлан Ахатов ресейлік Тимур Карасов құрған террорлық топқа мүше болған.

«ЖАЙШУЛЬ МАХДИ» ТОБЫ

Осы аптада Бішкек қаласы Первомайский сотының үкімімен Ресей азаматы Карасов 4 жылға түрмеге жабылды. Ол «Қырғызстан территориясында астыртын террорлық топ құрған, заңсыз қару-жарақ пен жарылғыш заттар сақтап, жалған құжаттар жасаған» деп айыпталды.

Қырғыз ҰҚК-сінің деректеріне қарағанда, Карасов халықаралық террорлық ұйымдардың құрамында болған. Ол 2011 жылы Ауғанстандағы террорлық топтың арнайы дайындығынан өткен. Сол жылдың желтоқсанында Карасов «Жайшуль Қырғыз антитеррорлық қызметінің жаттығуы. Бішкек, 19 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғыз антитеррорлық қызметінің жаттығуы. Бішкек, 19 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Махди» тобының іздеуде жүрген мүшесі Қайрат Салиевтің ұсынысымен Қырғызстанға келген. Карасовтың Бішкекке келуінен кейін, астыртын жұмыс істеп жүрген қырғызстандық экстремистік топтардың белсенділігі артқан. Олардың қатарында ақпан айында арнайы күштердің қолына түскен Данияр Қадыралиев те болған.

– ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған Қадыралиевтің жанында жарылғыш заттар мен қарулар болды, – дейді Қырғызстан ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Нұрлан Тоқталиев.

Оның айтуынша, шетелдегі террорлық ұйымдардың тапсырмасымен Қырғызстанға келген бұл азаматтар басқа да терроршыларды тартуды жоспарлаған.

Қазір Қырғызстанда «Жайшуль Махди» тобының мүшесі деген күдікке ілінген бірнеше адам тергеліп жатыр.

«Жайшуль Махди» тобы соңғы жылдары Қырғызстандағы жарылыстарға жауапты болған.

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БІРГЕ КҮРЕСУІ КЕРЕК»

Өткен жылы Тараздағы террорлық шабуылдан кейін Бішкек терроризмге қарсы күресін күшейте түскен. «Қазақстандағы террорлық жарылыстарға жауапкершілікті Полицей террорлық шабуылдан кейін табылған қаруды тексеріп жатыр. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Полицей террорлық шабуылдан кейін табылған қаруды тексеріп жатыр. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

алған «Халифат сарбаздары» ұйымы мен Қырғызстандағы «Жайшуль Махди» тобының ұстанымдары бірдей және екеуі де Ауғанстаннан шыққан» дейді қырғызстандық бақылаушылар».

Қырғызстандық сарапшы Талант Разаковтың ойынша, ол екі ұйымның «ислам дінін жамылып, әрекет етуі Орталық Азия елдерін бірлесе күресуге шақырып отыр».

– Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан көрші мемлекеттер болғандықтан, халықаралық террористер бұл өңірге Орталық Азия аймағы ретінде қарайды. Ислам дінін жамылған олар «бұл өңірде тұтас ислам халифатын құрамыз» деседі. Сондықтан Орталық Азия елдері діни экстремистермен бірлесіп күресуі қажет, – дейді сарапшы Талант Разаков.

Оның пікірінше, «халықтың дінге бет бұра бастауын өз мақсатына пайдаланған экстремистік топтар заң алдында жауап беруі керек».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG