Accessibility links

Батыс лоббистері диктаторлардың айыбын жуып-шаяды


Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр шетел инвесторлары кеңесінің мәжілісіне қатысып отыр. Астана, 18 мамыр 2011 ж.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр шетел инвесторлары кеңесінің мәжілісіне қатысып отыр. Астана, 18 мамыр 2011 ж.

Авторитарлық режимдердің репутациясын қорғаштаған науқан қыза түсті. Қоғамдық пікірді өздеріне оңтайландыру үшін лоббистер неғұрлым қитұрқы әдіс-тәсілдерге жүгінеді. Олар кез-келген сынның бетін қайтаруға дайын. Тіпті бала еңбегін қанағандарды да ақтап шыға алады.

«Белл Порттингер» фирмасының лоббистері Google және Wikipedia интернет-қорларында мақалаларды сұрыптай алатынын айтып мақтанады. Сонда олар клиент жайлы келеңсіз ақпаратты алып тастап отырады екен. Ұлыбританиядағы ірі пиар-компаниялардың бірі – «Белл Порттингердің» британдық пиаршы лорд Тимоти Бэллге қатысы бар. Ол Маргарет Тэтчердің кеңесшісі болған кезде үш бірдей сайлау науқанына қатысып аты шықты.

Кез-келген жексұрын клиенттің имиджін қалай ебін тауып «түзетуге» болатыны жайлы жарнама лоббистердің өзбек үкіметінің жалған өкілдерімен кездесулері кезінде айтылды. Ақиқатында бұл «Журналистік зерттеулер бюросының» репортерлері болған еді.

Журналистер Ұлыбританиямен арадағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін деген желеумен инвесторлар түрінде өзбек үкіметінің мүдделерін қорғап жүрген пиаршыларға жүгінді. 2011 жылы маусым мен шілдеде екі кездесу болып өтті, Кездесулер жасырын камераға түсірілді.

ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕ СЫННЫҢ БЕТІН ҚАЙТАРАДЫ

Бүркеме іскерлер мақта жинау кезіндегі бала еңбегін пайдалануға байланысты сыналған Өзбекстанның репутациясын оңдауға мүдделі болды. Лоббистер ұнамды имидж жасауға көмектесуге даярлықтарын білдірді. Олар адам құқықтары бұзылып отыратын ел үкіметіне қызмет көрсетіп отыруға қуана-қуана келісті. Бірақ сөйте тұра пиаршылар келесідей шарт ұсынды: клиент ең болмағанда ресми түрде реформалар мен либерализацияның басталғаны туралы жария етуге тиісті.

«Біреулер „Өзбек балаларының еңбегі“ немесе „Өзбекстандағы адам құқықтарының бұзылу жайттары“ дегенді теріп іздеп жататын кезге де жетерсіздер, сонда осы тақырыпқа қатысты алғашқы материалдар мұның қаншалықты сұмдық екені жайлы құр сын ғана емес, сіздердің амал қолданып, жағдайды жақсартып жатқандарыңыз туралы хабарлайтын болады», – деді осы кездесуде өздерінің зерттеу жұмысы Ферғана жазығындағы мақта алқабында жұмыс істеп жүрген балалар. Өзбекстан, 24 қыркүйек 2011 ж.

Ферғана жазығындағы мақта алқабында жұмыс істеп жүрген балалар. Өзбекстан, 24 қыркүйек 2011 ж.

үшін репортер ретінде көрсеткен «Белл Порттингер» фирмасының жетекші қызметкерлерінің бірі Тим Колинз.

«Бізде қара магияның барлық түрі бар», – дейді тәжірибелі лоббист. Ол әуелде беделді саясаткер-консерватор Маргарет Тэтчердің спичрайтері, сосын тағы бір британдық премьер – Джон Мейджордың баспасөз-хатшысы болған.

«Белл Порттингер» пиар-компаниясының қызметкерлерінің тұсаукесерінде олардың Беларусь президенті Александр Лукашенкоға, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Ющенкоға және бір кездері сайлау алды кампаниясы тұсында – Борис Ельцинге қызмет көрсеткендері айтылған.

Independent («Индепендент») газетінің ақпараты бойынша, «Белл Порттингердің» пиаршылары Беларусьтің реформалар бағытына түскеніне Еуроодақтың көзін жеткізуге көмектескен. Еуропа одағы Белоруссия президенті Александр Лукашенконың келіп-кетуіне қатысты тыйымды да жойды. Бірақ ел байырғы қалпына қайта оралды. Бұл жайлы белорусь оппозициясының лидерлері мен белсенділерін қуғынға ұшырату жайттары айғақтайды. "Елге қарсы санкциялар қайта қалпына келтірілді, «Белл Порттингер» Беларусь билігімен істес болуын қойды" деп жазады Independent.

ЛОББИСТЕР – БҰРЫНҒЫ МИНИСТРЛЕР

Төрт жыл бұрын америкалық журналист Кен Сильверстен Түркіменстан үкіметінің агентімін деп, вашингтондық лоббистерге жүгінді. Ол кейін пиар-фирмалардың бір-бірімен қалай бәсекелескенін сипаттап берді. Осылайша олар диктаторлық режимнің имиджін жақсартуға тапсырыс алмақ болған. АҚШ конгресінің мүшелерімен байланыс орнатып, баспасөзде Түркіменстанды жағымды етіп көрсетуді уәде еткен.

Әлдекімнің мүдделеріне өкілдік етіп, қорғауда, пиар-кампанияларда және имидж жасауда тұрған өрескел ештеңе жоқ. Бірақ батыс жұртшылығында бұл процестерді қоғам бақыласын деп үндеп жатыр.

АҚШ-та шетелдік үкіметтерге қызмет көрсетуші лоббистер, клиенттермен жасасқан келісім-шарттарды жариялауға міндетті. Оған қоса олар өздерінің саясаткерлермен не БАҚ-пен неліктен байланыс жасап отырғандарын хабарлап отыруға тиісті. Ұлыбританияда мұндай заң жоқ. Сондықтан британдық пиар-фирмалар бұл жағдайды өзгертпек кез-келген жоспарларға ашықтан-ашық қарсылық көрсетіп отыр.

Лондон - бұрыннан-ақ жексұрын режимдердің имиджін жуып-шаю жөніндегі халықаралық орталық ретінде танымал. Лоббистік фирмалар беделін сақтаған, Темза өзені, Лондон. (Көрнекі сурет)

Темза өзені, Лондон. (Көрнекі сурет)

таныстары бар бұрынғы саясаткерлерді баурайды.

«Белл Порттингердің» жетекші қызметкері Дэвид Ричмонд – ертеде сыртқы барлау және қауіпсіздік басқармасын басқарған Таяу Шығыс жөніндегі маман.

Өзбекстанға қатысты журналистік зерттеуге сәйкес, оның мәлімдеуінше, репутацияны реттеу бойынша жұмыстан бұрын елдегі ахуалдың жақсара бастауы тиіс. «Бұл процестің қаншалықты баяу екені маңызды емес, әйткенмен ол тоқтап қалмауы тиіс», – деді ол.

Өзбекстанға қатысты жағдайда пиаршылар Wikipedia-дағы мақалаларды түзетуге сөз берді. Бірақ «түзеу» пернесін басып, мұны кез-келген адам істей алады.

Ұлыбританияның қазіргі премьер-министрі Дэвид Кэмерон консерваторлар партиясының лидері болып сайланғанда, лобби мәселесімен күресетінін мәлімдеді. Ол былтыр Ұлыбритания саясаткерлері саясат, мемлекет, кәсіпкерлік пен ақша арасындағы тым тығыз қарым-қатынас жасап, дауға ұшырап, беделдеріне дақ түсірді, осы мәселені қозғау керек деп мәлімдеген еді.

ҚАЗАҚСТАН ЛОББИСТЕРІ

Ұлыбритания баспасөзі жариялылыққа (транспаренттілікке) қарсы беделді адамдардың бірі ретінде бұрынғы премьер-министр Тони Блэрді атайды. Өзінің ғұмырнамасында ол ақпарат еркіндігін ең үлкен қателердің бірі деп есептейтінін ұқтырды деп жазды Financial Times («Файнэншл таймс») газеті.

Тони Блэр 2007 жылы маусымда Даунинг-стриттен кеткелі, түрлі мағлұматтар бойынша, 20-50 миллион фунт стерлингке тең пайда тапқан.

Енді Тони Блэрдің өз бизнесі бар. Ол түрлі елдерге, соның ішінде Қазақстан үкіметіне де консультациялық қызмет көрсетеді. Ресми мәлімдеме бойынша Тони Блэрдің консультациялық тобы Қазақстан үкіметіне экономикалық реформаларды жүргізуге және оның Батыстағы позицияларын жақсартуға болысады. Оның баспасөз хатшысы Тони Блэрдің бұл үшін ақша алмайтынын айтады. Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев баспасөзде мәлімдегендей, Блэр Қазақстанға тек экономикалық емес, саяси мәселелер жөнінде де консультация береді.

Тони Блэр Қазақстанға бірнеше рет келіп кетті. Былтыр ол Астанада өткен шетел инвесторлары кеңесінің мәжілісіне қатысты. Тони Блэр өткен жылы қарашада президент Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездесті. Кейін олардың Қазақстан экономикасын модернизациялау бағдарламасын талқылағандары мәлім болды.

Қазақстан өзінің шетелдегі имиджіне қатты назар аударып отыр. Сол үшін жарнама мен жетекші батыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы пиар-кампанияларға миллиондаған доллар жұмсайды. Қазақстанның жағымды имиджін ілгері бастыруға арналған бүтін бір ведомство – сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті құрылған. Кейде оның төңірегінде комитеттің топ-шенеуніктеріне қарсы бюджет ақшасын мақсатсыз пайдаланған деген айыптарға байланысты жанжал туып отырады.

Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко осы ретте бұрынғы серіктесі Томас Кромвель тарапынан айыпталып отыр. Кромвель Қазақстанның жетістіктері жайлы ЕҚЫҰ саммитіне Қарағандының Шет ауданынан арнайы шақырылған құсбегі Дархан Төребаев қыран құсымен бірге. Астана, 1 желтоқсан 2010 ж.

ЕҚЫҰ саммитіне Қарағандының Шет ауданынан арнайы шақырылған құсбегі Дархан Төребаев қыран құсымен бірге. Астана, 1 желтоқсан 2010 ж.

жаңалық шығарып отырған Universal Newswires сайтының иесі (тамызға дейін Central Asia Newswire деп аталған) болып табылады. Ол Роман Василенкоға енді кипрлық Савас Хаджикирияку қожалық ететін «Коуст ту Коуст» компаниясының мүддесін қорғап отырғанын айтады.

Томас Кромвель 2011 жылы Қазақстан сыртқы істер министрінің аталған комитеті осы фирмамен бірнеше миллион долларға татитын келісім-шартқа қол қойды деп нық сеніммен айтып отыр.

Роман Василенко жарнамаға бөлінген ақшаны игеру бойынша өзіне және Қазақстан шенеуніктеріне тағылған айыптың бәрін мойындамай отыр.

– Томас Кромвельдің мақаласында ешбір нақты факт жоқ. Кромвель мырза өмірге қатты өкпелі адам болуы керек, ол іскерлік қателіктерінің кінәсін өзге адамдардың мойнына аудара салмақ. Бұл арадағы жалғыз мәселе – екі бұрынғы серіктес, Кромвель мырза мен Хаджикирияку мырза, қазіргі уақытта өздерінің дау-дамайларын өзара сот ретімен шешіп жатыр. Өздерінің дау-дамайларын олардың дәл өздері шешуге тиісті. Оның үкімет шенеуніктеріне таққан айыптары мүлде жөнсіз әрі қисынсыз, – дейді Роман Василенко Азаттық радиосына берген түсінігінде.

Биыл қыркүйекте Кромвель Хаджикириякуға қарсы Кипр сотына арыз берді. Сот істі қарап жатыр.

Қоғам бақылай алмайтын жасырын лобби ісінің қайда апарып тірейтінін ұлыбританиядағылар түсінеді. Жоғарғы билік лоббистік компанияны құптап жатқанда, жемқорлықтықтың төркінін байқау қиын емес деп есептейді Independent газетінің журналистері.

Батыс баспасөзінде «Белл Порттингер» сияқты фирмалардың қызметін бақылауды күшейтіп, оны мейлінше жариялы етуге деген үндеулер ғана шығып жатқан жоқ. Сонымен бірге саясаткерлерді халықаралық лоббистер және пиаршылармен болған барлық кездесулері жайлы есеп беруге міндеттеуді талап етіп жатыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG