Accessibility links

Лондонда қазақ жанкүйерлері желпініп жүр


Қазақстанды олимпиадалық ойындарда "KAZ" деген белгімен таниды. Суретте қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов пен Швед спортшысы Саломо Нтуве. Лондон, 30 маусым 2012 жыл.

Қазақстанды олимпиадалық ойындарда "KAZ" деген белгімен таниды. Суретте қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов пен Швед спортшысы Саломо Нтуве. Лондон, 30 маусым 2012 жыл.

Майя Манеза чемпион болған күні Лондондағы "қазақ ауылында" тағы да жиын өтті. Бұл маслихатта Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев «бес алтын аламыз» деп мәлімдеме жасады.

Лондонда жүрген белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, олимпиададағы қазақ ауылында күнде той.
Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза (ортада) олимпиада тұғырында алтын алып тұр. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза (ортада) олимпиада тұғырында алтын алып тұр. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.


- Лондондағы қазақ ауылына жиналушылар көп. Лондонда оқып жатқан студенттер, Ұлыбританияда тұрып жатқан қазақтар, осы елдегі қазақ қауымдастығының өкілдері ауылға келіп, спортшыларымызбен жүздесіп, құттықтап жатыр. Алтын алған үш чемпионымыз да ауылға келді. Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев алдағы уақытта қазақ ауылында тағы да жиындар өтетінін мәлімдеді. Төраға «Бұл жолы «бес алтын» деп отырмыз. Ендігі жиында алға қойған алтынымыздың санын тағы өсірейік» деді. Қазақ ауылына жиналу ерекше дәстүрге айналды, - деді ол.

Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, Лондонда қазақ спортшыларын қолдауға келген жанкүйерлердің саны көп.

- Лондонда қазақ жанкүйерлері көп. «Болашақ» бағдарламасының студенттері мен Қазақстаннан келген жанкүйерлер спортшыларға тамаша қолдау көрсетіп жатыр. Үш алтын алған соң, қазақ жанкүйерлері Лондонда жоғары құрметке ие болды. Көшедегі туристер мен ағылшын полицейлері көк жейделі қазақ жанкүйерлерімен суретке түсіп жататын болды. Барлығы Қазақстанның жеңісіне таңғалып жатыр. Үш алтынның арқасында Қазақстан жанкүйерлері Лондонда құрметке бөленді, - деді ардагер журналист.
Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. Сурет жеке мұрағаттан алынды.


Майя Манезаның жеңісінен кейін Ресей ауыр атлетика федерациясының президенті Сергей Сырцов "қазақ ауылына" арнайы келіп, «жеңістің таза әрі әділ» екенін айтқан. Несіп Жүнісбаев:

- Сырцов «Бұл - заңды нәтиже. Қазақстан жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз» деді, - деді.

Оның айтуынша, басқа елдің журналистері де Қазақстан спортшыларының жеңісіне таңдай қаққан.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG