Accessibility links

Грек-рим күресі бойынша жалғыз жүлде тиді


Лондонда белдескен олимпиадашы балуандар. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Лондонда белдескен олимпиадашы балуандар. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Тамыздың 7-сі күнгі олимпиада жарыстарында қазақстандық спортшылар жүлде алмады. Олимпиада тұғырына шығады деген грек-рим күресінің балуаны Дархан Баяхметов жанкүйерлер үмітін ақтамады.

Баяхметов (66 килограмм) бірінші белдесуінде сербиялық Александр Максимовичті ұтқанымен, екінші кездесуінде литвалық Эдгарас Венсткайтустен ұтылды. Пекин олимпиадасында екі қола (Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов) алған грек-рим күресінің шеберлері бұл жолы бар болғаны бір қоланы қанағат тұтты (Даниал Дархан Баяхметов Алматыдағы жаттығу жиынында (көк киімді). Алматы, 15 маусым 2012 жыл.

Дархан Баяхметов Алматыдағы жаттығу жиынында (көк киімді). Алматы, 15 маусым 2012 жыл.

Гаджиев). Ал олимпиада алдында балуандардың бас бапкері Мұратбек Қасымханов «Бір алтын, бір қола жүлде алуға міндеттіміз» деген еді.

Бокстан Серік Сәпиев венесуэлалық Габриэль Маэстрэ Пересті (Венесуэла) ұтып (20:9), жартылай финалға шықты. Сәпиев енді жартылай финалда ресейлік Андрей Замковоймен жұдырықтасады. Екеуі осыған дейін екі рет кездесіп, бірін-бірі алма-кезек ұтқан екен.

Байдарка және каноэ есуден Наталья Сергеева «В» тобында 500 метрлік ескек есу жарысының финалына шықты. «В» тобында олимпиада жүлдесі сарапқа салынбайды. Спортшылар 9-16-орындарға таласады.

Жеңіл атлетикадан ұзындыққа секіруден іріктеуге қатысқан Евгений Эктов 16 метр 31 сантиметрге қарғып, 19-орын алды. Ал Роман Валиев 16 метр 23 сантиметрге секіріп, 21-орыннан көрінді. Екі спортшы да финалға шыға алмады.

Ал 100 метрге жүгіруден Вячеслав Муравьев 55 спортшының ішінен 50-орын алып, жарыстан шығып қалды. Муревьев әлем рекордшысы, үш дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болтпен (Ямайка) бір топта жарысты. Болт финалға шықты.

Жалпыкомандалық есепте 34 алтын алған Қытай құрамасы бірінші орында тұр. АҚШ-тың қоржынында 30 алтын – екінші орын. Ұлыбритания 22 алтымен үшінші орында келе жатыр. Қазақстан алты алтын, бір қола жүлдемен тоғызыншы тұр. Бүгінге дейін олимпиада медалін 73 елдің өкілдері алып үлгерді.

Тамыздың 8-і күні сағат түскі екіде таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев (58 килограмм) даянға (таэквондо жарысы өтетін кілем) шығады.

Кешкі сағат алтыда басталатын бокс іріктеулерінде Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов ширек финалдағы кездесулерін өткізеді. Марина Вольнова жартылай финалдағы кездесуіне шығады.

Сонымен қатар кешкі сағат алтыда әйелдердің еркін күресі басталады. Бұл жарысқа Қазақстан атынан Жұлдыз Ишимова (48 килограмм) мен Елена Шалыгина (63 килограмм) шығады. Егер олар үш белдесуді ұтса, төртінші кездесуде жүлденің тағдыры шешіледі. Жеңімпаздар да тамыздың 8-і күні анықталады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG