Accessibility links

Қазақ спортшыларының кестесі: 1-2 тамыз


Дзюдодан әлем чемпионы, қазақстандық Максим Раков Лондон олимпиадасына дайындалып жатыр. Алматы, 3 сәуір 2012 жыл.

Дзюдодан әлем чемпионы, қазақстандық Максим Раков Лондон олимпиадасына дайындалып жатыр. Алматы, 3 сәуір 2012 жыл.

Назарларыңызға тамыздың 1-і мен 2-сі күндері күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін ұсынамыз.

1 ТАМЫЗ

Бұл күні Астана уақыты бойынша кешкі 18.30-да бокстан 56 килограмм салмақ дәрежесінде Қанат Әбутәліпов Лондондағы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы – Джон Джое Қазақстандық боксшы Қанат Әбутәліпов (қызыл) сириялық боксшы Вессам Сламанамен (көк) кездесті. Лондон, 28 маусым 2012 жыл.

Қазақстандық боксшы Қанат Әбутәліпов (қызыл) сириялық боксшы Вессам Сламанамен (көк) кездесті. Лондон, 28 маусым 2012 жыл.

Невин (Ирландия).

Алматы уақыты бойынша, тамыздың 1-нен 2-сіне ауған түні сағат 01.30-да аса ауыр салмақтағы Қазақстан боксшысы Иван Дычко Эрик Пфейфермен (Германия) рингке шығады (Бұл кездесу олимпиада кестесінде Лондон уақытымен тамыздың 1-і деп белгіленген).

Түскі сағат екіде семсерлесуден Элмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин және Юлия Живица жарысқа түседі. Семсерлесуден жүлделер осы күні сарапқа салынады.

Дзюдодан 90 килограмм салмақтағы Тимур Болат 14.30-да татамиге шығады. Алғашқы қарсыласы - египеттік Хещам Мезбах.

Ал 18.15-те велоспорттан Александр Винокуров пен Асан Базаев жекелей жарысқа қатысып, медальға таласады.

200 метрге шалқалап жүзуден жарысқа шығатын Александр Тарабрин іріктеу жарысын бастайды.

Ал 20.30-да ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова жарысқа шығады.

2 ТАМЫЗ

Астана уақыты бойынша 18.30-да 60 килограмдағы боксшы Ғани Жайлауов үндістандық Джаи Вхагванмен жұдырықтасады.

Түскі сағат екіде дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков татамиге шығып, жүлдеге таласады. Бірінші қарсыласы - әзірбайжандық Елмар Гасимов.

Осы күні су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Грекия командасымен кездеседі.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG