Accessibility links

Каддафидің режимі құлауға жақын, ұлы - тұтқында


Көтерілісшілердің жеңісін тойлап жатқан халық. Триполи, 22 тамыз 2011 жыл

Көтерілісшілердің жеңісін тойлап жатқан халық. Триполи, 22 тамыз 2011 жыл

Өткен аптаның соңына қарай үкімет әскерін тықсыра бастаған ливиялық көтерілісшілер Триполи қаласын біржола алуға жақын қалды. Осылайша 42 жылға созылған Муаммар Каддафидің билігі құлаудың аз-ақ алдында тұр.


Алты айға созылған қарулы қақтығыс кезінде ливиялық көтерілісшілер басым болып шықты. Тамыздың 22-сіне қараған түні Триполиге кірген Каддафидің қарсыластары қаланың қақ ортасындағы Жасыл алаңды басып алған.

Көтерілісшілердің айтуынша, қаланың әр тұсында оларға қарсыласып жатқандар әлі де бар. Насер есімді көтерілісшілердің халықаралық журналистермен тілдесіп жүрген өкілі үкімет әскері Триполи қаласының 15-тен 20 пайызға дейін бөлігін әлі ұстап тұр деп мәлімдеген. Бүгін Каддафидің резиденциясының маңында және қаланың оңтүстік аудандарында атыс-шабыс жалғаса түскен.
Жексенбі күні мемлекеттік телеарна арқылы таратқан аудио-үндеуінде Каддафи соңына дейін қарсыласып бағатынын айтып, «жақтастарын Триполиге келіп, қаланы қорғап қалуға» шақырған.

Көтерілісті қолдайтын халық Ливияда бұл оқиғаны жаппай мерекелеуге көшті. Ал Каддафидің қайда екені әлі белгісіз. Жексенбі күні мемлекеттік телеарна арқылы таратқан аудио-үндеуінде Каддафи соңына дейін қарсыласып бағатынын айтып, «жақтастарын Триполиге келіп, қаланы қорғап қалуға» шақырған.

АҚШ президенті Барак Обама ұрыстың шешуші кезеңге аяқ басқанын және Ливия халқының «тиранның уысынан шығып кетуге» таяп қалғанын мәлімдеді.
Балалар "дарға тартылған" Муаммар Каддафи мен оның ұлы Сайф әл-Исламның карикатурасын ұстап тұр. Бенгази, 22 тамыз 2011 жыл

Ұлыбритания үкіметі Каддафи режимінің біржола құлауға жақын қалғанын, өз халқын аяйтын болса, оның тезірек өз еркімен биліктен кеткені жөн екенін айтқан.

Көтерілісшілерге әуеден қолдау жасаған НАТО басшылығы Каддафидің билігіне сызат түскенін және бұдан былай Ливия халқымен ынтымақтасатынын білдірген.

Бұл оқиғадан сәл бұрынырақ Каддафидің өкілі Муса Ибрахим НАТО-ны көтерілісшілердің шабуылына көмектесті деп айыптаған еді.
Халықаралық қылмыстық сот Каддафидің ұлы Сайф әл-Исламның қолға түскені туралы ақпараттың расталғанын хабарлады.

- НАТО Триполиге шабуыл жасауын үдете түсті, көтерілісші күштерге жылдам, әрі тікелей көмек беріп, ғаламат ұлттың бейбіт астанасына басып кірмекші, әрі кісі өлімін адам шошитындай қып көбейтпекші, - деп мәлімдеген еді.

Халықаралық қылмыстық сот Каддафидің ұлы Сайф әл-Исламның қолға түскені туралы ақпараттың расталғанын хабарлады.

Халықаралық сот оған әкесімен бірге адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айып таққан еді.

Сайф әл-Исламның ағасы Мохаммед Каддафи "Әл-Жазира" телеарнасына өзін көтерілісшілер үйқамаққа алғанын айтқан. Телеарна онымен тікелей эфирде сөйлескен кезде арғы жақтан атыс-шабыстың дауысы естіліп тұрды.

Тамыздың 22-сі көтерілісшілердің Триполиге кіргені туралы хабар жеткен сәтте Мухаммед Сабер есімді Бенгази тұрғыны Рейтерс агенттігіне былай деген:

- Бұл - біз көптен күткен тарихи сәт. Бұл - [осы жолда құрбан болған] шәйіттеріміздің алдында өзімізді жұбату әрекеті. Бұл - біздің шаттанатын күніміз, шәйіттерімізді еске алатын күн.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG