Accessibility links

Македония астанасын жаңғырту дауға ілікті


Қаланы жаңғыртуға бағытталған аса ауқымды әрі қымбат жоба аяқталып, Скопье адам танымастай өзгерді. Билік қаланы елдің ұлттық мақтанышына айналдырмақ, ал халықтың көпшілігі бұған наразы.

Македония астанасы Скопьеге келген жолаушы қаланың қақ ортасында Александр Македонскийге орнатылған алып ескерткішке көз салмай өте алмайды. Мәрмәр фонтан қоршаған ескерткіштің биіктігі – 22 метр. Әрі қарай бірер қадам аттасаңыз Париждегі «Жеңіс қақпасына» ұқсастырып салынған «Porta Macedonia» кешенін көресіз. Бұл – Македония астанасында соңғы үш жылдың ішінде орнатылған қола мен мәрмәрдан тұрғызылған ондаған ескерткіштің екеуі ғана.

Үкіметтің Скопье-2014 архитектуралық жобасы Македонияның Оттоман (Осман) және Эллада заманындағы мұраларын жаңғыртуға арналған. Бұл шара көршілес жатқан Грекияның шамына тиді. Александр Македонскийді гректердің ұлы тұлғасы санайтын және оны гректердің ұлттық бірегейлігінің нышаны санайтын Грекия тіпті бұл елдің «Македония» деген атауына да наразы.

ХАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНЫ МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА АЛАҢДАЙДЫ

Скопье-2014 жобасына тек гректер ғана емес, македониялықтардың өздері де наразылық білдіре бастады.

- Халық тарапынан жобаға қолдаудың аздығына себеп – жемқорлық және Скопьедегі жаңа археологиялық мұражай.

Скопьедегі жаңа археологиялық мұражай.

[ысырап болған] қаражат. Халық Скопье-2014 жобасының кең ауқымы мен эстетикалық сипатына емес, жұмсалған қаржыға алаңдайды, - дейді Freedom Square үкіметтік емес ұйымының мүшесі Никола Наумовски.

Жұмыссыздық деңгейі 28 пайызға жеткен экономикалық дағдарыс кезінде қыруар қаржының жұмсалуы ғана емес, жобаға қатысты тендерлердің ашық өтпеуі де сынаған пікірдің өршуіне себеп болып жатыр.

Македония үкіметінің мәліметі бойынша, жобаны жүзеге асыруға осы күнге дейін 208 миллион еуро жұмсалған. Ал наразы жұрттың айтуынша, жобаға 300-ден 500 миллион еуроға дейін ақша шығындалған.

Александр Македонский ескерткішін тұрғызу тендері қорытындысы бойынша, ескерткішті орнатуға 487 мың еуро жұмсалады деп жоспарланған. Алайда жоба аяқталған соң шығынның межеден үш есе көп болғаны анықталды. Ескерткішке 1,4 миллион еуро жұмсалған.

Мемлекеттік аудиторлар Скопье-2014 жобасының аясында жүзеге асырылған басқа жобалардың шығыны да осылайша бірнеше есе өсіп кеткенін анықтаған.

Жобаны сынаушылардың айтуынша, жұмыстың ашық жүрмеуі кесірінен шығындар еселеп өсіп, жемқорлыққа жол беріліп жатыр. Халықтың наразылығы биыл наурызда өткен аймақтық сайлау нәтижесінен жақсы байқалды. Биліктегі орташыл-оңшыл «Македонияның бірлігі жолындағы демократиялық партия» Скопье қалалық әкімшілігін басқару құқығынан айырылып, қала басшылығына оппозициялық социал-демократиялық одақ келді.

«ТАЛҒАМСЫЗ КӘКІР-ШҮКІРДІҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»

Сайлаудан кейін Скопьенің жаңа мэрі Андрей Зерновски жобаның аясындағы барлық шығындарды тексеретін арнайы комиссия құрды. Бұл комиссияның Скопьедегі жаңа ғимараттың бірі.

Скопьедегі жаңа ғимараттың бірі.

қараша айында шығарған қорытындысы бойынша, бәсекесіз өткен тендерлердің кесірінен жергілікті бюджет 8 миллион еуродай шығын шеккен.

Сайлаудан соң Зерновски архитектуралық жоба аясындағы барлық құрылысты тоқтатуға уәде берді.

«Skopje-2014 жобасының аясында ешқандай жаңа құрылыс жүргізілмейді. Өкінішке қарай, біз алдыңғы үкімет жоспарлап, қабылдап кеткен жобаларды өзгерте алмаймыз» деді Зерновски.

Скопье-2014 жобасын Македонияның басқа тұрғындары да жаратпай отыр. Қыркүйекте өткізілген сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, македониялықтардың 67,3 пайызы шығыны көп болғаны үшін бұл жобаны қолдамайтынын айтқан. Халықтың 73 пайызы бұл жобаны тоқтату керек деп санайды. Соған қарамастан, премьер-министр Никола Груевскидің үкіметі бұл жобаны аяқтауды көздеп отыр.

Жоба аясында әлі қанша ескерткіш тұрғызылатынын нақты айту қиын, себебі қазір қанша ескерткіш салынып жатқаны белгісіз. Бұл жобаны сынап жүрген Нью-Йоркте тұратын македониялық белгілі архитектор Роберт Дандаровтың айтуынша, «Скопье талғамсыз кәкір-шүкірдің энциклопедиясына айналып барады».

Диана Кьюканың материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG