Accessibility links

Осы аптада болуы тиіс маңызды оқиғалар


Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жаттығуы. Ресей.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жаттығуы. Ресей.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.


Дүйсенбі, 5 қыркүйек

Әзербайжан: Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров 5-6 қыркүйек күндері Сербияға барады.

Әзербайжан/Қазақстан: Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Бакуге жұмыс сапарымен барады (6 қыркүйекке дейін).

Ауғанстан: Кабулде «Орталық Азиядағы есірткіге қарсы квартета» – Екінші аймақтық есірткіге қарсы конференциясы өтеді. Конференцияның алдында, 2011 жылы 2 қыркүйекте Ауғанстан, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан президенттері Душанбеде кездескен.

Украина/Ресей: Украинаның сыртқы істер министрі Константин Грищенко Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.


Сейсенбі, 6 қыркүйек

Ресей: Дания патшайымының Ресейге сапары (9 қыркүйекке дейін).

Ресей: Франция сыртқы істер министрлігі басшысы Ален Жюппе Мәскеуге барып, қауіпсіздік мәселесі жөніндегі ресей-француз кеңесі отырысына қатысады (7 қыркүйекке дейін).

Ресей: Мұсылман киносының Қазан халықаралық фестивалі Қазанда 6-11 қыркүйекте өтеді.

Ресей: Хабаровскіде «Амур – 2011» ресей-қытай конференциясы өтеді (9 қыркүйекке дейін).

Украина: Украина Жоғарғы Радасының (алтыншы шақырылым) ашылуы.

Украина: Ялтада Crimea Music Fest халықаралық музыка фестивалі өтеді (10 қыркүйекке дейін).


Сәрсенбі, 7 қыркүйек

Армения: Ереванда жыл сайын өтетін Еуропаның «Мамандық дамуы» халықаралық мемлекеттік қызметкерлер форумы «Мемлекеттік қызмет реформалары: мақсат пен нәтиже» тақырыбына арналады (9 қыркүйекке дейін).

Армения: Еуроодақтың Оңтүстік Кавказ және Грузиядағы дағдарыс жөніндегі жаңа арнайы өкілі Филипп Лефорт Арменияға барады.

Беларусь: XX өндірістік меншікті қорғау жөніндегі Мемлекет аралық кеңестің біріккен отырысы және Интеллектуальдық меншікке байланысты құқық бұзуды болдырмау жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қатысушы мемлекеттердің біріккен жұмыс комиссиясының жиыны (9 қыркүйекке дейін).

Қазақстан: Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қытайға ресми сапармен барады (9 қыркүйекке дейін).

Ресей: «Әлеуметтік саналуандық тұсындағы заманауи мемлекет» халықаралық саяси форумы Ярославль қаласында Ресей президенті Дмитрий Медведевтің қамқорлығымен өтеді. Форумға Түркия президенті Абдулла Гүл де қатысуы керек (8 қыркүйекке дейін).

Ресей: 24-халықаралық Мәскеу кітап көрме-жәрмеңкесі (12 қыркүйекке дейін).


Бейсенбі, 8 қыркүйек

Әлем: Халықаралық сауаттылықты жетілдіру күні.

Қазақстан: Алматыда Банк ақпараты технологиялары конференциясы өтеді.

Украина/ТМД: Киевте ТМД елдері Мемлекеттік жоғарғы бақылау орындары жетекшілері кеңесінің мемлекетаралық сессиясы өтеді (9 қыркүйекке дейін).


Жұма, 9 қыркүйек

Армения: Армения оппозициясы Еревандағы Азаттық алаңында шеру өткізеді.

Беларусь: 16-халықаралық «Белая вежа» театр фестивалі Бресте 9-16 қыркүйекте өтеді.

Бельгия: Қара Теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымының инвестициялық бизнес-саммиті Брюссельде өтеді.

Ресей: Владивостокта Бесінші Тынық мұхиты экономикалық конгресі өтеді (10 қыркүйекке дейін).

Тәжікстан: Тәжікстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл.


Сенбі, 10 қыркүйек

Әлем: Өзін-өзі өлтіруді тыюдың әлемдік күні.

ТМД: Астраханда ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді.


Жексенбі, 11 қыркүйек

ТМД: Анапада Латвия, Литва, Эстония және ТМД елдерінің «Киношок-2011» – XX ашық кино фестивалі өтеді (19 қыркүйекке дейін).

Ресей: Иркутскіде Халықаралық Байкал экономика форумы өтеді (14 қыркүйекке дейін).

Өзбекстан: Италиялық кәсіпкерлер делегациясы Өзбекстанды аралайды (15 қыркүйекке дейін).
XS
SM
MD
LG