Accessibility links

Апта оқиғалары: 17-23 қазан


Қордайдағы қазақ-қырғыз шекарасы. (Көрнекі сурет)
Қордайдағы қазақ-қырғыз шекарасы. (Көрнекі сурет)

Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.

Дүйсенбі, 17 қазан

Әлем: халықаралық кедейлік зардабымен күрес күні.

Әзербайжан: Әзербайжан мен Бүкіләлемдік банк ұзақ мерзімді даму жайлы ІІ халықаралық форум өткізеді (18 қазанға дейін).

Беларусь: Эквадор Республикасының сыртқы істер, сауда және интеграция министрі Рикардо Патиньо Арока Минскіге ресми сапармен барады (18 қазанға дейін).

Грузия/Қазақстан: грузин астанасында грузин-қазақ бизнес форумы, Грузия мен Қазақстан кәсіпкерлерінің келіссөздері өтеді (20 қазанға дейін).

Ресей: Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу үш күндік сапары барысында Сербия және Черногория басшыларымен гуманитарлық көмек жайын талқылайды.

Ресей: Федерация кеңесі басшысы Валентина Матвиенко ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиумен кездеседі..

Тәжікстан: Ұлыбританияның халықаралық даму мәселесі министрі Алан Данкан Тәжікстанға үш күндік сапармен барады.

Украина: сыртқы сауда жөніндегі еврокомиссар Карел де Гюхт Киевке барады.

Украина: 3-халықаралық жаңартылатын қуат жөніндегі REF-2011 форумы Киевте өтеді (18 қазанға дейін).

Сейсенбі, 18 қазан

Әзербайжан: Әзербайжанның тәуелсіздік күні.

Әзербайжан: Нахчывань Автономиялы Республикасына (НАР) ЕҚЫҰ-ның Бакудегі кеңсесінің басшысы елші Корай Торгай барады.

Әзербайжан: Эквадордың сыртқы істер, сауда және интеграция министрі Рикардо Патиньо Арока Әзербайжанға барады.

Грузия: АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші көмекшісі Уильям Бернс Грузияға барады.

Молдова: Молдованың премьер-министрі Владимир Филат пен сыртқы істер министрі Юрие Леанкэ Эстонияға үш күндік сапармен барады.

Ресей/ТМД: Санкт-Петербургте ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді..

Ресей: Ресей энергетика форумы Уфада өтеді (21 қазанға дейін).

Украина/Ресей: украин-ресей экономикалық форумы Донецкіде өтеді. Президенттер Виктор Янукович пен Дмитрия Медведев қатысуы мүмкін.

Украина/Иран: Киевте Иранның мамандандырылған экономикалық көрмесі өтеді.

Сәрсенбі, 19 қазан

Қырғызстан: Иран парламентінің спикері Али Лариджани Бішкекке барады.

Ресей/Нидерланд: Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте Ресей президентінің шақыруы бойынша Мәскеуге ресми сапармен барады (21 қазанға дейін).

Ресей: Орталық сайлау комиссиясы Госдумаға қатысатын саяси партияларды тіркеуді аяқтайды.

Ресей: IV Ресей Интернеті Апталығы (Russian Internet Week, RIW-2011) (21 қазанға дейін).

Украина: Киевте "ТЭФИ-Содружество" бірінші халықаралық телевизия фестивалі өтеді (20 қазанға дейін).

Өзбекстан: "Алтын сілеусін" 1-халықаралық Ташкент кинофорумы (25 қазанға дейін).

Бейсенбі, 20 қазан

Әзербайжан/Қазақстан: Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға барады.

Қазақстан: түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммиті Алматыда өтеді (21 қазанға дейін). Саммитке Түркия президенті қатысады. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия мүше.

Қазақстан/Қырғызстан: қазақ-қырғыз парламентаралық комиссиясының біріккен отырысы Қордайдағы "Ақ жол" шекара бекетіндегі жағдайды талдауға арналады.

Ресей: халықаралық және ресейлік сарапшылар Ярославльде өтетін "Visit Russia" халықаралық туристік форумда жиналады (21 қазанға дейін).

Тәжікстан: Иран парламентінің спикері Али Лариджани Душанбеге ресми сапармен барады.

Украина: ТМД елдері мәдени байланыстарын кеңесінің отырысы Киевте өтеді.

Украина/Еуропа одағы: Украина президенті Янукович Брюссельге барып, Украина мен Еуропа одағы арасындағы қауымдастық жайлы келісімнің маңызды тұстарын ЕО басшылығымен талқылайды.

Украина: Киевте VI ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми форумы өтеді (21 қазанға дейін).

Жұма, 21 қазан

Молдова: Молдава премьер-министрі Владимир Филат Литваға барады.

Ресей: Ресей президенті Дмитрий Медведев Тверьге жұмыс сапарымен барады.

Ресей: Millionaire Fair Moscow 2011 сәнді бұйымдардың жыл сайынғы көрмесі (23 қазанға дейін).

Ресей: "2-in-1" қазіргі заман киносының ІІ халықаралық фестивалі Мәскеуде өтеді (24 қазанға дейін).

Ресей: "Европа-Азия" жаңа музыканың Х халықаралық фестивалі Қазанда өтеді (23 қазанға дейін).

Тәжікстан: ТМД елдері көші-қон мекемелері басшылары кеңесінің отырысы.

Сенбі, 22 қазан

Әзербайжан: Әзербайжан ислам партиясының басшылығы Бакуде қарсылық акциясын өткізіп, араларында партия басшысы Мовсум Самедов бар алты мүшесінің ұзақ мерзімге сотталуына наразылық білдіреді.

Ресей: оппозицияның алдағы парламент сайлауының нәтижелерін бұрмаламауды талап еткен шеруі Мәскеудегі Новопушкинск гүлзарында өтеді.

Украина: "Молодость" 41-халықаралық кинофестивалі Киевте өтеді (30 қазанға дейін).

Өзбекстан/АҚШ: АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон екі күндік ресми сапармен Ташкентке барады.

Жексенбі, 23 қазан

Өзбекстан: 23-28 қазанда Қазіргі өнер бойынша VI Ташкент халықаралық биенналесі өтеді.
XS
SM
MD
LG