Accessibility links

Михаил Ходорковский мен Юлия Тимошенконың түрме очерктері


Михаил Ходорковский мен Юлия Тимошенконың фотосуреттерінен коллаж.

Михаил Ходорковский мен Юлия Тимошенконың фотосуреттерінен коллаж.

Белгілі тұтқындар Михаил Ходорковский мен Юлия Тимошенконың хаттары мен очерктерінің жариялануы түрме жазбаларына деген қызығушылықты арттырды. Бұрынғы кездері тұтқындардың хаттары мұқият тексеріліп, сирек жарияланатын.


Қазір ақпаратты беру құралдарының жетілуінің арқасында түрмелерден көбірек ақпарат алудың мүмкіндігі артты. «Фейсбук» және «Твиттер» сияқты әлеуметтік желілердің танымалдығы артқанымен дәстүрлі БАҚ бетінде тасқа басылған сөздердің әсері бұрынғысынша мықты болып тұр.

ХОДОРКОВСКИЙ ЖАЗУШЫ БОЛДЫ

Қазіргі уақытта жабылып қалған аса ірі ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы президенті, Карелия түрмесінде жазасын өтеп жатқан Михаил Ходорковский очерктерін жариялай бастады. Бірақ бұл жазбалар оның саяси көзқарасы немесе басынан өткен қиындықтар жайында емес, «темір тордың арғы жағындағы» өмір, бірнеше тұтқынның тағдырлары жайында.

Киев түрмесінде отырған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың бұл очерктерге пікір жазуы елді елең еткізерліктей шу туғызған оқиға болды. Тимошенко украин президенті Виктор Януковичтің «Уолл стрит джорнал» журналында жарияланған мақаласына байланысты тергеуге алынған. Пікірдің қосалқы ауторы - премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Григорий Немыря.

Бұрынғы Совет Одағының барлық аймақтарындағы сияқты саяси тұтқындар хат, өлең, тіпті ән жазу арқылы түрменің сырт жағынан пікірлестерінің қолдауына ие болуға тырысады. Сирек болса да, қазақтың саяси тұтқындарына қатысты да осындай жағдайлар болды. Мысалы, 2006 жылы 18
Қазақ үлескерлерінің мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдау кезінде көрсетілген Шаңырақ оқиғасы туралы фильмдегі ақын Арон Атабектің бейнесі. Астана, 11 қыркүйек 2010 ж.

жылға түрмеге кесілген диссидент Арон Атабек алғашқы кездері еркіндікке өзінің күнделіктері мен Назарбаевқа қарсы өлеңдерін жіберіп тұрған. Осыдан соң оны қоғамнан мүлдем оқшаулап тастаған. Оның түрмедегі жағдайын, тіпті, әйелі, екі баласының анасы Жайнагүл Айдархан да білмейді.

The New Times («Новое время») веб-сайтындағы Михаил Ходорковскийдің алғашқы жазбасы камераласы Коляның ауыр жағдайын сипаттаудан басталады. Коляның жарылған қарнын жақында ғана тіккен. Коляның айтуынша, ол түрме күзетшілерінің өзі жасамаған қылмысты жасады деп айып таңғанына қарсылық ретінде қарнын жарып тастаған.

12 қыркүйекте журналдың веб-сайтында «Алексейдің басынан кешкендері» деп аталатын екінші жазбасы жарық көрді. Михаил Ходорковский «педофилдігі» үшін айыпталған жас жігітке қатысты шығарылған әділетсіз үкім жайында әңгімелейді: «Әдетте саясаткерлер кез келген жағдайды өзінің рейтингін көтеру үшін пайдаланады. Бірақ егер әділетті сот қорғауы жоқ «таяқтау жүйесі» қиянат соңынан құбыжық жағдайларды тудырады». Ресей – түрмелер елі. Мұнда жасы бар, кәрісі бар - 850 мың еркек пен әйел түрмеде отыр.

ОЧЕРК ЖАЗУ - КАРЦЕРГЕ ҚАМАУҒА СЫЛТАУ

Журналдың Михаил Ходорковский жазбаларына арналған «Түрме адамдары» деп аталатын бағаны бұрынғы Совет Одағында қалыптасып қалған түрме мемуарлары дәстүрінің бір бөлігі іспетті. Федор Достоевский, Евгения Гинзбург және Александр Солженицын сияқты жазушылар орыс түрмелері мен ГУЛАГ тұтқыны болған кездерін жақсылап тұрып хатқа түсіріп кетті.

Алайда олардың жазбалары өздері бостандыққа шыққан соң ғана жарияланды. Ал Ходорковский, керісінше, түрмеге отырған кезінен бастап жазбаларын жариялап келеді. Ол алғашында Мәскеуде, содан соң Читада отырған. Ал маусым айынан бастап Карелияда - Финляндияның шекарасына жақын маңда отыр.

Михаил Ходорковский – Кремльді кекетіп, мұқатып отыратын сыншы. Жақтастары оның түрмеге отыруының саяси сипаты бар деп есептейді. Ол ертеректе жазған мақалаларында Ресейдің жемқорлыққа белшесінен батқан
Заңгер Сергей Магнитский. Мәскеу, 29 желтоқсан 2006 ж.

жүйесін қатты сынға алған. 2011 жылдың мамыр айында халықаралық «Амнести Интернешнл» құқық қорғау ұйымы оны ұждан тұтқыны деп таныды. Бірақ «Түрмедегі адамдар» - темір тордың арғы жағында отырғандардың өмірін сипаттап жазудағы бұрынғы миллиардердің алғашқы қадамы. Бұл тақырыпқа қатысты шығармаларда ол түрменің ауыр жағдайы жөніндегі өзінің тәжірибелері жайында айтып бере алады.

Адвокаттардың айтуларына қарағанда, Михаил Ходорковскийдің бұл очерктерді жариялауы - заң бұзу емес. Олар, сонымен бірге, бұдан ертеректе жазған жазбалары үшін бұрынғы магнаттың түрме әкімшілігінен қатаң сөгіс алғанын айтты. Оның үстіне карцерге қамалған.

ЮКОС-тың бұрынғы басшысымен бірлесе жұмыс істеу жөніндегі идеяның қалай туғаны жайында The New Times журналы бас редакторының орынбасары Илья Барабанов әңгімелейді. Оның ойынша бұл баған түрмеде отырған Ходорковскийдің өміріне үңілуге мүмкіндік беруімен қоғамдастыққа қызықты болмақ: «Шындап келгенде бұл идея әлдеқашан ойға келген, тек оны толықтай аяқтаудың мүмкіндігі болмай жүрген. Процесс барысында, этаппен айдау барысында міндетті түрде пайда болатын қиындықтарды есепке алсақ, оның форматын қалай жасау толық түсініксіз болатын. Михаил Борисовичті этаппен қай жаққа айдайтыны да белгісіз болатын».

ГУЛАГ ЕЛЕСІ ӘЛІ КЕЗІП ЖҮР

2009 жылы түрмеде түсініксіз жағдайда қайтыс болған Ресей заңгері Сергей Магнитскийдің өлімінен соң The New Times журналы түрме шығармаларын жариялай бастады. Сергей бір жыл бойына түрмеде өзіне нашар қарап жатқандығын айтып, хат, петициялар жазды.

Адвокаттар Сергей Магнитскийдің хаттарын жария қылды. Бірақ Магнитскийдің көзі тірі кезде оның хаттарына назар аударғандар некен саяқ болды. Бірақ ол өлген соң үлкен шу шығып, Ресейдегі адам құқықтарының сақталуына байланысты сын көбейді. Бұл іске қатысы бар Ресей шенеуніктеріне қарсы АҚШ-тың санкциялар енгізуіне түрткі болды.

Магнитскийдің ісі ГУЛАГ дәуіріндегі тәртіптердің әлі де өзгермегенін түйсінуге себепкер болды деп атап өтті The New Times журналының редакторы.

Михаил Ходорковскийдің жазбалары Ресейдің түрме жүйесіндегі қатыгез тәртіптерді сипаттауға, бірнеше шығарма оның өзі жапа шегіп отырған жағдайларға арналған. Түрмедегілерге өте қатал қарайтын кейбір елдердегі тұтқындар өз пікірлерін жазудың барынша жасырын, бүркемеленген тәсілдерін қолданады.

Мысалы, ислам экстремистік тобына қатысы болды деген айыппен ұзақ жылдарға бас бостандығынан айрылып, қазіргі уақытта Өзбекстанда түрмеде отырған танымал радиожурналист Хайрулла Хамидов поэзияға ден қойды, ол
Өзбек журналисі Хайрулла Хамидов.

тіпті түрмеде отырып ән де жазатын болды. Олардың көпшілігі бұқаралық ақпарат құралдарынан, оның ішінде Азаттық радиосының өзбек қызметінен де берілді.

Ал Юлия Тимошенко «Уолл стрит джорнал» журналындағы пікірлерінде өзінің басты қарсыласы – Украина президенті Виктор Януковичті қатаң сынға алып, халықты оның уәделеріне сенбеуге шақырады.

Өзінің өткір сындарында ол Януковичті қоғамның барлық саласындағы - экономикадан сыртқы саясатқа дейінгі жұмыстарды ақсатқаны үшін кінәлайды. Адам құқықтарының жағдайына байланысты: «Тәуелсіздік күні бейбіт шерушілерге қарай көзден жас ағызатын газды қалай шашқанын теледидардан көрдік. Біздің еліміз бұған жол бермеуі керек», - деп жазады Юлия Тимошенко.

МЕЙІРІМСІЗ ЖҮЙЕДЕГІ «ҰСАҚ ШІРКЕЙ»

Әзербайжанда Ильхам Әлиевтің әкімшілігі оппозиционерлердің бір бөлігін түрмеге тоғытты. Саяси тұтқындардың қатарында блогерлер Эмин Мидди мен Аднан Хаджизаделер де бар. Олар үкіметке қарсы сатиралық бейнесюжеттерді жасауға қатысы болғандықтан, бұзақылығы үшін деген айыппен бір жылдан астам уақыттан бері түрмеде жазаларын өтеп жатыр. Газет редакторы Эйнулла Фатуллаев түрме жайындағы өзінің блогтарын Азаттық радиосының әзербайжан тіліндегі интернет-сайтында жариялап тұрады.

Эйнулла Фатуллаевты ұзақ жылдар бойын қуғын-сүргін көріп, мемлекеттік шенеуніктерге жала жапқаны үшін төрт жыл түрмеге отырып шыққан соң, Лондонда орналасқан «Амнести Интернешнл» халықаралық құқық қорғау ұйымы оны саяси тұтқын деп таныды. Жақында ол босатылды.

Дәстүрлі түрде Александр Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» деген дәйексөзімен басталатын «Ұмытылмаған дәптерлер» циклының соңғы жазбасында Эйнулла Фатуллаев тұтқында болған кезіндегі «тәрбиелеу әңгімесі» деп аталатын оқиға жайында әңгімелейді: «Мен тұрдым да бұл бос
Блогерлер Эмин Милли және Аднан Хаджизаде (сол жақта) . Баку, 19 қараша 2010 жыл.

әңгімені, осы сұмдық сандырақты тоқтатуын сұрадым. Старшинаның сөз саптауының өзі қарадүрсін еді. Шамасы оған сабақтас-құрмалас сөйлемдерді құру өте қиын болса керек. Бишараның зорлана күшенуінің өзі жан ашу сезімін туғызды. Өйткені оның сөздері есімдіктерден, одағайлардан, тіпті кейбір жерлерінде тұтас сөз тіркестерінен тұратын еді. Ақыры старшина шыдай алмады. Оның бет-бейнесі күтпеген жерден шуақ шашып, бетіме арсыздықпен қарай тұрып: «Сен, ақымақ, кіммен айқасқың келіп отыр? Ильхам Әлиевпен бе? Әй, сен әншейін бір жүрген шіркейсің ғой, сені жай ғана жанши салады ғой, қалай осыны түсінбейсің?» - деп ойындағысын ашық айтып салды.

Түрме блогының өзіндік жанры Азаттық радиосының веб-сайтында да пайда болды. Лақап аты Марат Нұрымов деп аталатын интеллектуал, кәдімгі қылмыскер, түрме тұтқыны бізге колониядан тікелей түрме блогын жіберді. Түрмеде оның қолында интернетке қосылған ұялы телефоны бар болғандықтан, ол камераластары және түрме күзетшілері жайында жазған бірнеше жазбаларын бізге жіберіп отырды. Марат Нұрымов қазір бостандықта. Бірақ бостандықтағы өмірге бейімделудің қиындығы жөніндегі оның блогтары біздің оқырмандардың көп қызығушылығын тудырды.

ҮНІН ӨШІРУ ӘДІСІ

Ал Карелиядағы Михаил Ходорковский, ең болмағанда бостандыққа шыққанынша, өзіне қатысты осындай қатыгездіктердің болғанын жаза қоймас. Оның алғашқы жазбасы шыққан соң, шілде айынан бері Ходорковскийдің түрме ережесіне қатысты екі ұсақ тәртіп бұзушылық жасағаны анықталды. Алғашқы сөгісті көршісіне бір қорап темекі бергені үшін алды. Колония әкімшілігі бұны «Заттарды өзге сотталушылардың пайдасына заңсыз беру» деп атайды. Екіншісі – тапсырма алу үшін шеберді арнайы белгіленген орында күтпегені үшін берілген.

Сөгістердің оның жазушылығына қатысы жоқ. Бірақ мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөніндегі өтінішті қарау кезінде зиянын тигізіп, оған қысым жасаудың құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Яғни өз ойларын жария қылмай, құпия ұстауы керек деген сөз.

Ходорковскийдің адвокаты Юрий Шмидт қорғауындағы адам туралы "әділетісіз қарым-қатынасқа немесе заңсыз қысым жасауға байланысты шағымы жоқ, өзінің жазбаларын қауіпті жағдайды тудыру үшін пайдаланғысы келмейді" деп абайлап қана атап өтті: «Қылмыстық-атқару кодексінде де, түзеу мекмелерінің ішкі тәртібінің ережелерінде де мұндай тыйым жоқ болғандықтан, түрме басшылығы да бұған дұрыс қарайды. Барлығы ресми түрде жүріп жатыр, ешқандай жазбаларды ешкім колониядан құпия түрде алып шыққан жоқ».
XS
SM
MD
LG