Accessibility links

Жастар жаңа технологияны тиімді пайдаланып жүргендерін айтады


Жаңа технологиялар қалта телефонына арналған қосымша жаңа бағдарламалар енгізіп, мұсылмандардың Құран оқып, құбыла бағытын табуына көмектесіп келеді. Жастар әлем мұсылмандарының жаңа технология жетістіктерін қалай пайдаланып жүргені және әнші Қайрат Түнтеков жайлы Азаттықтан тыңдаңыздар.




Бүгінгі заманғы технологияның арқасында мұсылман қауым ораза кезінде ауыз бекітіп, күн батқанда ауызашар уақытын дәл біліп отыру мүмкіндігіне ие болды.

Қалта телефонына қарапайым бағдарламалар орнатып, шариғат қағидаларын орындап жүрген жастар хабар барысында өз тәжірибелерімен бөліседі.

Дәстүрлі сұхбат айдарында жуырда ғана халықаралық «Новая волна» байқауынан жүлдемен оралған жас әнші Қайрат Түнтековпен сұхбат болады. Әнші өзінің шығармашылығындағы жаңалықтар мен алдағы жоспары жайлы ойларымен бөліседі.

Азаттықтың жастар бағдарламасы әр бейсенбі күні кешке, жұма күні таңертең әуе толқынына шығып келеді. Өнер, әдебиет, ғылым, кино т.б салада жүрген жастар жайлы қызықты сұхбаттар тыңдағыларыңыз келсе, Жастар Азаттықта клубын жіберіп алмаңыздар.
XS
SM
MD
LG