Accessibility links

Моңғолия қазақтары қайта азамат атанып жатыр


Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (сол жақта) Баян-Өлгийде. 6 маусым 2013 жыл. (Суретті блогер Жанарбек Ақби берді)

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (сол жақта) Баян-Өлгийде. 6 маусым 2013 жыл. (Суретті блогер Жанарбек Ақби берді)

Баян-Өлгий аймағына келген Моңғолия президенті азаматтықтан айырылған қазақтардың маусым айында түгел қайта азаматтыққа қабылданатынын мәлім етті.

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж маусымның 6-сы күні сол елдегі қазақтар мекен ететін Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласына келді.

Жергілікті тұрғын, блогер Жанарбек Ақбидің Азаттыққа хабарлауынша, аймақ тұрғындарымен кездескен Моңғолия президенті: «Наурыздан бері төрт жарлығыммен 695 қазақтың азаматтығы қалпына келтірілді. Енді құжаттары даяр қалғандарын азаматтыққа қабылдау бойынша жарлыққа келесі аптада қол қоямын» деген.

Азаттық радиосы бірінші болып сәуір айында «Моңғолия азаматтығын қайта сұраған 800 қазақ» жайлы жазған. Бұл моңғолиялық қазақтар Қазақстанда өздерінің сыртынан азаматтық пен оралман квотасын рәсімдеген белгісіз адамдардың жемқорлық әрекетінің құрбаны болдық дейді.

«БІЗДЕ БАСЫ АРТЫҚ АДАМ ЖОҚ»

Маусымның басында Баян-Өлгий аймағына келген Моңғолияның азаматтық мәселесі жөніндегі мекеме бастығы Бөхчулууны Пүрэвдорж тұрғындармен кездескен.

Пүрэвдорж Баян-Өлгийде біраз жыл жұмыс істегенін айта келе, ол аймақтағы халықтың мұң-мұқтажын жақсы түсініп, жағдайларын жетік білетінін жеткізген. Ол, Baiolke.com сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, Қазақстанның квотаға бөлген ақшасын осындағы адамдардың атынан алу оқиғасын білетінін де ескерткен.

«Екінші қайтара» Моңғолия азаматы атанған жандардың бірі, осы мәселеге Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (ортадағы ұлттық киімін киген адам) Баян-Өлгийде. 6 маусым 2013 жыл. (Суретті блогер Жанарбек Ақби берді)

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (ортадағы ұлттық киімін киген адам) Баян-Өлгийде. 6 маусым 2013 жыл. (Суретті блогер Жанарбек Ақби берді)

қатысты әуелгі мақаламыздың кейіпкері Рахат Қайсарұлы:

- Азаматтық мәселесі біржола шешілді. Балаларым Қазақстанда білім алып жатыр. Егер бала-шағам ол жаққа барам десе, қарсылығым жоқ. Ал өзім осы жақта қаламын. Жылы орнымды суытқым келмейді, - деді Азаттық тілшісіне.

Сырттай «Қазақстан азаматы» болып кеткенін білмей қалып, Моңғолия азаматтығын қайта алған тағы бір қазақ – 56 жастағы Құрметхан Қатыранұлы. Ол жеке бизнеспен айналысатынын айтты.

- Қазір Қазақстанға көшу тиімсіз. Себебі жер, баспана мәселесі өте қиын. Сондықтан ол жаққа барғанда өз жағдайыңды өзің көтеріп кететіндей болу керек, - деді.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Баян-Өлгийден сайланған Моңғолия парламентінің депутаты Бәкей Ағыпарұлы Азаттыққа жергілікті қазақтардың «әлеуметтік тепе-тең тіршілік етіп отырғанын» айтты. Ол Моңғолия азаматтығынан шығып қалып, кейін азаматтығын қалпына келтіріп жатқандар туралы мәлімет берді.

– Бірінші топ – Моңғолия азаматтығынан шығып, Қазақстанға көшіп кетіп, кейін қандай да бір жағдайлармен қайта көшіп келгендер. Бірақ олар өте аз. Екіншісі – Қ Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

азақстанға көшемін деп Моңғолия азаматтығынан шығып алып, кейін әртүрлі себептермен көшпей қалғандар. Ал үшіншісі – белгілі бір пысық адамдардың кесірінен азаматтығынан айрылғандар. Осы үшінші топтағы адамдардың кейбірі Қазақстанға бармақ түгілі аймақтың орталығына да келіп көрмеген. Өмір-бақи қырда малдың соңында жүрген адамдар. Кезінде бұл кісілердің атынан Қазақстан азаматтығы, квота алынған, - деді Бәкей Ағыпарұлы.

Биылғы сәуір айында Азаттық радиосы жариялаған мақаладан соң («800 қазақ Моңғолия азаматтығын қайта сұрады») Азаттық тілшісіне ішкі істер министрлігінің өкілі хабарласып, Қазақстанда оралмандар мен шетелдік қазақтардың сыртынан жалған құжат жасау фактілерін бірлесе анықтау туралы ұсыныс жасаған еді.

Жалған құжатпен Қазақстан азаматтығын және оралман квотасын рәсімдеуден зардап шеккен моңғолиялық 800 қазақ мәселесін жазушы Дулат Исабеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткізген қоғамдық жиындардың бірінде көтерген. Президент Назарбаев бұл мәселені тексертетінін айтқан.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG