Accessibility links

Моңғолияның бұрынғы президенті тұтқындалды


Намбарын Энхбаяр Моңғолия президенті кезінде. Улаанбаатар, 13 мамыр 2009 жыл.

Намбарын Энхбаяр Моңғолия президенті кезінде. Улаанбаатар, 13 мамыр 2009 жыл.

Бұрынғы президент Намбарын Энхбаяр «коррупцияға қатысы бар» деген күдікпен тұтқындалды. Кейбір сарапшылар алдағы парламенттік сайлауға қатысуға дайындалып отырған жаңа партия жетекшісі қамалуының саяси астары болуы мүмкін деп болжайды.


Моңғолияның «Монцамэ» ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы президентті 13 сәуір күні таңғы сағат бес жарым шамасында тұтқындаған.

Қамау туралы үкім кеше кешке шыққанымен, Намбарын Энхбаярдың күзетшілері, жақтастары оны полицияға бермей, түні бойы қарсылық көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мекемесі мен Мемлекеттік іздестіру және бақылау орны Намбарын Энхбаярға «Өргөө» қонақ үйі мен «Улаанбаатар таймс» газетін заңсыз жекешелендірді, парламентте партия фракциясы басшысы қызметін атқарған кезде Жапониядан Моңғолияға тарту етілген құны 110 мың долларлық телеарна жабдықтарын жеке басына пайдаланды деген айыптар тақты.

Тергеу мекемелері бұрынғы президентке байланысты істі бір жылдан бері тексеріп жатқанын, оның тергеуге бірде-бір рет келмегенін айтады.

Моңғолиядағы аты-жөнін айтқысы келмеген қазақ журналисінің пікірінше, «моңғол билігі мұны ауыр қылмыс ретінде бағалап отыр. Айыбы дәлелденсе, бұрынғы президент кем дегенде бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін».

БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ 300 БЕТТІК ҚҰЖАТЫ

«Монцамэ» ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Моңғолияның 2005-2009 жылдардағы президенті болған Намбарын Энхбаяр кеше баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, журналистерге 300 беттен тұратын материалдарды таныстырған. Сайлау қорытындысына қарсы наразылық. Улаанбаатар, 1 шілде 2008 жыл.

Сайлау қорытындысына қарсы наразылық. Улаанбаатар, 1 шілде 2008 жыл.

Бұрынғы президенттің айтуынша, «ол құжатта 2008 жылы шілдедегі оқиғаға байланысты деректер бар».

Елде 2008 жылы парламент сайлауы өтіп, Энхбаяр басқаратын Моңғол халық-революциялық партиясы (МХРП) дауыстың көбін (76 орынның 43-ін) алған еді.

Бұл шешімге парламенттен 25 пайыз ғана орын алған демократиялық партияның басшысы Цахиагийн Элбэгдорж (елдің қазіргі президенті) қарсы шығып, «сайлау әділ өтпеді, МХРП әкімшілік ресурстарды пайдаланды» деп мәлімдеген.

Наразы партия Орталық сайлау комиссиясын таратуды, сайлауды қайтадан өткізуді талап еткен. Қарсылық акциясы ел астанасы Улаанбаатарда «Киіз үй төңкерісіне» ұласып, жеңген партияның штаб-пәтері өртенді, Орталық сайлау комиссиясы ғимараты талқандалды, Мәдениет сарайы (театр, музей, ұлттық өнер галереясы МХРП ғимаратының сайлау нәтижесіне қарсы наразылықтан кейінгі көрінісі. Улаанбаатар, 3 шілде 2008 жыл.

МХРП ғимаратының сайлау нәтижесіне қарсы наразылықтан кейінгі көрінісі. Улаанбаатар, 3 шілде 2008 жыл.

орналасқан) өртелді, банктер мен сауда орталықтары тоналды.

Осы наразылық кезінде 5 адам мерт болды, 300-ден астам адам жараланды.

Елде 2008 жылы 2 шілдеде 4 күнге төтенше жағдай жарияланды.

Сол кезде ел президенті болған Намбарын Энхбаярдың кешегі сөзіне қарағанда, ол жариялаған 300 беттік құжатта «билік 2008 жылы саяси дағдарысты шешу үшін оппозиция басшыларымен кездескен кезде айтылған сөздер түгел қамтылған».

«САЯСИ АСТАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН»

Моңғолиядағы қазақ журналисінің пікірінше, ол елдегі ақпарат құралдары бұрынғы президенттің тұтқындалуының саяси астары бар деп болжап отыр.

Биыл жазда Моңғолияда елдегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі – парламент сайлауы өтпек. Бүгін қамалған экс-президент Намбарын Энхбаяр оппозициялық партия құрып, ол сайлауға белсенді дайындалған.

– Қазір Моңғолияның билігінде екі негізгі саяси күш бар. Біреуі – халық партиясы, Моңғолияның қазіргі президенті, демократиялық партия өкілі Цахиагийн Элбэгдорж. Литва, Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.

Моңғолияның қазіргі президенті, демократиялық партия өкілі Цахиагийн Элбэгдорж. Литва, Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.

екіншісі – демократиялық партия. Ұсталған саясаткер елдегі оппозициялық бағыттағы үшінші күш ретінде жаңадан партия құрып, алдағы сайлауға дайындалып келген еді, – дейді әріптесіміз Азаттық тілшісіне.

Моңғолиялық дипломат Сайран Қадыр да «бұл болжамның рас болуы мүмкін екенін» айтады.

– Қазір оның (Энхбаярдың – ред.) ескі партиясын жаңартып, жаңа партия құрғанын, үшінші күш ретінде парламенттік сайлауға қатыспақ боп отырғанын білеміз. Сондықтан сол сайлауға байланысты болуы мүмкін деп болжам жасауға болады, – дейді ол.

Ал тарихшы, кезінде Моңғолия үкіметінде әр түрлі лауазымды қызметтер атқарған Зардыхан Қинаятұлы бұл оқиғаның саясатқа қатысы барына күмәнданады.
«Президент ұста десе – ұстап, ұстама десе – ұстамайды» деген жоқ оларда.

– Моңғолия демократиялық мемлекет болғандықтан саясаткерлердің заңға ықпалы жоқ. «Президент ұста десе – ұстап, ұстама десе – ұстамайды» деген жоқ оларда. Олар – демократиялық мемлекет, – дейді бұрынғы саясаткер.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президенттің бір мыңға жуық жақтасы ел астанасындағы орталық алаңда наразылық шарасын өткізіп, басшыларын 24 сағаттың ішінде босатуды президенттен, парламент мен үкіметтен талап етіп жатыр. Парламент сайлауы нәтижесіне наразылықтан соң. Улаанбаатар, 4 шілде 2008 жыл.

Парламент сайлауы нәтижесіне наразылықтан соң. Улаанбаатар, 4 шілде 2008 жыл.

«Талабымыз орындалмаса, бұл шара елдің басқа аймақтарына да таралады» дейді олар.

Моңғолияның үшінші президенті болған Намбарын Энхбаяр (1958 жылы туған) Мәскеу әдебиет институтын (Ресей) және Лидс университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

1980—1990 жылдары аудармашы, Моңғолия жазушылар одағының бас хатшысы және вице-президенті қызметін атқарған.

1992-1996 жылдары мәдениет министрі болды.

1997 жылы оппозицияға өтті. 2000 жылғы парламент сайлауында жеңіске жетіп, премьер-министр болды. 2004 жылы парламент спикері атанды.

2005 жылғы президент сайлауына Моңғол халық-революциялық партиясы атынан түсіп, 53,4 пайыз дауыспен жеңіп шықты. «Ол басқарған кезде ел экономикасы өсті, бірақ жемқорлық деңгейі де артты» дейді сарапшылар.

Намбарын Энхбаяр 2009 жылғы президент сайлауында демократиялық партия басшысы Цахиагийн Элбэгдоржыдан жеңілді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG