Accessibility links

Нидерланды малды дін жолымен союға тыйым салуы мүмкін


Құрбан айт кезінде мал бауыздап жатқан мұсылман. Ресей, Краснооктябрьский қаласы, 16 қараша 2010 жыл.

Құрбан айт кезінде мал бауыздап жатқан мұсылман. Ресей, Краснооктябрьский қаласы, 16 қараша 2010 жыл.

Нидерландыдағы мұсылман және еврей діни қауымдары ел парламентінің малды діни салт бойынша союға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағанын айыптайды.


Бұл заң жобасы бойынша, малды есінен тандырғаннан кейін барып қана сою қажет. Алайда мұндай тәсіл еврей мен мұсылмандардың діни салттарына қайшы. Себебі еврейлер мен мұсылмандардың діни салты бойынша, сойылатын малдың бауыздалар кезде есі болу керек.

Малды діни салт бойынша союға тыйым салуды қолдайтындар мал бауыздалатын кезде артық қиналып, азап тартпауы керек дегенді айтады. Алайда елдегі көптеген мұсылмандар мен еврейлер «бұл діни азшылықты құрайтын топтарды дүбәра қылады» дейді.

«Жануарлардың құқы дін бостандығына нұқсан келтірмей ме?» дейді мұндағы мұсылман және еврей діни қауымдары.

16 миллион халқы бар Нидерландыда 1 миллионнан астам мұсылман және 50 мың еврей тұрады.

НИДЕРЛАНДЫЛЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ НАЦИСТІК ТЫЙЫМ

Еврей және мұсылмандардың діни салттары кошер және халал талаптарына сай малды тамағынан өткір пышақпан жылдам бауыздау шарт.

Нидерланды сенатының мақұлдауын күтіп жатқан заң жобасында «егер діни топтар малды алдын-ала есінен тандырып барып сою әдісінен гөрі өздерінің діни салты бойынша союдың азабы аз екенін ғылыми түрде
Амстердамдағы халал тағамдар дүкенінің алдында телефонмен сөйлесіп тұрған қасапшы. Нидерланды, 31 наурыз 2011 жыл.

дәлелдей алса, онда бұл заң оларға жүрмейді» деп жазылған.

Еуропадағы жетекші еврей ұйымдары – Еуропалық еврейлер конгресі (ЕЕК) мен Еуропалық раввиндер конференциясы (ЕРК) бұл заң жобасына тосқауыл қоюды қарастыратындықтарын мәлімдеді.

ЕЕК «дискриминация туғызатын заңның» дін бостандығын шектейтінін дәлелдеу үшін құқықтық шаралар қарастыратынын айтты.

ЕРК президенті Пинхас Гольдшмидт Нидерланды басылымына «Бұл заңның қолданысқа енгізілуі еврейлердің Нидерландыда бұдан былай жақсы қабылданбайтынын білдіреді. Мұндай жайт алпыс жыл бойына болмаған еді» деген.

Нидерландыдағы бірқатар еврей қауымдастықтарының жетекшілері малды діни салт бойынша союға тыйым салу жоспарын мен нацистік Германияның екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврей кошер қасапханаларын жабу әрекетіне ұқсатты.

МҰСЫЛМАНДАРҒА ҚАРСЫ КӨҢІЛ-КҮЙ

Нидерландыдағы көптеген мұсылмандар бұл заң жобасы өздерінің діни салттарына қарсы екенін айтып айыптады. Парламенттің бұл заңды бірінші оқылымда мақұлдауынан бірнеше күн бұрын Амстердамда «мұсылмандарға қарсы алалау пен өшпенділік тұтатты» деп айыпталған оңшыл саясаткер Герт Вилдерс ақталған еді.

Герт Вилдерс исламға қарсы шығып, «мұсылман мигранттары Нидерландының мәдениетіне қауіп төндіреді» деген сөзімен танымал.

– Нидерландыдағы көптеген мұсылмандар мен мұсылман еместер «малды діни салт бойынша союға тыйым салу – мұсылмандарды нысанаға алу»
Малды діни салт бойынша союға тыйым салу – мұсылмандарды нысанаға алу

деп санайды. Бұл осы елде мұсылмандарға қарсылықтың ұлғайғанын көрсетеді, – дейді Амстердам университетіндегі ирандық-нидерландылық профессоры Тураж Атабаки.

«Тыйым салу туралы заң соңғы жылдары Еуропа елдерінде саны тұрақты түрде артып келе жатқан мұсылман қауымдастығына қатысты болып отырған сияқты. Олар өздерінің исламдық құндылықтарын, оның ішінде мұсылмандық киіну үлгісін де сақтап отыр. Әрі олар қоғамдағы басқа жұрттан өздерін бөлек ұстайды, өз қауымдарында өмір сүреді» дегенді айтады Тураж Атабаки.

– Бұл соңғы кездері Франция мен Австриядағыдай ислам топтары мен қауымдарына көбірек қысым көрсетуге ұмтылып жүрген әсіре оңшыл саясаткерлерді алаңдатады, – деді профессор Тураж Атабаки.

«ЗАҢ – ТЕК ЖАНУАРЛАРҒА ҒАНА ҚАТЫСТЫ»

Заң жобасының қабылдануына мүдделі жақ жануарларды қорғаудан басқа ештеңе көздеп отырмағандарын айтады.

Голландиялық депутат, Жануарлар партиясының жетекшісі Марианна Тиме өз партиясының 2008 жылдан бері осы заң жобасының қабылдануына бар күшін салғанын айтады.

– Біздің елде жануарлардың жай-күйінің үлкен проблемаға айналғаны сондай, адам немесе жануар зардап шеге бастаған жерде діни бостандық
...адам немесе жануар зардап шеге бастаған жерде діни бостандық та жойылады

та жойылады деп санаймыз, – деді Марианна Тиме Азаттық радиосы тілшісіне.

Марианна Тименің сөзіне қарағанда, Нидерландыда мұсылман не еврей емес қасап мамандары да малды есінен тандырып алғаннан кейін барып соймайды.

Тиме жануарлардың жай-күйі мәселесіне көп адам назар аудара бастағанын айтады.

Әлеуметтік сауалнама жүргізгендер бұл заң жобасы Нидерландыда қоғамның қолдауына ие болып отырғанын айтады.

Малды діни рәсіммен союға Люксембург, Норвегия, Швеция мен Швейцараияда тыйым салынған. Ал Түркия – мұндай заң жобасы саяси ортада талқыланып жатқан. халқының басым бөлігі мұсылмандардан тұратын бірінші ел.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG