Accessibility links

Астанада тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтіп жатыр


Тоғызқұмалақ ойнайтын тақтаның қазіргі калссикалық түрлері.

Тоғызқұмалақ ойнайтын тақтаның қазіргі калссикалық түрлері.

Қазақстанда тоғызқұмалақтан алғашқы ресми емес чемпионат 1948 жылы өткізілген екен. Соңғы бес-алты жылда қазақстандық бапкерлер елдегі жасөспірімдерді бұл зияткерлік ойынының қыр-сырын үйретумен қатар, шетелдік ойыншыларға да түрлі семинар-тренингтер өткізуді дәстүрге айналдырды.



Зияткерлік ойыны - тоғызқұмалақ бойынша Астанадағы алғашқы әлем чемпионатына Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты 20 шақты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдірген.

Қазақтың зияткерлік төл ойыны - тоғызқұмалақ соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Республикада осы ойынға қызығушылық танытып, онымен шұғылданатындардың саны 100 мың адамға жақындады дейді Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Мақсат Шотаев.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айнұр Жақыпбаеваның айтуынша, Астанада өтіп жатқан тұңғыш Әлем чемпионатында Қазақстанның басты бақталасы - Қырғызстан болмақ. Алайда ол өзге елдерде де тоғызқұмалақ жақсы дамып келе жатқандықтан оларды да есептен шығаруға болмайды деп атап көрсетеді.

Қазіргі таңда интернетте тоғызқұмалақтың электронды нұсқасы да бар. Канадалық азамат Арти Сандлер ашқан www.iggamecenter.com сайтына кіріп тоғызқұмалақ ойнауға болады.
XS
SM
MD
LG