Accessibility links

Солтүстік Корея зымыран ұшырды


Солтүстік Корея ұшырған зымыран (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея ұшырған зымыран (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея 18 наурызда теңізге қарай баллистикалық зымыран атты деп хабарлады Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын бір апта бұрын әскерилерге АҚШ-қа жететіндей, алыс қашықтыққа ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымыран сынауға бұйрық берген.

Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде Пхеньянның солтүстігінен ұшырылған зымыран 800 километр қашықтыққа дейін барып, Солтүстік Кореяның шығыс жағалауына құлағаны айтылады.

Зымыран ұшыру - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран мен ядролық бағдарламасын дамытуға тыйым салатын қарарын бұзады.

Пхеньян зымыранды Оңтүстік Корея мен АҚШ біріккен әскери жаттығу өткізіп жатқанда сынап отыр. Солтүстік Корея жаттығуды өзіне басып кіруге дайындық деп бағалап, айыптайды.

Солтүстік Корея бірер ай бұрын алыс қашыққа ұшатын баллистикалық зымыран мен сутегі бомбасын сынаған.

XS
SM
MD
LG