Accessibility links

Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығымен үш әйел марапатталды


2011 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегерлері Элен Джонсон Серлиф (сол жақта), Лейма Гбови (оң жақта) және Таваккул Карман (ортада)

2011 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегерлері Элен Джонсон Серлиф (сол жақта), Лейма Гбови (оң жақта) және Таваккул Карман (ортада)

Қазанның 7-сі күні Нобель сыйлығы жөніндегі комитет шешіміне сәйкес 2011 жылғы Бейбітшілік сыйлығы Либерия президенті Элен Джонсон Серлиф пен оның отандасы, қоғам белсендісі Лейма Гбовиге және йемендік құқық қорғаушы Таваккул Карманға - үш әйелге қатар берілді.


Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде бұл сыйлық оларға «әйел құқығы мен қауіпсіздігі жолында бейбіт күрес жүргізгені және бітімгершілік процесіне қатысқаны үшін берілгендігі» атап өтілген.

Құқық қорғаушы ретінде танылған Элен Джонсон-Серлиф - Либерияның демократиялық жолмен сайланған тұңғыш президенті. Сонымен қатар осы африкалық мемлекеттің алғашқы әйел президенті.

Ол бұл қызметке 2002 жылы осы елдегі қоғамдық күрескер әйел Лейма Гбови ұйымдастырған «Бейбітшілік үшін» әйелдер қозғалысының қолдауымен жеткен еді. Бұл қозғалыстың бір ерекшелігі – бейбіт өмір жолындағы күреске мұсылман һәм христиан әйелдерді де белсенді түрде араласуға шақырады.

2006 жылдан бері Либерияға жетекшілік етіп келе жатқан Джонсон-Сирлиф те, қоғамдық белсенді Гбови де халықаралық қатынастар мен адам құқығы саласындағы жетістіктері үшін осыған дейін бірнеше мәрте марапатталған болатын.
Бұл жолғы Нобель бейбітшілік сыйлығы демократиялық жолмен сайланған президентке һәм оның белсенді отандасына және автократияға қарсы күрескен құқық қорғаушыға бұйырды.

Ал 2005 жылы сөз бостандығы мен адам құқығы үшін күресетін «Еркін журналист әйелдер» құқық қорғау ұйымын құрған Таваккул Карман - «араб көктемі» кезінде Йемен президенті Әли Абдолла Салихқа қарсы жаппай толқуды ұйымдастырушылардың бірі.

Сонымен бұл жолғы Нобель бейбітшілік сыйлығы демократиялық жолмен сайланған президентке һәм оның белсенді отандасына және автократияға қарсы күрескен құқық қорғаушыға бұйырды.

2010 жылы бейбітшілік сыйлығы Қытай диссиденті Лю Сябаоға, ал одан бір жыл бұрын АҚШ президенті Барак Обамаға тапсырылған еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG