Accessibility links

Варшавада Жаңаөзенге арналған көрме ашылды


Режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев «Жаңаөзен 2011 – құқық пен бостандық туралы ақиқат» атты фотокөрмеде сөйлеп тұр. Варшава, Польша, 7 желтоқсан 21013 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған)

Режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев «Жаңаөзен 2011 – құқық пен бостандық туралы ақиқат» атты фотокөрмеде сөйлеп тұр. Варшава, Польша, 7 желтоқсан 21013 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған)

Польша астанасында ашылған фотокөрмеге қойылған суреттерді Жаңаөзен оқиғасы кезінде қарапайым мұнайшылар, жергілікті және шетелдік журналистер түсірген.

Желтоқсанның 7-і күні Польша астанасы Варшавада «Жаңаөзен 2011 – құқық пен бостандық туралы ақиқат» («Жанаозень 2011 – правда о правах и свободе») атты фотокөрме ашылды.

Желтоқсанның 7-21 күндері арасында өтетін көрмеге 34 фотосурет қойылған. Суреттердің көпшілігін аноним авторлар түсірген. Фотоларда 2011 жылы болған Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуілі, оларға қарсы атылған оқ пен мұнайшылар соты бейнеленген.

- Көрмеге мұнайшылардың өздері, қазақстандық және шетелдік журналистердің түсірген суреттері қойылған. Көрменің ашылу салтанатында жаңаөзендіктер туралы фильм көрсетілді. Осылайша Жаңаөзендегі қырғынның екінші жылын атап өтпекпіз, - деді көрмені ұйымдастырушы «Открытый диолог» үкіметтік емес ұйымының өкілі Томек Чувара.

Көрмені Польшаға белгілі диссидент Адам Михник пен қазақстандық белсенді, режиссер Болат Атабаев ашты.

- Польшаның авторитарлы режимнен демократияға өтуде тәжірибесі бар. Сондықтан поляктар үшін де бұл өзекті тақырып. Қызығушы көрермен көп болады деп ойлаймын, - деді Азаттыққа Болат Атабаев.

«Открытый диолог» үкіметтік емес ұйымының өкілдері Жаңаөзен оқиғасы туралы фотокөрмені Варшавадан өзге елдерде өткізуді ойлағандарын, алайда әзірге ондай мүмкіндіктері жоқ екенін айтты.

2011 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында полиция ереуілдеуші мұнайшыларға оқ атып, 16 адам қаза тапқан еді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG