Accessibility links

Варшавада қазақ белсенді гомофобия жайлы айтты


Жанар Секербаева Варшавадағы ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйлеп отыр. 28 қыркүйек 2015 жыл.

Жанар Секербаева Варшавадағы ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйлеп отыр. 28 қыркүйек 2015 жыл.

ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен конференциясы аясында белсенді Жанар Секербаева Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің құқықтарын бұзу туралы айтты.

Гендерлік зерттеулер магистры дәрежесін алу үшін Вильнюс қаласындағы Еуропа гуманитарлық университетінде оқып жатқан Жанар Секербаеваның айтуынша, қыркүйектің 28-і күні Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам өлшемі жөніндегі конференциясына тіркелмеген «Қазақстандық феминистік бастама» ұйымы атынан қатысқан. Ол өзі де, әріптестері де ЛГБТ құқықтарын қорғау қызметін ашық атқара алмай келе жатқандарын айтады.

Белсенді ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы сайд-инвентінде сөйлеген сөзінде жуырда Қазақстан БАҚ-тарында ЛГБТ өкілдерінің пікір білдіру мүмкіндігі жайлы зерттеу жүргізген «Арикль 19» құқық қорғау ұйымы деректерін пайдаланған.

Жанар Секербаева ЛГБТ-қоғамдастықтары, феминистер мен әйел құқығын қорғаумен айналысатын өзге құқық қорғаушылардың белсенділерін біріктіретін ұйымның Қазақстандағы кеңсесінің орналасқан жерін оның өзі де, әріптестері де ашық айта алмайтынын мәлімдейді.

- Мен біздің қылмыстық кодексте, өкінішке орай анықтамасы жоқ жұмыстағы кемсітушіліктер және өшпенділік негізінде жасалған қылмыстық әрекеттерге тоқталдым және ресми құжат алу үшін міндетті түрде стерилизациядан өтуге мәжбүр трансгендер адамдарды кемсіту туралы да айттым, - дейді Жанар Секербаева.

Ол жиынға қатысушылармен гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы туралы ақпаратпен бөліскенін айтады. Жанар Секербаева бұл өте дөрекі тіркес деп есептейді, өйткені гомосексуализм дерт ретінде танылмаған әрі «гомосексуал» деп айтқан дұрыс.

Биыл көктемде бұл заң жобасын парламент мақұлдаған, бірақ кейінірек Қазақстанның конституциялық кеңесі конституцияға қайшы деп қайтарған. Ол кезде Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Астананың дискриминациялық әрі дәстүрден тыс жыныстық бағыттағы адамдардың құқын шектейтін заң жобасын қабылдаудан бас тартуын қолдайтынын мәлімдеген.

Бірақ «Қазақстан билігі бұл шешімді Алматыға 2022 жылғы қысқы олимпиада астанасы құқын алып беруге тырысып қабылдады» деген де пікірлер айтылған. Халықаралық олимипиада комитеті реформаларына сәйкес, Олимпиада ойындарын өткізетін ел адам құқығын қорғау келісіміне қол қоюы тиіс. Жазда қысқы Олимпиада-2022 астанасы болып Пекин таңдалды. Енді Қазақстандағы ЛГБТ белсенділері гей-насихатқа тыйым салу туралы заң жобасы парламентке қайта түседі деп қауіптенеді.

Жанар Секербаева Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері құқығы шынымен қорғалған жалғыз жайтты ғана атайды. Ол батысқазақстандық екі шекарашы әйелге қатысты сот шешімін мысалға келтіреді. Жұмыс орнында үш сағат болмағаны үшін жұмыстан шығарылған екеуі соттасып, ақыры жеңіп шыққан. Бірақ Жанар екеуін жұмыстан шығаруға әлгі екі әйелдің сүйіскені түсіріліп, интернетте жарияланған видео көбірек себепші болғанын айтады.

— Қазақстанда жағдай нашарлап барады және гомофобияның бәсеңдегеніні байқататын еш белгі жоқ. Өйткені hate speech (өшпенділік риторикасын, - Ред) көбінесе массмедиа таратады. Қарағандылық екі әйел туралы жазған сияқты,олар әуелі адамның гендерлік тегін қопарып шығады. Әлгі әйелдер үйленіп, кейін біреуі серігін өлтірген. Сол кезде ақпарат құралдарында «лесбилердің үйлену тойы қайғылы аяқталды», «лесбилер бір-бірін айуандықпен өлтірді» деген тақырыптар қаптап кетті. «Лесбиянка» сөзін қолданды. Мұндай мысалдар көп, - дейді Жанар Секербаева.

ЕҚЫҰ-ның сайд-инвентіне әр елден 30-дан астам өкіл жиналды. Қазақстандық белсендіден өзге жиынға Қырғызстан, Тәжікстан және Украина құқық қорғаушылары да қатысты.

Жанар Секербаева қыркүйектің 30-ы күні ЕҚЫҰ-ның Варшавада өтіп жатқан конференциясы аясында тағы бір шараға қатысып, Қазақстандағы ой еркіндігі туралы айтуды және Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің құқын бұзуға қатысты проблеманы тағы қозғауды жоспарлайды.

Биыл жазда Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы лесби, гей, бисексуал және трансгендерлерді (ЛГБТ) кемсітушілік пен қатыгездіктен қорғауға қауқарсыз деп Астананы сынаған баяндамасын жариялаған. Құқық қорғаушылар баяндамасында Қазақстанда ЛГБТ өкілдері "үрейлі атмосферада өмір сүріп жатыр" деп мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG