Accessibility links

Барак Обаманың президент қызметіндегі 8 жылы

2008 жылғы қарашаның 4-і күні Барак Обама АҚШ-тың 44-президенті болып сайланды. Иллинойс штатынан сенатқа сайланған демократ Обама АҚШ тарихында президенттік сайлауда жеңіске жеткен алғашқы афроамерикалық кандидатқа айналды. Оның АҚШ президенті болып сайлануы бүкіл әлемнің назарын аударды. Оған дейін Ақ үйде билік басында болған кіші Джордж Буштан Обамаға "мұраға" соңғы онжылдықта экономикалық көрсеткіштердің құлдырауы, Ирак пен Ауғанстандағы соғыстар, "терроршылыққа қарсы соғыс" саясатының да әсерінен АҚШ-тың халықаралық беделінің түсуі тәрізді қордаланған мәселелер қалған еді. Азаттық Барак Обаманың екі президенттік мерзімі кезіндегі кей маңызды сәттерді бейнелейтін суреттерді ұсынады.

XS
SM
MD
LG