Accessibility links

Ресеймен әріптес Қытайдың экономикасы тоқырай бастады


Қытай портында тұрған Ресей кемесі. 23 сәуір 2012 жыл.

Қытай портында тұрған Ресей кемесі. 23 сәуір 2012 жыл.

Ресей мен Қытайдың әсіресе әскери салада да әріптес болып жатқанын ескерген Батыс басылымдары "АҚШ-қа қарсы одақ" туралы айтты. Бірақ Қытай экономикасының тоқырағаны да назардан тыс қалмады.

АҚШ Қытай мен Ресейге «БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы Башар Асад билігіне байланысты жоспарына кедергі келтірді» деп наразы болған еді. Енді бұл екі ел Жапон теңізінде біріккен әскери жаттығу өткізді. АҚШ авторитарлық ірі екі ел өзіне қарсы бола ма деп алаңдайды дейді New York Times.

Қытай мен Ресей арасында соңғы жылдары кейбір салаларда әріптестік дамығанымен бұл екі елдің қатты келіспейтін тұсы бар. Мәскеу мен Пекин өздерін сан саланы қамтитын стратегиялық әріптестерміз дегенімен олардың қарым-қатынасы негізген тактикалық сипатта дейді мақала авторы, Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы Ресей және Еуразия бағдарламасы директорының орынбасары Джеффри Манкофф.

Екі елдің сипаты әртүрлі: Қытай – глобализацияның бар жақсылығын көріп қалуға ұмтылған, экономикасы экспортқа бағытталған, дамып келе жатқан держава; Ресей – өзгерістер қашқан, дамудан қалған мұнайлы мемлекет.

ОДАҚТАС ЕМЕС, БӘСЕКЕЛЕС

Ортақ мақсаттары жоқ Пекин мен Мәскеу мүдделері тоғысқан тұста ғана одақтас болады, ал өздеріне маңызды салада олар - одақтас емес, бәсекелестер дейді мақала авторы. Джеффри Манкофф бұған мысал ретінде Оңтүстік-Шығыс Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қытай басшысы Ху Цзинтао. Пекин, 9 шілде 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қытай басшысы Ху Цзинтао. Пекин, 9 шілде 2012 жыл.

Азиядағы жағдайды айтады. Оңтүстік Қытай теңізінде өзінің де мұнай өндіру жайлы мүддесі бар Ресей Қытайдың осы акваториядағы талаптарына қолдау білдіре бермейді.

Ал Орталық Азияға келгенде Қытайдың экономикалық қуаты Ресейден озып кетеді. Осы аймақтағы (Өзбекстаннан басқа) елдердің Қытаймен арадағы былтырғы сауда айналымы Ресеймен салыстырғанда көп болған.

Ресей президенті Владимир Путиннің Кеден одағына Қырғызстан мен Тәжікстанды да қосуға ұмтылысы, 2015 жылы Еуразиялық одақ құру жайлы бастамасы – Қытайдың Орталық Азия елдері экономикасына ықпалын шектеу.

Екі ел әскері ынтымақтас болғанымен, Қытайдың саясаты Ресейге АҚШ-тыкінен кем түспейді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливия аспанында ұшаққа тыйым салу жайлы қаулы шығарғанда Ресей мен Қытай қалыс қалды. Өйткені екеуіне ол елдің стратегиялық мәні жоқ еді. Ал Сирияға келгенде олар айтқандарынан қайтпай қойды. Бұл Ресейдің Сириядағы саяси мүддесінен хабар береді деп жазады New York Times.

Мәскеу мен Пекинді әлемдік мәселерді шешуге жиі шақыру оғаш көріну мүмкін. Бірақ олай етпесе, америкалық лауазым иелерін қорқытқан уайым – орыс-қытай одағы шын қауіпке айналып кетуі ықтимал деп жазады мақала авторы Джеффри Манкофф.

ҚЫТАЙ ЭКОНОМИКАСЫ

Америкалық Foreign policy басылымы «Егер Қытай геосаяси қарсылас болса, АҚШ пен Жапония оған неге жылына бәлен милион доллар береді?» деген сауалға жауап іздейді. Вашингтон былтыр ЮСАИД пен АҚШ мемлекеттік БМВ заводы. Қытай, 6 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

БМВ заводы. Қытай, 6 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

департаменті ұйымдары бағдарламаларын қаржыландыруға 28,3 миллион доллар бөлген еді. Биыл ол көмектің көлемі 25,5 миллион доллар болды. Бұл ақша экологияны сақтау, құқықтық сауат ашу, ВИЧ/СПИД-пен күресу, Тибеттегі гуманитарлық көмек сияқты бағдарламаларға бөлінеді.

Қытайға Жапонияның гуманитарлық көмегі де әжептәуір ауқымды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытайға басып кіргеніне өкінетін Жапония 2011 жылы Қытайдың дамуына 800 миллиондай доллар берген. Бірақ ол елде Пекинге көмек көрсетуді доғаруға шақырушылар да бар.

Ұлыбританиялық Financial Times газетінің жазуынша, Қытай экономикасының дамуы 2013 жылдың екінші маусымында 7,5 пайызға азайған. Ел басшылығы биыл экономиканы дамытамыз десе де, ел экономикасы осымен екінші маусым құлдырап барады. Бұл Қытайдың 15 жылдан бергі экономикалық жоспары орындалмаған екінші жағдай болуы да мүмкін.

Бірақ Қытай билігі өлкелер мен компания басшыларын экономиканы дамытуға шақырғанмен онша абыржитын емес. «Экономика болжағандай дамып жатыр» деп хабарлады Қытай үкіметі өткен аптада.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG