Accessibility links

Баспа Путин жайлы кітап шығарудан жасқанады


Дүкен сөресіндегі Владимир Путиннің суретін қарап тұрған адам. Симферополь, 3 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Дүкен сөресіндегі Владимир Путиннің суретін қарап тұрған адам. Симферополь, 3 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің баспасы жала жабу туралы айыпқа қалудан сақтанып, Ресей президенті Владимир Путинді әшкерелейтін кітапты басудан бас тартты.

Өз елінде баспасөзді қорқытып, уысында тас қып ұстайтын президент Владимир Путинді әшкерелейтін дүниелерді басудан енді әлемге танымал, әрі беделді баспалардың өзі де жүрексініп отыр.

АЙЫПТАН ЖАСҚАНАДЫ

Ұлыбританиялық белгілі баспа үйі – Cambridge University Press (Кембридж университеті баспасы) АҚШ профессорының Ресей президентінің ұйымдасқан қылмысқа қатысы туралы кітабын қабылдаудан бас тартты. Баспа ағылшын соты жалған мәлімет бергендері үшін жауапқа тартады деп сескенеді.

Огайо штатындағы Майами университетінің профессоры және Ресей бойынша сарапшы Карен Давишаның кітабында Путин және оның серіктестерінің заңсыз қаржы операцияларына қатысы бар екені айтылады.

Америкалық сотқа қарағанда Ұлыбританияда арызданушы үшін жалған мәлімет туралы заң тиімді, бұл жақта сот процесі қымбатқа түседі. «Мен оны Америкада жариялауға тырысамын» деді Кембридж университетінің баспасында 7 кітабын жазып, редакциялаған Давиша 3 сәуір күні Азаттыққа.
Мұқабасында Владимир Путиннің суреті бар кітап. Санкт-Петербург, 2 наурыз 2012 жыл.
Мұқабасында Владимир Путиннің суреті бар кітап. Санкт-Петербург, 2 наурыз 2012 жыл.
Давишаның мәлімдеуінше, кітапта Путин мен оның мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі (КГБ) бұрынғы офицер жолдастары және Санкт-Петербургтегі шенеуніктер үкіметтегі ықпалын пайдаланып, 1990 жылдары байлыққа қол жеткізгендері туралы ыждаһатты зерттеу жүргізілген.

Оған 2011 жылдың күзінде Cambridge University Press жобамен жұмыс істеуге рұқсат еткен, былтыр қарашада 500 беттік қолжазбаны оқуға ұсынған. Сондықтан заңгерлердің ғайбат пікірлерді тексеруге мүмкіндігі болды дейді ол.

Давиша бірнеше ай бойы жауап күткенін, осыған дейін кітаптағы деректің шынайылығына күмән келтірмеген Кембридж баспасы екі апта бұрын шығармада есімі аталған адамдар «сотқа беруі мүмкін, оған шамалары жетеді» деген уәж айтқанын жеткізді.

20 наурыз күні Давишаның электрондық поштасына хат жазған Кембридждің саяси ғылым және әлеуметтану бойынша атқарушы баспагері Джон Хэслем «кітаптың тақырыбы даулы екенін ескерсек және Путиннің билігі ұйымдасқан қылмыс негізінде құрылды деген алғышартты есепке алсақ, кітапты қайта жазу бізге қолайлы болады деп ойламаймын» деген.

ПУТИНДІ ӘШКЕРЕЛЕУ

Хэлсемнің электрондық хатының мазмұны мен Давишаның 2 сәуірдегі жауабы The Economist сайтында жарияланды. Онда алдымен баспагердің жобаны жүзеге асырмайтыны айтылады.

Cambridge University Press баспасөз-хатшысы The Economist басылымына "хат
Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчак (оң жақта) және Владимир Путин (сол жақта). 29 қыркүйек 1992 жыл.
Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчак (оң жақта) және Владимир Путин (сол жақта). 29 қыркүйек 1992 жыл.
алмасу құпия заңдық кеңеске негізделген ішкі корреспонденция болатын, ол баспаның кітап туралы немесе жалпы ғайбат мәлімет туралы ресми пікірін білдірмейді" деген.

Давиша Хэлсемнің электрондық хатын алғанда АҚШ пен Еуропа елдерінің Путинге жақын дәулетті кәсіпкерлер мен шенеуніктерге санкция салғаны мәлім болған еді, бұның өзі таң қаларлық кездейсоқтық дейді ол. Ол тізімдегі адамдардың көбі оның кітабының кейіпкерлері екен.

«Бұл АҚШ, Еуропа Одағы және Ұлыбритания тарапынан сәтсіз ықпалдастық болды. Олар осы топтың іс-әрекеті туралы біледі, ең танымал баспалардың бірі көпшіліктің ол жайында толық білгенін қаламайды» деді Давиша Азаттыққа.

Ресейлік шенеуніктер Обаманың әкімшілігі Путиннің «достары» деп атайтын, санкция салынған тұлғаларды АҚШ-тың айыптауын негізсіз деп атады.

Cambridge University Press баспасөз хатшысы The Economist басылымына берген мәлімдемесінде баспагердің Давишамен басылым келісім-шартына отырмағанын, сондықтан оның «кез келген басқа баспада кітабын жариялау мүмкіндігі бар» екенін айтты.

Бірақ ол баспагердің электрондық хатты оқыған соң Давишамен хабарласқанын, «мәмілеге келу жолын қарастырғанын» жеткізді. Давиша бейсенбі күні Азаттыққа баспагердің ымыраға келу үшін адвокатымен байланысуды ұсынғанын, бірақ өзінің әлі хат жазбағанын айтты.

Давишаның айтуынша, кітапта 1990 жылдары Анатолий Собчак Санкт-Петербург мэрі болғанда лауазымды қызмет атқарған Путиннің күмәнді іс-әрекеттері сипатталады. Онда кейіпкерлердің екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Испанияға демалысқа жіберуге арналған бағдарлама бойынша ақша жымқырғандары айтылады.

Ол кітабында 1990 жылдары Санкт-Петербургте депутат болған Марина Сальенің
Ресей парламентінің бұрынғы депутаты Марина Салье. Ақпан, 2010 жыл.
Ресей парламентінің бұрынғы депутаты Марина Салье. Ақпан, 2010 жыл.
деректерін келтірген. Салье сол кездері вице-мэр болған Путинді бірнеше миллион долларды жымқырды деп айыптаған еді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2012 жылы Салье дүние салғанда оның жинаған деректері «ескірген және бірнеше мәрте шындыққа жанаспайтыны дәлелденген» деді.

Давиша Кембридждің кітапты басып шығаруды тоқтатып қойғанына қынжылмайтынын, бірақ жобаға қатысты жағдайды айтуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

"Оларды құрдымға ала кетейін деген ойым жоқ. Бірақ демократиялық қоғамдағы жазушылар, журналистер мен баспагерлер теріс әрекетті көргенде соған назар аударып, ескерту жасауға міндетті деп ойлаймын" дейді ол.

Мақаланы аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG