Accessibility links

Кремль «антиамерикалық сырқатпен» ауыра бастады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин опера театрында. Дрезден, 16 қаңтар, 2009 жыл.

Ресей премьер-министрі Владимир Путин опера театрында. Дрезден, 16 қаңтар, 2009 жыл.

Wall Street Journal («Уол стрит джорнал») ақпанның 6-сында Алан Калисонның «Кремль антиамерикалық көңіл-күйге ойысып барады»» атты мақаласын басты. Оның айтуынша Кремль оппозиция жетекшілерін АҚШ-тың қуыршағы деп айыптай бастаған.


Мақала авторы «Мемлекеттік телеарналарға емес, интернетке сенетін миллиондаған орыс азаматтарына Кремльдің ежелгі тәсілі әсер ете ме, жоқ па деген мәселе талқыланып жатыр» деп жазады.

«ЕЖЕЛГІ ТӘСІЛ»

«Премьер-министр Владимир Путиннің наурыздың 4-інде алдын-ала ұйымдастырылып, «реттеліп» қойған президент сайлауында жеңіске жететіні белгілі. Алайда, осы әділетсіз сайлаудан соң басталғалы тұрған жанжалды Кремльдің қандай жолмен тоқтататыны белгісіз. Себебі сайлаудан соң оппозиция өкілдері Путинге қарсы шеру. Уфа, 4 ақпан 2012 жыл.

Путинге қарсы шеру. Уфа, 4 ақпан 2012 жыл.

нәтижесі алдын-ала дайындалған сайлаудың заңсыз тұстарын әшкерелеп, дауласуға дайын отыр» деп болжайды мақала авторы Алан Калисон.

Шетелдік сарапшы Ресей мен АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың шиеленісіп бара жатқаны туралы біраз мәліметтер айтады.

Мақала авторы Ресей БҰҰ-ның Сирия президенті Башар әл-Асадқа қатысты қабылдаған қарарын әділетсіз деп мойындамай тастағанын, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Ресейдегі сайлауды «карикатура» деп атағанын, Кремльдің АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсартуда ешқандай қадамға бармай отырғанын сынайды.

Мақала авторы Калисон Ресейдің мемлекеттік телеарналары Путин беделінің құлдырағанына қарамастан оны Ресейдің құтқарушысы етіп сомдаған деректі фильмдерді көрсетіп жатыр дейді.

Батысты Ресейдің жауы етіп сипаттау Путиннің жиі қолданатын тәсіліне айналды. Путин журналистерге «Батыс бізбен одақтас болғысы келмейді. Олар вассал қылып, бәрін (басқа мемлекеттерді - ред.) билеп төстегісі келеді. Ресей олардың айтқанымен жүрмейді» деп сұқбат бергенін жазған.

«ТҰРАҚТЫЛЫҚ ШАЙҚАЛУЫ МҮМКІН»

Алан Калисон Путинді сынағандарға жан-жақты қысым жасалып, оппозиция басшыларын Батыстың қуыршағы етіп көрсететін фильмдер түсіріліп, олардың абыройына зиян келтіретін саяси тәсілдер қолданылып жатқанын да жазған.

Ресейдегі әділ сайлауды талап еткен шеру. Екатеринбург, 5 ақпан, 2012 жыл.

Ресейдегі әділ сайлауды талап еткен шеру. Екатеринбург, 5 ақпан, 2012 жыл.

«БАҚ-ты уысында ұстап отырған Ресей билігі Путинді насихаттап, басқа канидидаттардың телеарналар арқылы танылуына мүмкіндік берер емес. Ал Путиннің өзі «сайлаудың екінші айналымы болуы мүмкін, бірақ созылмалы сайлау саяси тұрақтылықты шайқап кетуі ықтимал» деп елді сақтандырған болды» дейді сарапшы.

Автордың пайымдауынша, қақаған аязға қарамастан билікке қарсылардың күшейіп бара жатқаны Кремльдің жүйкесін жұқартып отыр. Желтоқсанның басында өткен парламент сайлауынан бері ереуілге қосылған халықтың саны екі есе өскен. Бірақ полиция олардың санын азайтып көрсетуге тырысады.

Интернет арқылы шұғыл ұйымдастырылған бұл қарсылық акциялары - Путин басқарған 12 жылда болып жатқан ең үлкен саяси оқиға. Билік қала парктеріне халықты жинап алып, «Мұның бәрі Ресейді әлсірету үшін Американың істеп отырғаны» деген ескі сарынды қайталап жатыр дейді мақала авторы.

«ТӘРТІПТІ ПУТИН»

Мақалада Ресейдің БҰҰ-дағы бұрынғы елшісінің елдегі ахуалға орай «Известия» газетінде жарияланған сөзінен «Ресей қазір революция кезіндегі және екінші Әділ сайлауды талап еткен шеру. Ресей, Пермь, 5 ақпан, 2012 жыл.

Әділ сайлауды талап еткен шеру. Ресей, Пермь, 5 ақпан, 2012 жыл.

дүниежүзілік соғыс тұсындағы қауіп-қатермен тағы да бетбе бет келіп тұр. Ол кезде де ұлт жетекшілері ресейлік ұлтшылдыққа арқа сүйеген болатын» деген сөзінен үзінді беріліпті.

Автор «Ал Путин Ресейді халықаралық заңдарды сақтайтын тәртіпті ел ретінде көрсеткісі келеді. Керісінше АҚШ-ты адам құқықтары мен демокртияны бетперде қылып, өз мүддесін жүзеге асыратын ел ретінде сипаттайды. Бірақ көптеген саяси сарапшылар Путиннің аяқ астынан тәртіпті боп шыға келгенін алдағы президент сайлауымен ғана байланыстырады» деп жазады.

Алан Калисон Wall Street Journal басылымында жарияланған мақаласын Ресейлік танымал журналист Владимир Познердің «Үкіметтің үнемі қиын жағдайда қалғанда жауапкершілікті біреуге ысырып, АҚШ сияқты жауларды сырттан іздейтін әдеті бар. Әрі бұл әдіс адамдарға жақсы әсер етеді» деген пікірімен аяқтаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG