Accessibility links

Үкіметті сынаған Азаттық тілшісін «арсыз», «рушыл» деп қаралады


Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайлова. Баку, 16 ақпан 2012 жыл.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайлова. Баку, 16 ақпан 2012 жыл.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайловаға белгісіз біреулер әртүрлі тәсілмен қоқан-лоқы жасап, арандатушылық сарындағы материалдар жариялап жатыр. Бұған үкіметтік ақпарат құралдары да үн қосып, журналиске «рушыл», «жершіл» деген айыптар тақты.


Азат Еуропа/Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің Бакудегі журналисі Хадиджа Исмайлова наурыздың 7-сінде өзіне қоқан-лоқы көрсеткен хат алған еді.

Белгісіз хат авторлары журналист пен досының оңаша қалған сәттері түсірілген интимдік мазмұндағы суреттерді Исмайлованың туыстары мен бірнеше оппозициялық ақпарат құралдарына қоса жолдап, «журналист айтқанға көнбесе, мұның жұртқа жария боларын» ескертіп, доқ көрсеткен.

ПРЕЗИДЕНТ ӘУЛЕТІНІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

– Бұл қоқан-лоқы маған жаңалық болған жоқ. Талай жылдан бері журналистік зерттеу жасап келемін. Оның арасында президент Ильхам Әлиевтің құпия бизнесі де жайлы мақалалар да бар. Ең жоғарғы билік иелері арасындағы жемқорлық деректері, билеуші партия мүшелерінің оффшорлық бизнес құпиялары мәлім болған, – деп мәлімдеді Хадиджа Исмайлова осы хатты алған күні.

Журналист бұған дейін де бірнеше рет осындай қоқан-лоқыға душар болғанын, мұның бәрі өзінің жұмысына байланысты деп білетінін таратып айтты.

– Әзербайжан әуе жолдарына қатысы бар «Азалбанктың» қалай жекешеленгенін зерттедік. Мемлекеттік банкті заңсыз жекешелендірген. Оны президент Ильхам Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қыздары Лейла мен Арзу. Мәскеу, 20 желтоқсан 2007 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қыздары Лейла мен Арзу. Мәскеу, 20 желтоқсан 2007 жыл.

Әлиевтің қызы Арзу Әлиева мен «Азал» мемлекеттік концерні басшысының әйелі алған. Бұл банктегі негізгі акциялары осы екі әйелге тиесілі. Енді бір зерттеу телекоммуникация компаниясына байланысты болған. Үкімет бұл компанияныың иесін айтпай, халықты алты жыл бойы алдап келіпті. «Компания акциясының 30 пайызы немістің Siemens компаниясына тиесілі» дейтін. Анығында акцияның 72 пайызы панамалық компанияға тиесілі екенін, ал Siemens-тің мүлдем қатысы жоқтығын анықтадық. Одан соң панамалық компанияның иесін іздей бастадық. Өйтсек, оның иесі президенттің қыздары Лейла мен Арзу Әлиева және Санкт-Петербургте тұратын Швейцария азаматы Оливье Местелан екен. Осындай зерттеулерден кейін достарым да, қастарым да маған «сақ бол» деуші еді, – дейді журналист Хадиджа Исмайлова.

«АЙҒАҚ» – ВИДЕО, АЙЫП – «РУШЫЛДЫҚ» ПЕН «ЖЕРШІЛДІК»

Журналиске қоқан-лоқы көрсетушілер наурыздың 13-і күні Musavat televiziyasi деп аталатын сайтқа жасырын камерамен түсірілген, Хадиджа Исмайлова мен беймәлім жігіттің көңіл қосқан сәті бейнеленген видеоны жариялады.

Бірақ бұл сайттың содан екі-үш күн бұрын ғана ашылғаны, оппозициялық сарындағы бірнеше мақаланың 11 наурыздан бері ғана жариялана бастағаны анық болды. Әзербайжандағы осы сайт аттас «Ени Мусават» газетінің редакторы Рауф Арифоглу «Хадиджа Исмайлова туралы видео жариялаған сайттың өздері шығаратын газетке де, партияларына да еш қатысы жоқ екенін» мәлімдеді.

Дәл осы күні Әзербайжандағы билік партиясының «Ени Азербайжан» газеті де Азаттықтың журналисі Хадиджа Исмайлованың «моральдық-адамгершілік бейнесіне» мақала арнады. «Ени Азербайжан» сайтының 13 наурызда жариялаған мақаласы Хадиджа Исмайлованы және Азаттық радиосының Әзербайжан қызметін қаралауға арналды.

Хадиджаның «Америка дауысы» радиосында аудармашы, 2008-2010 жылдары Азаттықтың Бакудегі бюросында жетекші болған кездерін егжей-тегжейлі жазған «Ени Азербайжан» журналистің «дұрыс адам емес екенін» дәлелдеу үшін оны «трайбалист» және «жершіл» деп айыптап, бірнеше мысал келтіреді.

Билік партиясының газеті «Әбілпейіз Елшібайдың тұсында Хадиджа Исмайлованың әкесі Ровшан Исмайловтың лауазымды қызмет атқарғанын» еске сала келе, «журналистің жемқорлық тақырыбына құштарлығы содан болар» деп кекетеді.

«АРАНДАТУШЫЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫ ҚОРҚЫТУ»

Журналист Хадиджа Исмайловаға қарсы жасалған арандатушылық әрекеттер Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Корнның Бакуге сапарымен тұспа-тұс келді.

– Біз Хадиджаны толық қолдаймыз. Оның ерлігіне, цензурасыз жаңалық пен ашық пікірталасқа мұқтаж Әзербайжан азаматтарына көмектесіп жүргеніне разымыз, – деді Стивен Корн.

Ол Хадиджаның еңбегі өлшеусіз құнды екенін, күйе жақпақ болғандардың ісі ұят екенін айтты.

Журналиске халықаралық тәуелсіз ұйымдар да ара түсіп жатыр. Freedom House Еуропарламенттің бірнеше депутаты Хадиджа Исмайловаға байланысты Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонға хат жазды.

Еуропарламенттің бірнеше депутаты Хадиджа Исмайловаға байланысты Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонға хат жазды.

(«Фридом Хауз») халықаралық ұйымы журналиске қарсы әрекетті айыптады.

Әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнустың ойынша, «Исмайловаға және Азаттыққа қарсы бағытталған бұл кампанияның мақсаты – халықты қорқыту».

Нью-Йорктегі CPJ (Журналистерді қорғау комитеті) ұйымы Хадиджа Исмайлованың «үнін өшірмек болған әрекеттен қатты тіксінгендерін» айтып, Әзербайжан билігін журналистің амандығына кепіл болуға және айыптыларды табуға шақырды.

Reporters Without Borders («Шекарасыз тілшілер») ұйымы «бұл журналисті қорқытпақ болған бірінші әрекет емес екенін» айтып, мұндай істің біржолата тыйылуын талап етті.

Еуропарламенттің бірнеше депутаты Хадиджа Исмайловаға байланысты Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонға хат жазып, оқиғаға араласуды өтінді.

Наурыздың 15-і күні кешке Әзербайжан президентінің әкімшілігі бұл оқиғаға орай пікір білдірді. «Әзербайжан үкіметі идеялық және саяси көзқарасына бола кез-келген журналистің жеке бас тірлігіне кірісуді теріс көреді» деп мәлімдеді әкімшілік өкілі Эльнур Асланов.

Ал Әзербайжанның бас прокуратурасы сол күні кешке «Азаттық радиосы қызметкерінің жеке бас еркіне қол сұғу дерегіне орай қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша іс қозғалғанын» хабарлады.

БИЛІКТІҢ «СҮЙІКТІ ҚАРУЛАРЫ»

Әзербайжанда пікірі биліктің көзқарасымен үйлеспейтін журналистер мен оппозиция өкілдерін осылай қаралау науқаны бұған дейін де талай рет жүзеге асқан еді.

Билік өзіне ұнамаған азаматтарға қарсы демократияға, адам құқы мен ұятқа қайшы амалдарды – порнографиялық немесе «гейлік» сипаттағы «қаруларын» жиі қолданады.

Әзербайжанда 2003 жылы оппозициялық Халық майданы партиясының жетекшісі, Оппозициялық саясаткер Али Керимли. 4 ақпан 2012 жыл.

Оппозициялық саясаткер Али Керимли. 4 ақпан 2012 жыл.

парламент депутаты Али Керимлиді «гей» деп сипаттаған материалдар ресми басылымдар мен «Лидер» телеарнасына азық болды.

2003 жылғы президенттік, 2005 жылғы парламенттік сайлаулар кезінде де саяси қарсыластарға қатысты мұндай айыптау көп айтылды.

2005 жылдың көктемінде «Азадлыг» газетінің басшылары Ганимат Захидов пен Азер Ахмедовтің «моральдық азғын бейнелерін» сипаттайтын материалдар интернет пен ресми БАҚ-тан жиі көрсетілді.

Әзербайжан билігі «Азадлыг» газетінің журналисі, жемқорлық мәселесін көп жазған Агил Халилді де «гей» деп айыптады. Журналист ақыры бұл қысымға шыдамай, елден кетіп қалуға мәжбүр болды.

Бірақ Ильхам Әлиев билігі кейбір адамдарға «гейліктен» өзгеше айып тағып, соттай алады. Мысалы, 2005 жылы өткен сайлау қарсаңында «Ени Фикир» жастар ұйымының жетекшісі Руслан Баширлиге қарсы шаралар ұйымдастырылып, оппозиция өкілдеріне «маскүнемдер», «бұзақылар», «ұятсыздар», «сатқындар», «көргенсіздер» деген айдар тағылды. Сол кезде жеті жылға сотталған Руслан Баширли кеше ғана – наурыздың 15-і күні президент Ильхам Әлиевтің рақымшылығымен босап шықты.

Ақын және журналист Мирза Сакит – «нашақор» ретінде, «Азадлыг» газетінің редакторы Ганимат Захид – «бұзақы» ретінде, «Реальный Азербайджан» газетінің құрылтайшысы Эйнулла Фатуллаев – «армян тыңшысы және лаңкес» ретінде, блогерлер Эмин Милли мен Аднан Гаджизаде – «арамтамақтар» ретінде сотталып кетті.

Әзербайжанда адамның жеке өміріне қатысты бейнекөріністерді құрал ететін лас амалдар 2010 жылғы парламент сайлауы кезінде қайта жанданды. «Беймәлім» біреулер «Азадлыг» газетінің директоры Азер Ахмедовтің төсек тірлігіне қатысты видеоны интернетке жариялады.

Мұндай шабуылдың ендігі құрбанының - Азаттық қызметкері Хадиджа Исмайлованың жатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан адамдардың әрекетіне ресми БАҚ та үн қосып, журналистің «моральдық кемшіліктерін» тізіп жатыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG