Accessibility links

АҚШ Сочидегі қауіпсіздік шарасына көмектесуге әзір


Олимпиадаға дайындық. Сочи, 24 желтоқсан 2013 жыл.

Олимпиадаға дайындық. Сочи, 24 желтоқсан 2013 жыл.

АҚШ ақпан айында Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресейге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың бастамасымен сенбі күні телефон арқылы сөйлескен АҚШ және Ресей қорғаныс министрлері Чак Хейгель мен Сергей Шойгу осы мәселені талқылады.

Пентагон өкілі Джон Кэрбидің айтуынша, Чак Хейгель ресейлік әріптесіне жуырда Волгоградта болған террористік шабуылдарға байланысты АҚШ атынан көңіл айту үшін қоңырау соққан. Чак Хейгель Ресей қорғаныс министріне «Ресейден тиісті өтініш түссе, АҚШ қысқы олимпиада кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көмектесуге әзір» деп мәлімдеген.

Волгоградтағы жарылыстардан кейін америкалық ақпарат құралдарында «Бұл жарылыстар қаскөйлердің олимпиадаға дайындаған терактілерінің жаттығуы емес пе?» деген мәселе талқыланып жатыр. Сочиге баратын америкалық Полиция азаматтың құжатын тексеріп тұр. Сочи, 30 желтоқсан 2013 жыл.

Полиция азаматтың құжатын тексеріп тұр. Сочи, 30 желтоқсан 2013 жыл.

делегацияның басшысы, АҚШ-тың бұрынғы ішкі қауіпсіздік министрі, қазір Калифорния университетінің президенті Джанет Наполитано мұндай болжамды қостамайды.

– Мен мұндай ұйғарым жасамас едім. Бұрынғы олимпиадалар кезінде де қауіпсіздік мәселелері көтерілгенін ұмытпайық. АҚШ Ресей және басқа елдермен, халықаралық олимпиада комитетімен ынтымақтасуға әзір. Олимпиада ойындары тыныш өтіп, спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілгеніне бәріміз мүдделіміз, – дейді Наполитано NBC телекомпаниясына берген сұхбатында.

Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы, соңғы президент сайлауына республикалық партиядан қатысқан кандидат, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситидегі қысқы олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру комитетін басқарған Митт Ромни де бұл пікірді құптайды:

– Кезекті олимпиаданы өткізу кезінде жасалуы мүмкін зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық туады. АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінен небәрі бірер ай өткенде – 2002 жылы олимпиада өтті. «Террористік Митт Ромни АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде. Массачусетс, 7 қараша 2012 жыл.

Митт Ромни АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде. Массачусетс, 7 қараша 2012 жыл.

шабуылдар болар ма екен?» деп қатты алаңдадық. Бақытымызға орай, бізде олимпиада тыныш өтті. Бірақ дүние жүзінен көп адам қатысатын үлкен шаралар тұсында мұндай қорқыныштар болуы заңды. Спортшылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей қолдан келген барлық мүмкіндікті жасайды деп сенемін, – деді Ромни жексенбі күні Fox телекомпаниясына берген сұхбатында.

Митт Ромнидің пікірінше, террористер «олимпиада кезінде шабуыл жасаймыз» деп нақты қоқан-лоқы жасағандықтан Ресей айрықша қиын жағдайға тап болып отыр.

– Олимпиадаға дайындық кезінде «ел ішінде шабуылға дайындалып жатқан әлдебір топтар болуы мүмкін» деп ойлаудың өзі қорқынышты. Бірақ мен Ресей сияқты елде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ресурстар жеткілікті деп ойлаймын. «Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде тікелей ойынның өзін ғана қорғап қою немесе қауіпсіздік күштерін технологиялық тұрғыдан жабдықтау жеткіліксіз. Жарыс басталғанға дейін айлап, тіпті жылдап барлау жұмыстарын жүргізіп, қатер төндіретін тұлғаларды анықтау қажет» деген пікірімді үнемі айтамын. Ресей барлау қызметі үлкен жұмыс жүргізді және қатер төндіруі мүмкін жандарды олимпиадаға маңайлатпайды деп ойлаймын, – дейді Митт Ромни.

Ресей билігінің олимпиада ойындары кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына жоғары баға бергеніне қарамастан, Митт Ромни олимпиаданы Ресейде өткізу идеясын құптамайды. Сайлауалды науқан кезінде Джанет Наполитано. Вашингтон, 17 сәуір 2013 жыл.

Джанет Наполитано. Вашингтон, 17 сәуір 2013 жыл.

​ Ромни «Ресей – АҚШ-тың ең басты геосаяси бәсекелесі» деген еді. Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы қазір Мәскеуді Сирия және Иран проблемалары бойынша ұстанған позициясы, америкалық барлау мәліметтерін ұрлап қашып кеткен Эдвард Сноуденге уақытша баспана бергені үшін кінәлайды.

АҚШ-тың Сочиге Джанет Наполитано басқарып баратын ресми делегация құрамында дәстүрлі емес жыныстық азшылық өкілдері – әйгілі теннисші Билли Джин Кинг, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Брайан Бойтано, хоккейші Кэйтлин Кэхоу бар.

– Біз АҚШ-тың еркін, ашық ел және толерантты қоғам екенін көрсеткіміз келеді, – дейді Джанет Наполитано.

«Сочиге баратын америкалық делегация құрамында АҚШ президенті де, вице-президенті де болмауы Ресейге саяси қыр көрсету белгісі емес пе?» деген сауалға Джанет Наполитано «Олимпиада ойындары қарсаңында саяси мақсат-мүдделердің орын алуы – заңды. Бірақ ойын басталып, атлеттер өз шеберлігін көрсете бастағанда саясат кейінге ығысады» деп мәлімдеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG