Accessibility links

Ресейде хайуандар құқығын қорғаушылар белсенді бола түсті


Хайуанаттар құқын қорғаушылар белсенді. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
Хайуанаттар құқын қорғаушылар белсенді. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.

Қыс түсе былғары күрте мен тон киетін Ресейде хайуанаттар құқын қорғаушылар белсенді бола бастады.

Ресейдің Магнитогорск қаласында тұратын 34 жастағы Альфия Каримова қара түлкінің терісінен тігілген әдемі тонға ие болады. Қыс түскен соң қаракүзеннен тігілген киім алуды ұйғарады. Желіден «тон» деген сөзді тергені сол екен, жануарларды өлтіріп, олардың терісін сатуды кәсіпке айналдырған қатыгез тауар өндірушілер туралы мақалаға тап болады. Онда хайуандарды тірідей сою, электр тогына соқтырып өлтіру, газбен тұншықтыру, қатыгез амалдармен аулау тәрізді оқиғалар айтылған. Мақаланы оқыған Альфия шошып кетеді.

- Жерге кіріп кете жаздадым. Сонша жылдан бері өзім киіп келген киімнің қатыгез, жабайы әдіспен жасалғанын қалай түсінбегенмін? Мен үшін бұл жұмбақ еді. Қатты ұялдым. Айыбымды жуып-шаю үшін шара қабылдауым керек деп шештім, - дейді ол.

Ресейдің Орал аймағында орналасқан, теріден тігілген киімді «шуба», бұлғын бөрікті «шапка» деп атайтын, құрыш өндіретін қаланың тұрғыны хайуанаттар құқын қорғайтын белсенді болып шыға келді. Оған қоса ет өнімдерінен бас тартып, вегетарианға айналды.

Альфия Каримова қазан айында қасына өзі сияқты он шақты белсендіні алып, тон сататын дүкендердің маңында ұрандатып, үндеу жасап, сатып алушыларды
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
хайуанаттар терісінен тігілген тоннан бас тартуға шақырды. Бұл ауқымды шара емес, бірақ жануарлар құқын қорғаушылар мұны ірі істің бастамасы ғана дейді.

Магнитогорскіде басталған шағын шеру - "Вита" хайуанаттар құқын қорғау тобы өткен айда өткізген шараның бір бөлігі ғана. Бұндай әрекеттер Қиыр Шығыстағы Владивостоктан бастап оңтүстіктегі Ставропольге дейін, батыстағы Белгоградқа дейінгі 46 қаланы қамтыды.

Үлкен шерудің бірінде 400 жас белсенді Санкт-Петербургке барды. Кейбіреулері қасапшы мен жендеттің киімін киіп, қолдарына «Былғары кисең, өлім киіп жүргенің», «Сәнді киім өлімнен алынды» деген жазуы бар плакаттар көтеріп шығады. Шараға қатысушылардың саны айтарлықтай көп емес, шамамен 2 мың адам ғана. Бірақ белсенділер "интернеттің арқасында жас буынға жаңа ой тастадық, хайуанаттарға қатыгез қарым-қатынас жасалып жатқанын жеткіздік" дейді.

"Вита" ұйымының Санкт-Петербургтегі филиалының жетекшісі Динара Адеева олардың саны күн санап өсіп бара жатқанын айтады.

- Бұл бірден байқалады. Әлеуметтік желіге хабарландыру салғанда наразылықты құптайтындар саны осынша көп болады деп ойламаған едік. Ресейдің көптеген қалалары, соның ішінде былғарыдан тігілген киімсіз өмірін елестете алмайтын Сібірде тұрғындар шеруге шығады деп күткен жоқпыз, - дейді ол.

«РЕСЕЙ ҮШІН БҰЛ АСА МАҢЫЗДЫ ЕМЕС»

«Вита» ұйымының дерегі бойынша, Қытайда «өсіріліп», кейін қатыгез әдіспен «өндірілетін» хайуандардың терісін жаппай тұтынатын ел - Ресей. Ұйым сайтындағы жан түршіктіретін бейнекөріністе тірі хайуандардың терісін сыпырғаны көрсетілген.

- Қызығушылық қана емес, жанашырлық сезімі де арта түсті. Жануарларға
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
қатыгездікпен қарау, адамдардың сауатсыздығы туралы деректі таратушылар – көбіне жастар, - дейді Динара Агеева.

Бірақ қысы суық Ресей үшін былғары тоннан артық киім жоқ деп санайтын елде жануар құқын қорғаушылардың жұмысы көп.

Ресейдің басты сауалнама жүргізу мекемесі – Бүкілресейлік қоғамдық пікір орталығы (ВЦИОМ) хайуанаттар құқын қорғау туралы пікір айтудан бас тартты, олар бұндай тақырыпқа сауалнама жүргізген емес.

Тәуелсіз "Левада" орталығының сарапшысы Ольга Казаева екі жыл бұрынғы сауалнама кезінде ресейліктердің 4 пайызы ғана хайуанаттар құқын қорғауда белсенділік танытты дейді. Казаеваның айтуынша, жалпы алғанда Ресей халқы хайуандарға «оң қарайды», бірақ алдағы 5-7 жылда оларды қорғау шарасы гүлдене қоймайды.

- Ресейде басқа да маңызды мәселелер көп. Күнкөріс сияқты мәселелер
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
тұрғанда жануарлар құқын қорғау ресейліктер үшін елеулі емес, - дейді ол.

24 жастағы мәскеулік Ксения Подольскаяның жануарларға жаны ашиды, бірақ тері тоннан бас тарта алмайды.

- Суреттерді көріп, оқиғаларды оқығанда жаным ауырады. Бірақ тері тон сатып алуыма ол кедергі емес. Бізге ондай киім қажет, - дейді ол.

Олар өлкесінде туып, Мәскеуге келген Подольская достарының көбі табиғи теріден тігілген тон киетінін айтады. Тіпті кейбіреулерінде сондай бірнеше тон бар. Ол жасанды терінің табиғи былғарыға жетпейтінін айтады.

«Хайуанаттарға мейіріммен қарау» (PETA) ұйымының өкілі Питер Хоефкен Ресейдегі негізгі кедергі азаматтық қоғамның әлсіздігі деп біледі. "Вита" ұйымы жасырын жазып алған бейнекөріністе (жақында YouTube-те жарияланды)
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
Хайуанаттар құқын қорғаушы белсенділер шеруі. Санкт-Петербург, 20 қазан 2013 жыл.
мемлекеттік цирк қызметкерлерінің кенгуру мен екі маймылды ұрып жатқаны көрсетілген. Бұл оқиғадан соң хайуанаттар құқын қорғаушылар шу шығарды, бірақ цирк қызметкерлері қарсы шара қолданылмады.

Хоефкеннің пікірінше, 20 жыл бұрынғы Германиядағы сияқты ресейліктер мәселеге «немқұрайлы қарайды». Бірақ Германия қазір ондай сезімнен арылған. Кедергілерге қарамастан, Альфия Каримова сияқты белсенділер енжарлықпен күресу үшін цирктегі тәрізді бейне көріністерді көбірек тарату керек дейді.

- Мен де басқалар сияқты өмір сүргенмін. Адамдар санасына толық жетпейінше ол мәселе туралы ойланбайды. Олар құбыжық немесе жауыз емес, жендеттердің бизнесін өркендетсем демейді. Бұл мәселеге еш бас қатырмай өмір сүре береді. Біз де бір кезде сондай болғанбыз, - дейді Альфия Каримова.

Том Бэлмфордтың мақаласын аударған – Динара Әлімжан
XS
SM
MD
LG