Accessibility links

Гарри Поттер мен Чебурашканың қайсысы жеңеді?


Совет дәуіріндегі Чебурашка атты мультфильм кейіпкері
Совет дәуіріндегі Чебурашка атты мультфильм кейіпкері

Ресей билігі ата-аналарды кішкентай балаларына совет дәуірінің мультфильмдерін көрсетуге жиі шақыра бастады. Шенеуніктер осылайша Батыстың "зиянды" анимациялық фильмдеріне тосқауыл қоймақшы.


Ресейлік шенеуніктер ата-аналарға Батыстың телевизиялық шоуларының орнына совет дәуірінде түсірілген мультфильмдерді көрсету әлдеқайда пайдалы деген кеңес бере бастады.

Елдің ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев наурыздың 29-ы советтік кезең мультфильмдері балалардың бойына моральдық құндылықтарды сіңіріп, олардың мейірбан болып өсуіне жәрдем етеді деп мәлімдеген.

"Біз - ерекше елміз, - деп тебірене сөйледі ол Ресей Думасының жоғарғы палатасына қаратып. - Бізде ерекше мейірімділік бар, бізде басқа елдерде жоқ құндылықтар бар".
Гарри Поттерді құрметтейміз, бірақ өзіміздің де қаһарманымыз бар. Ол - Иван Царевич.
Бірақ Нұрғалиев нақты қандай құндылықтар туралы айтып тұрғанын түсіндірмей кетті.

Министрдің үндеуін Ресейдің балалар ісі бойынша омбудсмені Павел Астахов қолдай кетті. Астахов ата-аналарды кішкентайларын сиқыршы балалар мен басқа да батыстық теле-кейіпкерлерден алшақ ұстауға шақырды.

"Гарри Поттерді құрметтейміз, бірақ өзіміздің де қаһарманымыз бар. Ол - Иван Царевич" деді ол.

Орыс фольклорының кейіпкері Иван Царевич совет дәуірінде түсірілген бірнеше мультфильмге сюжеттік өзек болған.





Совет кезеңіндегі мультфильмдер сапасының нашарлығынан қазір дүниежүзінде туған анимациялық төңкерістің өнімдерін тұтынып үйренген аудиторияның көңілінен шыға қоймасы анық. Ал Батыс мультфильмдеріне бойкот жариялау туралы жаңа үндеулер біраз ресейліктер үшін шектен шыққан әділетсіздік болып көрінді.

LiveJournal желісінің бір блогері бұған қатысты сезімін бір сөйлеммен былай деп сипаттайды: "Масқара, мыналар балаларымыздан енді Том мен Джерриді тартып алмақшы ғой!"
XS
SM
MD
LG