Accessibility links

Ресейдегі 1993 жылғы дағдарыстың басты кейіпкерлері


Ресейдегі билік дағдарысы кезінде өртеніп жатқан үкімет ғимараты. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

Ресейдегі билік дағдарысы кезінде өртеніп жатқан үкімет ғимараты. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

Ресейде осыдан 20 жыл бұрын болған конституциялық дағдарыс қарулы қақтығысқа ұласып, оның соңы парламент ғимаратының өртенуіне себеп болды.

1993 жылғы қазандағы оқиға 1917 жылғы Октябрь төңкерісінен бері болып көрмеген жойқын қақтығысқа ұласып, Ресейде азамат соғысы қаупін тудырды.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы қазанның 4-інде Ресейдің билік тармақтары арасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жетіп, президент Борис Ельцин парламент ғимаратын әскер күшімен басып алу жөнінде пәрмен берді.

Одан екі апта бұрын, қыркүйектің 21-і күні президент Борис Ельцин елдің заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңесті таратып, жаңа сайлау өткізу туралы шешім шығарды. Алайда Ельциннің басты қарсыластары – Жоғарғы Кеңес спикері Руслан Хасбулатов пен вице-президент Александр Руцкой жақтастарымен бірге парламент орналасқан Мәскеудегі Ақ үйге бекініп, президентке импичмент жариялау науқанына кірісті.

Хасбулатов пен Руцкой Ельцинге наразы қарулы топтарды мемлекеттік «Останкино» телестудиясына және Мәскеу мэриясына шабуылдауға айдап салғанда президент елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы Кеңесті әскердің күшімен басып алуға бұйрық берді.

Азаттық радиосы осы оқиғалардың басы-қасында болған тұлғаларды түгендеп шықты.

ПРЕЗИДЕНТ БОРИС ЕЛЬЦИН

Борис Ельцин қайта құру заманындағы демократиялық қозғалыстың кейіпкеріне онша келіңкіремейтін. Ол Коммунистік партиядан оқшауланып, тез арада популистік көсемге айналды. 1991 жылғы тамызда демократтардың қозғалысын Борис Ельцин (сол жақ шетте)

Борис Ельцин (сол жақ шетте)

бастап, жүйеге қарсы айбат шегіп, парламент үйінің алдында танк үстінде тұрған бейнесі оны Ресейдегі жаңа дәуірдің символына айналдырды. Бұл оқиға Совет Одағының күйреуін жеделдетіп, Ельциннің Кремльге келуіне жәрдемдесті.

Алайда 1993 жылдың көктемінде бұл екпін басылып қалды. «Үркіту терапиясы» деп аталған нарық реформасы халықтың көңілінен шықпады, ел экономикасы құлдырап кетті. Ельцин 1993 жылдың сәуірінде өзінің билікте қалуына байланысты өткізілген референдумда жеңіске жетті. Алайда жазға қарай Ельцин мен заң шығарушы орган, оның басшысы Руслан Хасбулатовтың, өзінің орынбасары, вице-президент Александр Руцкой арасында кикілжіңдер басталды.

Конфликт билікті тығырыққа тіреп, текетіресті күшейте берді. Сол себепті 1993 жылғы қыркүйектің 21-і күні президент парламентті таратып, желтоқсанда жаңа екі палаталы парламентке сайлау тағайындау туралы 1400 нөмірлі жарлыққа қол қойды. «Бұл экономикалық реформаларды жүзеге асырып, нарық экономикасын қалыптастыру, совет заманының қалдықтарынан арылу үшін қажет» деді президент.

Депутаттар Мәскеудегі Ақ үйге бекініп, Ельцинге импичмент жариялауды бастағанда, олардың сөзіне құлақ аспаған ол ғимараттағы жарықты сөндіріп, телефон мен су құбырларын қиып тастады.

Жолдарды бөгеп, көшелерді жауып тастаған үкіметке қарсы топ пен полиция арасында қақтығыстар басталды. Шерушілер «Останкино» телемұнарасы мен Мәскеу қалалық мэриясына шабуыл жасағанда Ельцин ішкі істер министрлігіне елде төтенше жағдай жариялау туралы пәрмен берді.

Ақпарат құралдарынан белгілі болғанындай, қазанның 4 -і күні таңертең президент Билік кикілжіңі кезінде. Мәскеу, 2 қазан 1993 жыл.

Билік кикілжіңі кезінде. Мәскеу, 2 қазан 1993 жыл.

Ельцин қорғаныс министрі Павел Грачевқа Ақ үйге әскери шабуыл жасап, басып алу туралы нұқсау берген. Түске қарай үкімет әскері бүлікшіл депутаттарды тұтқындап, ғимаратты бақылауға алды.

Арада үш ай өткен соң бүкілхалықтық референдумда президентке көп өкілет беретін жаңа конституция қабылданды, Ресейде содан бері президенттік басқару формасы сақталып келеді.

Борис Ельцин 1996 жылы екінші рет президент болып сайланды. Кейін оның денсаулығы сыр беріп, Кремльде жемқорлыққа қатысты дау-дамай көбейді. 1999 жылы жаңа жыл мерекесінің қарсаңында ол күтпеген жерден орнынан кетіп, билікті өзі таңдаған ізбасарына – премьер-министр Владимир Путинге тапсырды. Содан бері Путин Ресейді авторитарлық бағытқа қарай бастап барады.

Борис Ельцин 2007 жылы 76 жасында дүние салды.

1993 жылдың қазанында Ресей президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Сергей Филатов Азаттық радиосы тілшісімен сұхбаттасып, сол күндерге былай баға берді:

– Әрине, ең бастысы – оппозициямен арада болған сол қақтығыс кезінде президент пен парламент арасындағы байланыс мүлде үзілді. Екеуінің арасында бір-біріне деген сенім мүлде жойылды. Ең бастысы – экономикалық реформаларды жүзеге Коммунисшіл ереуілшілер баррикадасы. Мәскеу, 1 қазан 1993 жыл.

Коммунисшіл ереуілшілер баррикадасы. Мәскеу, 1 қазан 1993 жыл.

асыруға кедергі келтіру әрекеті басым болды. Бұл тек Борис Ельциннің кемшілігі емес еді. Біздің бәрімізге советтік, империялық менталитет тән болды: мәселені келіссөз арқылы компромиске келу жолымен емес, күшпен шешуге бейім тұрдық. Бұл – Ельциннің, Горбачевтің, бәріміздің кемшілігіміз. Белгілі бір мәселелерді күшпен шешуге тырысуымыз кездейсоқтық емес. Біз онда дауды бейбіт жолмен шеше алатындай дәрежеге дейін дамымаған едік.

Сергей Филатов «сол оқиғадан аман шыққан соң одан көп нәрсені үйренуіміз керек еді, алайда ешқандай сабақ алмадық» дейді.

– Соңғы 20 жыл бойы біз дәл сол әдістерді қолдандық – келісімге келіп, халықтың пікірімен санасып, оған назар аударудың орнына оңтайлы мемлекетті ұстап тұру деген сылтаумен күш қолдану әдістерін пайдаландық. Бұл әрдайым дұрыс бола бермейді. Егер біз демократиялық қоғам құруға ұмтылатын болсақ, мемлекетті басқару әдістерін және билік жүргізу элементтерін өзгертуіміз керек, – дейді Сергей Филатов.

СПИКЕР РУСЛАН ХАСБУЛАТОВ

Ұлты шешен, мамандығы экономист Руслан Хасбулатов Совет Одағы кезінде Ельциннің серігі болды. 1990 жылы Ресей халық депутаттары конгресіне сайланған ол 1991 жылы тамызда Ельциннің төтенше жағдайға қатысты ұстанымын қолдады.

Совет Одағы тараған соң Хасбулатов Жоғарғы Кеңестің төрағасы болып сайланып, тез арада билікті қолына шоғырландырып алды.

Кейін экономикалық реформаларға байланысты Хасбулатов пен Ельциннің Руслан Хасбулатов (сол жақтан екінші) пен Александр Руцкой (сол жақтан үшінші)тұтқындалған сәт. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

Руслан Хасбулатов (сол жақтан екінші) пен Александр Руцкой (сол жақтан үшінші)тұтқындалған сәт. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

қарым-қатынасы нашарлап кетті. Хасбулатов әсіресе нарықтық экономикаға көшудегі «үркіту терапиясын» қолдамады. Бұл екі тұлға арасындағы бәсеке билік тармақтарының арасындағы тартысқа ұласты.

1993 жылы қыркүйекте Хасбулатов Ельцинді «маскүнем» деп атап, билікті босатуын талап етті. Президенттің парламентті тарату туралы жарлығы шыққан соң ол жақтастарымен бірге Ақ үйге бекініп, Ельцинге импичмент жариялауға қатысты дауыс беру шарасын бастады.

Ақ үйдің балконынан сөз сөйлеген Руслан Хасбулатов халықты «Кремльді басып алып, қылмыскер узурпатор Ельцинді түрмеге қаматуға» шақырды. Қазанның 4-і күні болған парламент үйін басып алу операциясынан соң Хасбулатов тұтқындалды. 1994 жылы жаңадан сайланған қос палаталы парламент – Мемлекеттік дума Ельцинге қарсы шыққандармен бірге оған да рақымшылық жасады.

71 жастағы Руслан Хасбулатов қазір саясаттан кетіп, Мәскеудегі Плеханов атындағы экономика академиясында дәріс оқып жүр.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Хасбулатов «сол кездегі әрекеттері дұрыс болғанын» былай түсіндірді:

– Жоғарғы Кеңес билік бөлінісінің тұжырымдамасын ұсынды. Онда конституциялық сот, алқабилер соты да болды, барлық демократиялық Парламент үйі алдындағы шерушілер. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

Парламент үйі алдындағы шерушілер. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл.

институттар көрініс тапты. Қыркүйектің 21-інде конституцияға қайшы, қылмыстық жарлық шықты. Бірақ соның алдында атқарушы билік бар саяси жүйені құлатудың жоспарын жасап қойған. 21 қыркүйекте олар сол жоспарды әскери төңкеріс жолымен жүзеге асыруға кірісті.

Конституцияға сәйкес, біздің импичмент процедурасын бастаудан басқа амалымыз қалмады. Содан соң президенттің жарлығы мен өз ұйғарымымызды конституциялық соттың қарауына бермекші болдық. Конституциялық соттың қандай шешім шығарғанын айтайын ба? Қазір де сот төрағасы қызметін атқаратын Валерий Зорькин бастаған сот алқасы «Ельциннің жарлығы – заңға қайшы, парламенттің импичмент жариялауға қақысы бар» деген ұйғарымға келді.

Ельцин мен оның айналасы мемлекетке қарсы қылмыс жасады. Бұған арнайы парламенттік зерттеу жүргізу керек. Ельцин парламентке оқ атқызғанда, халықтың қолдауына ие болды. Ал қазіргі конституциямыз қандай? Бұл - жай конституция емес, супер-конституция. Біздің елде президенттен басқа ешкімнің билігі жүрмейді. Президенттің рұқсатынсыз түшкіруге де қақыңыз жоқ. Бұл – сол кезде болған оқиғалардың салдары.

ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ АЛЕКСАНДР РУЦКОЙ

Ауған соғысының ардагері Александр Руцкойды Ельцин 1991 жылғы сайлауда өзіне орынбасар етіп алды. Сол жылы ол Совет Одағының құрамындағы Ресей Федеративтік Республикасының президенті болып сайланды.

Руцкой да, Хасбулатов сияқты, 1991 жылғы жүзеге аспай қалған төңкеріс кезінде Александр Руцкой (сол жақтан екінші) оқиға кезінде сөйлеп тұр. Мәскеу, 3 қазан 1993 жыл.

Александр Руцкой (сол жақтан екінші) оқиға кезінде сөйлеп тұр. Мәскеу, 3 қазан 1993 жыл.

Ельцин жағында болды. Дәл Хасбулатов сияқты ол да Совет одағы тараған соң қарсы жаққа өтті. Руцкой әсіресе Егор Гайдар, Анатолий Чубайс сияқты жас реформаторлардың экономикалық саланы қолға алуына наразылық танытты. Жемқорлыққа қарсы кеңестің басшысы ретінде Руцкой «Ельцин мен оның жақтастарына қатысты компроматтары» бар екенін айтқан.

1993 жылы президент Ельцин Руцкойды Кремльдегі кабинетінен қуып шығып, есігін мөрлеп тастағанда, оны Хасбулатов қасына алып, парламент ғимаратына отырғызды.

Парламент тарап, депутаттар президентті орнынан алу туралы шешімге дауыс бергенде Александр Руцкой «президент міндетін атқарушы» болып сайланды. Қазанның 3-і күні Ақ үйдің балконына шығып ұран көтерген ол халықты «Останкино» мұнарасы мен Мәскеу мэриясын басып алуға үндеді.

ВИДЕО: "Останкиноны" басып алмақ болғандар, 1993 жыл


Ол да Хасбулатовпен бірге тұтқындалып, «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыпқа ілінді. Александр Руцкой бір жылдан соң амнистияға ілігіп, бостандыққа шықты.

Кейіннен Александр Руцкой «Держава» атты ұлтшыл партия құрды, 1996 жылы Курск облысының губернаторы болып сайланып, ол қызметті 2000 жылға дейін атқарды. Бұл күндері саясатпен айналыспайды.

66 жастағы Александр Руцкой жақында Азаттыққа берген сұхбатында «18 жыл бойы 1993 жылғы оқиғалар туралы жалған мәлімет беріліп келгенін» айтты.
Мен экономикалық реформа «Форбс» журналының тізіміндегілерге емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істегенін тіледім.

– Тек соңғы екі жылда ақиқат сыртқа шыға бастады. Мұны қолдаймын, оның екі себебі бар: біріншіден, біреуден кек қайтару үшін емес, халыққа нағыз ақиқатты жеткізу үшін; екіншіден, мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін ақиқаттың жарыққа шығуын қолдаймын. Себебі бұл – нағыз қантөгіс. Менікі – нағыз принципшіл позиция. Ешкім ешқашан мені «Ельциннен іргесін аулақ салып, билікке ұмтылды» деп кінәлай алмайды. Мен бір-ақ нәрсені қаладым: экономикалық реформа «Форбс» журналының тізіміндегілерге емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істегенін тіледім. Ең өкініштісі, менің айтқаным расқа айналды, бұл – жекешелендірудің кесірі. Халық тұтастай кедейленді, біз индустриялық, ауылшаруашылық және әскери әлеуетімізді жоғалттық. «Сол кезде конституциялық дағдарыс болды» дейтіндер бар, шындығында олай болған жоқ. Ельциннің барлық заң шығару бастамалары конституцияға сәйкес Халық депутаттары конгресіне ұсынылып, қабылданып отырды, – дейді Александр Руцкой.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ПАВЕЛ ГРАЧЕВ

Ельциннің Хасбулатов және Руцкоймен қақтығысы кезінде армияның рөлі артты. Кәсіби әскери қызметкер Павел Грачев әскери иерархияның барлық сатыларынан өтіп, 1990 жылы Совет Одағы парашютшілер дивизиясын басқарған. Грачев те 1991 жылғы төңкеріс кезінде Ельцинді қолдады, ал кейбір ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, бүліктің болғалы жатқанын президентке алдын ала хабарлаған.

Ельцин де Грачевке тиісті ілтипатын білдірді. Совет Одағы тараған соң Грачев билікте бірден көтеріліп, 1992 жылдың мамыр айында қорғаныс министрі болып тағайындалды. 1993 жылғы дағдарыс кезінде Грачев Ельцинге адалдығын тағы да паш етіп, парламент үйіне жасалған әскери шабуылды басқарды. Сол кезде түсірілген бейнетаспада Грачевтің «Ресейді азамат соғысынан аман алып қалған» әскерилерге алғыс білдіріп тұрғанын көреміз.

Ақ үйге шабуыл операциясынан бір апта өткен соң Грачев аса ықпалды Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып қабылданып, батылдығы үшін мемлекеттік наградалар алды.

Кейін Грачевке «жемқорлық жасады» деген айып тағылып, «Паша Мерседес» деген лақап ат қойылды. Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты мақалалар жариялап жүрген «Московский комсомолец» газетінің 27 жастағы тілшісі Дмитрий Холодов өлтірілген соң Грачевтің беделі тіпті төмендеп кетті.

Грачев президент Ельциннің айналасындағы «соғысқұмарлар» тобына кірді. Президент күзетінің басшысы Александр Коржаков, ФСБ басшысы Михаил Барсуков, бірінші вице-премьер Олег Сосковец пен қорғаныс министрі Павел Грачевтен құралған бұл топ «президент Ельцинді бөлінуге ұмтылған Шешенстанға қарсы соғыс бастауға көндірген» деген болжам бар.

1996 жылы Ельцин екінші рет президент болып сайланғаннан соң басталған Кремльдегі «теріс пиғылды» адамдарды қудалау науқаны кезінде Грачев орнынан алынды. Содан бастап 2007 жылға дейін ол Ресейдің қару экспорттаушы компаниясында кеңесші болып жұмыс істеді.

Павел Грачев 2012 жылы 64 жасында қайтыс болды.

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ВИКТОР ЕРИН

Ельцин мен оның қарсыластары арасындағы қақтығыс кезінде армиямен қоса ішкі істер министрі де белсене әрекет етті.

Виктор Ерин (қазір 69 жаста) - кәсіби полиция қызметкері, ауған соғысының ардагері. Ол Ельциннің жақын үзеңгілесі болды.

Биліктегі қақтығыс ушығып тұрған қазанның 1-і күні Ельцин оған генерал шенін, кейін «Ресей Федерациясының қаһарманы» деген атақ берді.

1995 жылы шешен бүлікшілерінің басшысы Шамиль Басаев Буденновск қаласында кепілдікке алған адамдарды босату операциясы сәтсіз аяқталған соң Ерин қызметінен кетуге мәжбүр болды. Кейін ол, 2000 жылға дейін Ресей сыртқы барлау қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды, ол жұмыстан кеткелі бері жұрт назарына түскен жоқ.

ОҚҚАҒАР АЛЕКСАНДР КОРЖАКОВ

Александр Коржаков жайлы «президенттің күзет қызметінің басшысы ғана емес, сыралғы «рөмкелес досы» болды» деген сөз бар.

КГБ-да қызмет еткен Коржаков осы ұйымның жоғары лауазымды тұлғаларды қорғауға машықтанған 9-дивизиясында тәжірибе жинаған. 1980 жылдары мансабы өсіп келе жатқан Ельцин Мәскеу қалалық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланғанда оның қорғаушысы болып Коржаков бекітілген.

Жайбасарлығы үшін Горбачевті сынаған Ельцин қызметінен кеткенде Коржаков Александр Коржаков. Мәскеу, 26 маусым 2010 жыл.

Александр Коржаков. Мәскеу, 26 маусым 2010 жыл.

та онымен бірге кетті. Кейін Ельцин қайта құру науқаны кезінде жаңа толқын саясаткерлерін бастағанда Коржаков оның қасында болды. Ельцин Кремль билігіне ие болғанда Коржаков аса ықпалды президент күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұл ұйымның билікке ықпалы өте күшті еді.

Кейбір сарапшылардың айтуынша, 1993 жылғы қазанда Ақ үйге әскери шабуыл жасау туралы бастама көтеріп, бұған Ельцинді көндірген де – осы Коржаков. Бұл дағдарыстан соң Коржаковтың ықпалы тіпті күшейді. Ақпарат құралдарында айтылған болжамдарға сүйенсек, 1994 жылы Кремльді бүлікшіл Шешенстанға әскер кіргізуге көндірген де – осы Коржаков пен қорғаныс министрі Грачев.

Коржаков 1996 жылы қызметінен кетті. 1997 жылы ол Кремльдегі қызметі жайлы «Борис Ельцин: өсуі мен өшуі» атты мемуар кітабын жариялады. Бұл кітабында ол Ельциннің айналасындағыларды қатты сынайды. Александр Коржаков (қазір 63 жаста) 1997-2011 жылдары Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Том Бэлмфорс, Глэнн Кейтс, Михаил Соколов және Анастасия Кириленко бірлесіп жазған мақаланы ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG