Accessibility links

Министр қарсы болса да, НТВ фильмді көрсетпек


«Совет одағына қызмет етемін» фильмінің DVD нұсқасының мұқабасы.

«Совет одағына қызмет етемін» фильмінің DVD нұсқасының мұқабасы.

Осы аптада Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский НТВ басшылығына хат жазып, 1941 жылы 22 маусымда нацистік Германияның Совет одағына қарсы соғыс ашқанын еске алу күні «Совет одағына қызмет етемін» деген даулы фильмді көрсетпеуге шақырған еді.

Министр елдегі «22 маусым – Еске алу мен аза тұту күнінде» бұл фильмді көрсету соғыс ардагерлерін қорлап, елдің соғыс туралы тарихи естелігіне нұқсан келтіреді деп алаңдайды. Оның пікірінше, бұл кино қоғамның екіге жарылуына түрткі болуы мүмкін.

Ал НТВ телеарнасы мәдениет министрлігінің ескертуіне қарамастан, ол фильмді 22 маусым күні кешке көрсетуге бел буып отыр.

«Совет одағына қызмет етемін» («Служу Советскому Союзу») фильмі Леонид Менакердің «Малғұнмен бірге түстену» («Обед с дьяволом») романы негізінде түсірілген. Режиссер Александр Устюгов фильмде 1941 жылдың маусымында советтік Гулаг тұтқындары мен лагерь басшылығының немістермен қақтығыстағы әрекеттерін көрсетеді. Ақырында тұтқындарды НКВД жасақтары атып тастайды. Ол оқиға – бұл соғыс жайлы бұрыннан қалыптасқан түсініктерге қарама-қайшы.

«АРДАГЕРЛЕРДІҢ НАРАЗЫ БОЛУЫ – ЗАҢДЫ»

Ресей мәдениет министрі Владимир Мединскийдің сөзіне қарағанда, «министрлікке мыңдаған адамнан хат келген». Оның ішінде Мемлекеттік дума депутаты «Совет одағына қызмет етемін» фильмінен көрініс.

«Совет одағына қызмет етемін» фильмінен көрініс.

Владимир Симагин министрліктен «Совет одағына қызмет етемін» деген фильмді эфирге шығартпауды сұраған.

– Бұл фильмді 22 маусым – аза тұту күнінде көрсету екі есе адамдық емес. Жұртта «сол кезеңдегі бүкіл ел осылай өмір сүрген екен» деген ой қалыптасады. Бұл қазіргі заман туралы адамдар пара алып, күнде бірін-бірі өлтіріп жататын фильм түсіргенмен бірдей ғой. Бұл – шынымен де деректерді бұрмалау және қорлау. Бұл дұрыстау емес. Абзалы, бұл мүлдем дұрыс емес. Адамдардың, ардагерлердің бұған наразы болуы – заңды, – дейді депутат Симагин Азаттық радиосы Орыс қызметіне берген сұқбатында.

Мемлекеттің бақылауындағы «Газпром» компаниясы иелігіндегі НТВ телеарнасы бұл даулы фильмді көрсетер ниетінен танбай отыр. Телеарна өкілі министрлік қарсы болған «Совет одағына қызмет етемін» фильмі 22 маусымда көрсетіледі деді.

«СОВЕТТЕН ҚАЛҒАН ЦЕНЗУРА»

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген сарапшылар мен кино сыншылар мәдениет министрі Владимир Мединскийді сынады. Олардың пікірінше, «фильмді эфирден алғызып тастау – Совет заманындағы цензураның жалғасы іспетті».

Ресейдің мәдениет министрі болып тағайындалған Владимир Мединский «Ресей Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский. 4 маусым 2012 жыл.

Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский. 4 маусым 2012 жыл.

туралы миф» деген патриоттық кітаптарымен танылған. Бұдан кейін Мединскийдің сыншылары оны «Ресейдің жаңа насихат министрі» деп атап кеткен.

– Көркем туындыны документалистика заңымен сынауға болмайды. Бұл, өкінішке қарай, Ресейде үнемі жалғасып келе жатқан нәрсе, Совет одағы кезіндегі үгіт-насихаттан бері келе жатқан дәстүр, – дейді ресейлік кино сыншы Юрий Богомолов.

Ресей билігінің өкілдері мен соғыс ардагерлерінің Совет армиясын сынайтын фильмге қарсы шығып отырғаны бұл ғана емес. Өткен айда соғыс ардагерлері 1945 жылы германиялық жетім баланы зорламақ болған совет офицері туралы «Мамырдағы төрт күн» деп аталған фильмді эфирге бермеуге НТВ телеарнасын көндірген.

Телеарна ол киноның орнына советтік барлау қызметі туралы ресейлік басқа фильмді көрсеткен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG