Accessibility links

Ресейдегі сайлау нәтижесі Путинге қарсылықты үдетті


Оппозиция жетекшісі Борис Немцов Госдума сайлауының нәтижесіне қарсы шеруде сөйлеп тұр. Мәскеу, 5 желтоқсан 2011 жыл.

Оппозиция жетекшісі Борис Немцов Госдума сайлауының нәтижесіне қарсы шеруде сөйлеп тұр. Мәскеу, 5 желтоқсан 2011 жыл.

Дүйсенбі күні кешке мыңдаған адам Мәскеудің орталығына жиналып, парламент сайлауында «Единая Россия» партиясына биліктің бұра тартқанына наразылық танытып, Путинге қарсы ұрандар айтты.


Желтоқсанның 6-сына қараған кеште Мәскеудегі шеруге шыққан бастамашыл топтың қатары 10 мыңға дейін жетіп, олар «Путин, кет», «Ресейсіз Путин» деп айқайлады.
Бұл наразылық шеруі Ресей оппозициясының соңғы жылдардағы ең үлкен жиыны болды.

«10-15 ПАЙЫЗ БҰРМАЛАУ»

Желтоқсанның 4-інде Ресейде өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша, премьер-министр Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясы 49 пайыздан астам дауыс алып, басқа партиялардан озып шыққан. Бірақ бұл бұрынғы сайлауда 64 пайыз алған партия үшін тым аз көрсеткіш.

Оппозиция жетекшісі Владимир Рыжков наразылық шеруінде сөйлеген сөзінде «сайлаудың ресми қорытындысы заңды бола алмайды» деді.

– Дауыстардың шамамен 10-15 пайызы бұрмалаушылық, хаттамаларды қайта жазу және сайлау жәшіктеріне топтап дауыс салу нәтижесінде болған. «Единая Россияның» жинағаны 35 пайыздан (одан да аз болмаса) Полиция шерушілерді бөгеп тұр. Санкт-Петербург, 5 желтоқсан 2011 жыл.

Полиция шерушілерді бөгеп тұр. Санкт-Петербург, 5 желтоқсан 2011 жыл.

аспайды. Олар үшін ең ұятты жағдай – бір миллион халқы бар қалаларда ең көп дегенде 20-25 пайыз дауыс алды. Сондықтан бұл – жеңіліс. Коммунистердің, «Справедливая Россия» және ЛДПР-дың жеңісі де – жеңіс емес, қарсылық дауыстардың нәтижесі болды, – дейді Владимир Рыжков.

Оппозиция жетекшісі Борис Немцов «Единая Россия» біздің 13 миллион дауысымызды ұрлады» деп мәлімдеді. Ол «карусель» әдісімен заңсыз дауыс жинаған билік партиясын сынады:

– Біз бұл қылмыскерлерге қарсы қылмыстық іс ашу науқанын бастап отырмыз. Олар бізден 13 миллион дауысты ұрлады. Мәскеуде олар 25 пайыз да дауыс алған жоқ, бірақ оны өздері 46 пайызға жеткізіп алды. Біздің бақылаушыларымыз бүкіл ел бойынша заңсыздықтарды көрді. Сондықтан «Единая Россия» жетекшілері қалай десе де, олардың айтқанына ешкім сенбейді, – деді Борис Немцов.

«ӘДІЛЕТТІК ЖЕТПЕГЕН САЙЛАУ»

Мәскеудегі наразылық шеруіне шыққандар қатарында азаматтық қоғам белсенділері де көп болды. Олардың бірнешеуі – коррупцияға қарсы күресуші блогер Алексей Навальный мен «Солидарность» жастар тобының жетекшісі Илья Яшин қамауда отыр. Мәскеу қалалық ішкі істер Блогер Алексей Навальный Тверь аудандық сотында. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.

Блогер Алексей Навальный Тверь аудандық сотында. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.

басқармасының хабарлауынша, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Екі белсендінің адвокаттары олармен кездесе алмағандарын айтады.

22 жастағы студент Анна сайлау нәтижесіне наразы топтың шеруіне қатысу себебін былай түсіндіреді:

– Біздің мұнда келген себебіміз, олардың бізге беріп отырған нәтижелер намысқа тиеді. Біздің дауыстарымыз еш маңызды болмай қалды.

Сауда саласында қызмет ететін Геннадий өзінің сайлау қорытындысына сенбейтінін білдіру үшін көшеге шыққанын айтты. Ол YouTube-те жарияланған бейнекөріністерде «дауысты қалай өтірік санағанын көргенін», таныстары мен туыстарынан сұрағанда, ешбірінің «Единая партияға» дауыс бермегені мәлім болғанын айтты.

Сайлау барысын бақылайтын тәуелсіз «Голос» ұйымына дауыс беру кезіндегі заңсыздықтарға байланысты үкімет өкілдеріне наразы 1500-ден аса адамнан шағым түскен.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Ресейдегі сайлауда «саяси бәсекелестік аз болды, сайлауда әділеттік жетіспеді» деп бағалады.

Amnesty International ұйымы Ресейдегі сайлау нәтижесіне наразы 300-ден аса шерушінің қамалғанын сынап, оларды босатуға шақырды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вильнюстегі сапары кезінде Ресей билігін дауыс беру кезінде әділетсіздік жасағаны үшін сынады. «Дауыс беру кезіндегі бұрмалаушылықтарды тексеруге сайлаушылардың қақы бар» деді ол.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG