Accessibility links

Ресейде cайлау тақаған сайын сөз бостандығының аясы тарылып барады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Венедиктовпен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 13 қаңтар 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Венедиктовпен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 13 қаңтар 2012 жыл.

Ресейде наурыздың 4-і президент сайлауы болады. Екі аптадан аз уақыт қалды. Сарапшылар мен журналистер «сайлау жақындаған сайын 1990 жылдардан бері Ресейдегі ірі қоғамдық толқулар мен қарсылықтар туралы хабар таратып келе жатқан азғантай ақпарат құралдары қысымға ұшырап жатыр» дейді.


2012 жылы ақпанның 14-і күтпеген жерден «Эхо Москвы» радиосының шешуші дауысқа ие акционері (66 пайыз - ред.) - «Газпром-Медиа» оның директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім шығарды. Басқарушы кеңеске осы ақпарат құралының шынайы хабарлар таратуына ықпал етіп келе жатқан тәуелсіз сарапшылар - Александр Маковский мен Евгений Ясин мүше болатын. Акционер осы тәуелсіз директорларды кеңес құрамынан шығаруды талап етті. Бұған наразылық көрсетіп «Эхо Москвы» радиосының бас редакторы Алексей Венедиктов та директорлар кеңесінен өз еркімен шықты.

«ЕГІЗ ҚОЗЫДАЙ ҰҚСАСТЫҚ»

2012 жылы ақпанның 2-сінде «Эхо Москвы» радиосының сайтында Лондонда тұратын ресейлік бизнесмен Борис Березовскийдің ашық хаты жарияланған
Кремльді жақтайтын "Местные" тобы Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігі алдында Лондонда тұратын қуғындағы бизнесмен Березовскийді "түрмеге жабу керек" деген талаппен акция өткізді. 11 қаңтар 2011 жыл.
Кремльді жақтайтын "Местные" тобы Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігі алдында Лондонда тұратын қуғындағы бизнесмен Березовскийді "түрмеге жабу керек" деген талаппен акция өткізді. 11 қаңтар 2011 жыл.
болатын. Билік партиясы - «Единая Россия»-ның мемлекеттік думадағы фракция жетекшісі Андрей Воробьев бизнесменнің хаты жайында "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге ашық үндеу жасау, бұл - қылмыс", - деп мәлімдеді.

2012 жылы қаңтар айында Ресей премьер-министрі Путин де БАҚ арқылы «Эхо Москвы» радиосы таңертеңнен кешке дейін мені жамандайды» деді.

Ақпанның 14-і директорлар кеңесін тарату туралы «Газпром-Медиа»-ның талабына қатысты «Эхо Москвы» мәлімдеме таратты. Онда радионың ұжымы «Газпром-Медиа»-ның Ресей Федерациясының жоғары лауазымды тұлғаларының сынын елемеуі мүмкін емес. Біз оны түсінеміз. Бірақ, директорлар кеңесінің құрамы ұйымның жарғысы бойынша жоспарлы түрде маусым айында (президент сайлауынан кейін – ред.) қайта сайлануы керек еді» дейді. Осы радионың комментаторы Матвей Ганапольскийдің айтуынша, «Газпром» Путиннің бас редактор Венедиктовке қатысты айтқан сынын нұсқау ретінде қабылдап, ырыққа көнбейтін ақпарат құралын тізгіндеуге көшкен. Енді «Эхо Москвы» радиосының директорлар кеңесі 29 наурызда (сайлаудан кейін – ред.) қайта жасақталмақ.

Ал «Газпромның» ресми өкілі Сергей Куприянов ақпанның 14-і «Эхо Москвы» радиосының директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер "саясаттан тыс жасалып жатыр" деген мәлімдеме таратты.

Сол күні, яғни, ақпанның 14-інде Ресей сайлаушылар лигасын құрушылардың бірі, белгілі журналист Леонид Парфенов "Ресейде БАҚ саласындағы өзгерістер ешқашан саясаттан тыс жасалған емес", - деді.

Парфеневтің бұл күдігін Ресей үкімет басшысы әрі президенттік тақтан басты үміткер В.Путин де ақпанның 12-сі өткен ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі
Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Внедиктов. Mәскеу, 12 қаңтар, 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Внедиктов. Mәскеу, 12 қаңтар, 2012 жыл.
барысында үстей түсті. Путин «Эхо Москвы» радиосының бас редакторы Венедиктовқа ерекше шүйлігіп, «мемлекеттік қазынаның есебінен күн көріп отырған арнаның ел үкіметін бұлайша сынауы қисынға келмейді» деген уәж айтып, АҚШ-тың «Фокс» телеарнасын мысалға келтірді. Ресей премьері «Фокс» телеарнасы 2008 жылы Оңтүстік Осетиядағы соғыс кезінде Ресейді жақтаған пікірлердің эфирде айтылуына кедергі жасады, өзін қаржыландырып отырған АҚШ үкіметінің ұстанымына адал болды» деген ой айтты.

Ал ақпанның 16-сы Мәскеу қалалық прокуратурасы мемлекеттік дума сайлауы (дума сайлауы 2011 жылы желтоқсанның 4-і өтті – ред.) «әділ өткен жоқ» деп үш айдан бері наразылық шараларын өткізіп келе жатқан оппозиция шерулерін трансляция жасағаны үшін «Дождь ТВ» онлайн телеарнасын тексеруге кірісті. Бұл телеарна 2011 жылы желтоқсанның 10-ы Болотный алаңында және желтоқсанның 24-і Сахаров даңғылында өткен оппозицияның мыңдаған адам қатысқан ірі шерулерін көрсеткен болатын. «Единая Россия» партиясынан сайланған Мемлекеттік дума депутаты Роберт Шлегель бұл телеарнаны «шетелден алынған ақшамен наразылық шараларын насихаттады» деп айыптады. «Дождь» телеарнасы митингінің ақпараттық демеушісі болды. Бұл шеруді ұйымдастырғандар шетелден ақша алды ма және ол қаржы БАҚ-тан трансляция жасауға жұмсалды ма - мен үшін осыны анықтау маңызды», - деді ол. Депутаттың айтуынша, журналистер халыққа күні бұрын хабар беріп, жұрттың алаңға жиналуына әсер еткен.

Және бір тәуелсіз ақпарат құралы – «Новая газета» басылымының шығарушысы «НРБ» банкінің кеңсесінде тінту жүргізіліп, экономикалық қылмысқа қатысты тексеріс басталды. Полицияны банктің гуманитарлық және медиа саласына
"Единая Россия" партиясының Х-съезі. Мәскеу, 20 қараша, 2008 жыл.
"Единая Россия" партиясының Х-съезі. Мәскеу, 20 қараша, 2008 жыл.
жұмсаған қаражатының есеп-қисабы қызықтырып отыр. Бұдан бұрын банк қожайыны А.Лебедев қудалауға ұшырап жатқанына шағымданып, премьер-министр В.Путинге ашық хат жазған еді.

Бұл оқиғалар және айыптаулар Жаңаөзен қаласындағы қақтығыстарға қатысты тәуелсіз БАҚ өкілдері мен саясаткерлер үстінен қозғалып жатқан «қылмыстық істерді» еске түсіреді.

«ПУТИННІҢ ШЕШЕНДІГІНЕН ЖҰРТ ЖАЛЫҚТЫ»

Аталған ақпарат құралдарының барлығы да Ресейде соңғы дума сайлауынан соң жиілеп кеткен наразылықтар туралы жан-жақты хабар таратып отыр. Бұл Ресей қоғамында, соның ішінде әлеуметтік желілерде үкіметке деген қарсылықты арттырып, сайлау қарсаңында сөз бостандығы шектеліп жатыр деген пікірді күшейте түсті. «Эхо Москвы» радиосының ұжымы тыңдармандарына арнайы мәлімдеме жасап, «редакциялық саясаттың Ресей Федерациясы заңдарына сай әрі қоғамның игілігі тұрғысынан өзгеріссіз қала беретінін» хабарлады.

«Азаттық» радиосына берген сұхбатында ресейлік сарапшы Филатов «бұл - сайлау алдында журналистерге жасалған қатаң ескерту, қорқыту шарасы» деген пікір айтты.

«Новая газета» басылымы да «Ресейдегі ауру-сырқау мен кедейліктің өршуі - халық пен элитаның оқшауланып бөлек өмір сүріп жатқанының белгісі. Жемқорлық - апартеидтің ресейлік үлгісі, бұл - ұрпақты жарқын
Жаңаөзен оқиғасы жайлы мақалалар жазған ресейлік "Новая газета" басымының тілшісі Елена Костюченко.
Жаңаөзен оқиғасы жайлы мақалалар жазған ресейлік "Новая газета" басымының тілшісі Елена Костюченко.
болашақтан айыру. Элита өзіне тиесілі емес активтерді - мұнайды, жер байлығын, ормандарды өз мүддесіне пайдаланып, билік басында мәңгілік отыруды көздейді. Ресейдегі наразылар қозғалысы және еркін ақпарат құралдары элитаны осы мәңгілік «асып-тасыған» өмірден айырғысы, билікті заңды жолмен ауыстырғысы келеді. Ал биліктің бұған төзгісі жоқ», - деген арнайы мәлімдеме жасады.

Көптеген сарапшылар наурыздың 4-інде өтетін президент сайлауында «дауыс беру нәтижесі бұрмаланған жағдайда Ресейдегі наразы халық тағы да алаңға шығып, жағдай тұрақсыздануы мүмкін» деп болжайды. Қазірдің өзінде Мәскеу алаңдарында наурыздың 5-і күні бұқаралық шаралар өткізу үшін түрлі көзқарастағы саяси топтар арасында текетірес жүріп жатыр.


Slon.ru сайтының сарапшысы Александр Баунов «Жұрт Путинді неге тыңдамайды?» деген мақаласында Путиннің Ресей тарихындағы ең шешен басшылардың бірі екенін мойындай отырып, оның бұл қасиетінің өзі жұртты жалықтыра бастағанын айтады. «Ол сұраққа жауап бергенде мүдірмейді, кез-келген шабуылға қылышын жалаңдатып айнала шеңбер жасап, табанда тойтарыс береді. Бірақ, сол шеңбердің іші – бос қуыс. Онда не бар? Еуропалық Ресей ме, либералдық империя ма, америкалық империализмге қарсы қоятын классикалық авторитарлық империализм бе - белгісіз», - дейді ол.
XS
SM
MD
LG