Accessibility links

Өшіп қалған олимпиада алауы және адам құқығы


Олимпиада ойындарының өшіп қалған алауын қайта жағып жатыр. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Олимпиада ойындарының өшіп қалған алауын қайта жағып жатыр. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Ресей билігі 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада қарсаңында олимпиада алауы эстафетасын бастады.

Ал Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы билік «мерекелік декорациямен бүркемелегісі келген» Ресейдегі адам құқығын бұзу фактілеріне қарсы науқан өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Олимпиада ойындары тарихындағы ең ұзақ «Сочи-2014» олимпиада алауының эстафетасы Мәскеудегі Қызыл алаңнан жексенбі күні басталған.

Алау табыстау кезінде су астымен жүзуден әлемнің бірнеше мәрте чемпионы Шаварш Карапетянның қолында тұрғанда өшіп қалды.


Оқыс оқиғаға қарамастан, эстафета бүгін мерекеге орай ондаған көшесі жабылған Мәскеу қаласында жалғасты. Мәскеуден кейін олимпиада алауы Ресейдің 83 аймағындағы үш мыңға жуық ауыл-қалаларды аралап, 65 мың шақырым жолды басып өтеді. 14 мың алау ұстаушы мен 30 мың волонтердің қолынан өтетін олимпиада алауы Ясная Поляна мен Курш мүйісінен бастап Авачинск вулкандары мен Кижи мұражай-қорығына дейін барады. Эстафетаның көп бөлігін алау ұстаушылар жаяу жүріп өтеді, бірақ алауды автомобиль, пойыз, ұшақ және орыс «тройкасымен» де алып жүреді.

Ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде «Олимпиада алауы Байкал көлінің түбіне түсіп, Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбурс тауына шығады. Солтүстік полюске олимпиада алауы атом мұзжарғыш кемесімен жеткізіліп, Сочидегі тостақ ашық космоста болып келген алаудан тұтандырылады» деп жазылған. Эстафета 2014 жылдың 7 ақпанында Сочидегі «Фишт» олимпиада стадионында – ХХІІ қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында аяқталады.

Олимпида алауы эстафетасына орай тағы бір науқан өткізу жоспарланған. Amnesty International ұйымының Ресей бөлімінің басшысы Сергей Никитин Азаттық радиосына берген сұхбатында «бұл құқық қорғау қозғалысы 7 қазаннан Amnesty International ұйымының Ресей бөлімінің басшысы Сергей Никитин. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл.

Amnesty International ұйымының Ресей бөлімінің басшысы Сергей Никитин. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл.

бастап Мәскеу және Ресейдің басқа қалаларында, елден тыс жерлерде акциялар ұйымдастырады» деп мәлімдеді.

– Билік мерекелік декорациямен бүркемелегісі келетін адам құқығын бұзу фактілерін Олимпиада алауы ашық көрсетуге мүмкіндік береді деп отырмыз. Біз үшін олимпиада ойындарына қатысқан әр адамның Ресей билігінің азаматтық қоғам мен қарапайым азаматтарға салған шектеуін сезінгені маңызды. Осы науқан барысында біз ар-ождан тұтқындарының проблемасына көп көңіл бөлеміз.

Бірнеше күн бұрын Amnesty International ұйымы Болотная алаңында қамауға алынған Владимир Акименков, Артем Савелов және Михаил Косенконы «ар-ождан тұтқындары» деп жариялады. Олар биліктің саясатымен келіспейтінін бейбіт жолмен білдіру, пікір еркіндігі мен жиналыс өткізу сияқты заңды құқығын пайдаланғысы келгендіктен ғана қамалды деп есептейміз. Жуырда Ресей заңына бейбіт шерулерге қатысты өзгерту енгізілді. Бұл өзгерістер бойынша, бейбіт шеру өткізудің онсыз да шиеленіскен әрі күрделі ережелерін бұзған адамдарға көп айыппұл салу қарастырылған.

Осы науқан барысында коммерциялық емес ұйымдарға қатысты жаңадан шыққан заңдарға да назар аудармақпыз. Коммерциялық емес ұйымнан Ресей президенті Владимир Путин алауды ұстап тұр. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин алауды ұстап тұр. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

"шетелдің агентіміз" деп мойындауды талап ету арқылы Ресей билігі азаматтық қоғам белсенділеріне қарсы жаңа шабуылын бастап отыр. Біз ЛГБТ (лесбий, гей, бисексуал, трансгендер) қозғалысы белсенділеріне бас көтертпей тастаған гомофобиялық заңға қатысты проблеманы да көтермекпіз.

Ресей билігі Pussy Riot панк-тобының Құтқарушы Христ храмындағы акциясына жауап ретінде құдайға тіл тигізу туралы заңды ойлап тапты. 7 қазан – Политковская өлтірілген күн екенін биліктің есіне үнемі салып отырамыз. Ұрлап әкетіп, өлтірілген журналистер Наталья Эстемирова мен Анна Политковскаяның өліміне қатысты тергеу жүргізуге Ресей билігі өзінің мүлде қабілетсіз екенін танытты.

– Сочиде өтетін Олимпиада ойындары төңірегінде түрлі дау шығып жатыр. Біреулер ойынға бойкот жариялауды ұсынса, енді біреулер, керісінше, белсенділерді олимпиада ойындарын Ресейдегі адам құқығы проблемаларына назар аударту амалы ретінде пайдалануды ұсынады. Бұл мәселеге қатысты сіздің позицияңыз қандай?

– Әдетте кез келген бойкотқа қарсы Amnesty International ұйымы Сочидегі ойындарға да бойкот жариялауды қолдамайды. Біз бұл ойындар әлем жұртшылығының адам құқығын бұзу фактілеріне мұқият үңілуіне мүмкіндік береді деп есептейміз.

– «Халықаралық амнистия» ұйымы Сочидегі олимпиада ойындары кезінде акция ұйымдастыруды жоспарлай ма?

– Олимпиада хартиясы олимпиада өтетін нысандарда қандай да бір шеру-жиын өткізуге жол бермейді. Ал Сочи қаласына келсек, жуырда Ресей президенті қол қойған декрет шыққан. Әлгі декретте жалпылама бұлыңғыр сөздермен олимпиада ойындары кезінде шеру өткізуге тыйым салынады деп жазылған. Алауды әкелу салтанаты. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Алауды әкелу салтанаты. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

бейбіт шерулер қандай орындарда өткізуге тыйым салынатыны түсініксіз. «Ресей билігі бұл олимпиаданы Сочиді адам құқығынан «азат қала» жасау үшін пайдаланғысы келетін сияқты» деген қаупімізді айтқанбыз. Біздің науқан Сочиде олимпиада ойындары басталғанға дейін аяқталады, яғни финалдық шараларымыз келесі жылдың ақпан айының басына жоспарланған.

Осы науқан аясында Amnesty International ұйымының акциялары көп елде өтеді. Бірақ ұйым Ресей билігімен ғана мәмілеге келе алмаған. Amnesty International ұйымы бағдарламаларының координаторы Мария Середа Азаттық тілшісі Арслан Саидовқа «Бізге шеру өткізуге тыйым салынды. Оған шеруге қатысушылар әуеге шар ұшыратынын сылтау болды. Енді құқық қорғаушылар Пушкин алаңына бір адамның шығып наразылық таныту акциясымен шектелуге мәжбүр» дейді.
Біздің акциямыздың мақсаты – Ресейдегі пікір еркіндігін шектеумен келіспейтінімізді білдіру.

– Біздің акциямыздың мақсаты – Ресейдегі пікір еркіндігін шектеумен келіспейтінімізді білдіру. Шеру өткізу үшін төрт орынды ұсындық, бірақ билік негізсіз рұқсат бермеді. Олардың ескерту қағазында «Пушкин алаңында 15 адамның қауіпсіздігін қаматамасыз ету мүмкін емес» деп жазылған. Неге екенін түсінбеймін. Біз қауіпті ештеңе ойластырған жоқпыз ғой. Ескерту қағазында акцияны дайындау барысында әуе шарларын үрлеу үшін құрал-жабдық пайдаланылады деп жазылған. Олар кәдімгі шарды үрлеуден қауіптенеді. Біз Мәскеу қаласы Орталық округы префектурасының бұл шешіміне қатысты сотқа шағымдандық. Ал ауқымды акцияның орнына жалғыз адам шығатын пикет өткіземіз. Тыйым салынса да акцияны шамамыз келгенше өткіземіз.

Мәскеу қаласы аймақтық қауіпсіздік департаментінің бастығы Алексей Макаров Amnesty International ұйымы өкілдерінің «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында айтылған кінәні мойындамайды. Оның айтуынша, кәсіподақ ұйымдарының осы күнге жоспарланған акциялары мен олимпиада алауы эстафетасына кедергі келтірмес үшін ұйымдастырушыларға акцияны Хамовник ауданындағы Девичье поле бағында өткізу ұсынылған.

Мақала Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орыс қызметінен алынды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG