Accessibility links

Ходорковскийге рақымшылық жасалды


Михаил Ходорковский, ресейлік олигарх

Михаил Ходорковский, ресейлік олигарх

Ресейлік ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Ресей президенті шығарған рақымшылық туралы жарлық бойынша түрмеде жаза өтеуден босатылды.

ИТАР-ТАСС агенттігінің Ресейдің федералдық жаза өтеу қызметіне сілтеме жасай отырып желтоқсанның 20-ы күні таратқан мәліметі бойынша олигарх Михаил Ходорковскийдің рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылған. Бірақ оның түрмеден шығарылғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Бұған дейін "Интерфакс" Карелияның құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, Ходорковский Сегежа қаласындағы колониядан шығарылды деп хабарлаған.

"Сағат 12:20 шамасында Михаил Ходорковский колониядан шығып кетті" деген дерек көзі. Агенттік бұл ақпаратты растайтын ресми мәлімет келтірмеген.

Желтоқсанның 20-ы күні Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Михаил Ходорковскийге рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлады.
Жасамаған қылмысқа қатысты кінәмді мойындағым келмейді. Ресей конституциясы бойынша президенттің рақымшылық жасауы үшін сотталған адамның кінәсін мойындауы шарт емес.

«Адамгершілік принциптерін ескере отырып сотталған Михаил Ходорковскийге рақымшылық жариялауға пәрмен етем, оны бас бостандығынан айырылған күйі жазасын өтеуден босатам» деп жазылған жарлықта.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Ходорковскийдің адвокаты Вадим Клювгант қорғауындағы азаматты дереу босатуға шақырды.

Желтоқсанның 19-ы күні өткен дәстүрлі ауқымды баспасөз мәслихатында Путин журналистерге Ходорковскийдің жуырда өзіне рақымшылық жасау туралы өтініш түсіргенін, ондай жарлыққа қол қоюға дайын екенін айтқан. Президент өз ниетін адамгершілік принциптерімен негіздеп, 10 жыл қамауда болған Ходорковскийдің күйін түсінетінін, оның анасының науқас екенін ескеретінін мәлімдеген.

Ходорковскийдің түрмеде жазасын өтеу мерзімі 2014 жылғы тамыздың 23-і аяқталуы тиіс болатын. Ол соңғы сәтке дейін рақымшылық жасау туралы арыз жазудан бас тартып келген. Өйткені рақымшылық жасауды өтіну қылмысты мойындауды білдіреді.

Түрмеде берген сұхбаттарында ол қазіргі биліктің рақымшылық жасау үшін "қылмысты мойындауды" талап ететінін, ал өзінің істемеген қылмысын мойнына алмайтынын мәлімдеген.

«Жасамаған қылмысқа қатысты кінәмді мойындағым келмейді. Ресей конституциясы бойынша президенттің рақымшылық жасауы үшін сотталған адамның кінәсін мойындауы шарт емес» деген ол.

Өзі де істі болған ЮКОС-тың бұрынғы заңгері Светлана Бахминаның ойынша, Ходорковскийдің рақымшылық жасау туралы өтініш жазуына оның туыстарының денсаулық жағдайы ғана себеп болуы мүмкін.
Ходорковскийдің рақымшылық жасау туралы өтініш жазуына оның туыстарының денсаулық жағдайы ғана себеп болуы мүмкін.

"Көңілді жабырқататын жайт. Бірақ оның бостандыққа шығатыны бәрібір жақсы" деді Бахмина Азаттықтың Орыс қызметіне.

Желтоқсанның 20-ы күні ресейлік «Коммерсантъ» газеті белгісіз дерек көздеріне сілтеме жасай отырып Ходорковский арнайы қызмет орындарымен сөйлескесін барып рақымшылық туралы өтініш берген деп жазды. Газеттің мәліметі бойынша, жақында ғана арнайы қызмет орындары колонияға барып тұтқынмен адвокатсыз сөйлескен. Ходорковскийді айықпас дертке шалдыққан анасының нашар денсаулығы туралы және ЮКОС-қа қатысты қозғалатын жаңа іс жөнінде хабардар еткен.

Бүгін ЮКОС-тың тағы бір бұрынғы басшысы - қамаудағы Платон Лебедевтің адвокаттарымен рақымшылық туралы өтініш беру жайын ақылдасатыны жайында хабар тарады.

2010 жылғы желтоқсанда Мәскеу соты ЮКОС-тың бұрынғы меншік иелері Михаила Ходорковский мен Платон Лебедевті "мұнай ұрлау" айыбы бойынша 14 жылға соттаған. Кейін сот бұл мерзімді 11 жылға дейін қысқартқан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG