Accessibility links

Мәскеуде баланың басын ұстап жүрген әйел ұсталды


Гүлшахра Бобоқұлова. Мәскеу, 29 ақпан 2016 жыл.

Гүлшахра Бобоқұлова. Мәскеу, 29 ақпан 2016 жыл.

Өзбекстанның Самарқан облысының тумасы, 39 жастағы Гүлшахра Бобоқұловаға қатысты "адам өлтірді" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін Мәскеу қаласының орталығында жас баланың кесілген басын ұстап айғайлап жүрген әйел ұсталды.

Ресейлік ақпарат құралдарының дерегінше, ол адам «Октябрьское поле» метро станциясы маңында көзге түскен. Куәгерлердің сөзінше, қара киім киген әйел полиция ұстаған кезде "Аллаһу әкбар" деп айғайлаған.

Интернетте тараған бір видеода ол әйелдің: "Біраздан кейін ақырзаман болады, тез болады. Мен террориспін! Мені неше мәртебе өлтірді - мен тірімін. Заманақыр келгенде өлемін" деп айғайлағаны естіледі.

Полицияның дерегінше, ұсталған адам - Өзбекстанның Самарқан облысының тумасы, 39 жастағы Гүлшахра Бобоқұлова. Оған 2016 жылдың 22 сәуіріне дейін жарамды миграция картасы берілген, бірақ ол рұқсат қағазсыз жұмыс істеп келген.

Гүлшахра Бобоқұловаға қарсы Ресей қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кәмелетке толмаған дәрменсіз адамды өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Москва» ақпарат агенттігінің полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Бобоқұлованы жас баланы өлтірді деп айыптайды.

Тергеу дерегінше, Гүлшахра Бобоқұлова өзі күтіп-бағып жүрген 4 жасар қыз баланы өлтіріп, оның ата-анасының пәтерін өртеп кеткен. Жас баланың бассыз денесі пәтерден табылған. Баланың әке-шешесі Мәскеуге Орёлден көшіп келген.

Азаттықтың Өзбек қызметінің материалы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG