Accessibility links

Айтматовтың Мәскеудегі үйі дауға ілікті


Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың үйі. 21 қыркүйек 2012 жыл.
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың үйі. 21 қыркүйек 2012 жыл.
«Мәскеудің шетіндегі Переделкино селосындағы жазушылар саяжайындағы Айтматовтың ағаш коттеджіне құрылыс компаниялары тарапынан қауіп төніп тұр» дейді жергілікті халық. Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 20 жыл тұрған коттеджін туыстарынан сот арқылы қайтарып алмақ.

«ҮЙДІ КҮРЕП ТАСТАМАҚ»

Айтматовтың Переделкинодағы коттеджі жазушы ол үйге 1988 жылы көшіп барғаннан бері аса көп өзгеріске ұшырай қоймаған.

Қарағай, үйеңкі, қайыңның арасында ағаштан әдемілеп салынған вилла әлі де Переделкинодағы үйлердің сәні. Бұл жердегі жазушылар қалашығын Йосиф Сталин 1930 жылы Совет үкіметінің ең мықты жазушылары үшін арнайы оңаша орманға салдырған.

«Коттеджді Совет үкіметі тараған соң Переделкинода қаптап кеткен қымбат виллалардың біріне айналдырмақ. Тарихи үйге қауіп төніп тұр» деп алаңдайды
Шыңғыс Айтматовтың туыстары жазушыны жерлеу кезінде. 14 маусым 2008 жыл.
Шыңғыс Айтматовтың туыстары жазушыны жерлеу кезінде. 14 маусым 2008 жыл.
Айтматовтың туыстары. Олардан үйді сот арқылы үйді қайтарып алу әрекетіжүріп жатыр.

– Меніңше, олардың мақсаты – үлкен үйді күреп тастап, оның жерін сатып жіберу. Шыңғыс Айтматов – әлемге әйгілі тұлға.Олар қазір коттеджге кіріспес бұрын даңқты жазушының ел есінен ұмыт болуын күтіп отыр, – деді Айтматовтың келіні Гөзел Айтматова Азаттық тілшісіне.

Айтматов Переделкинода жиырма жыл ғұмыр кешіп, 2008 жылы дүние салды. Қазір коттедж бен оның учаскесін Совет үкіметі тараған соң Переделкиноның қожайыны болып тағайындалған үкіметтік емес ұйым – Халықаралық әдеби қор жекешелендіріп алған.

«АЙТМАТОВ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАН»

Қор өкілдері өздерінің вилланы қайтарып алуға заңды құқықтары бар екенін, Айтматов дүние салған соң туыстары үйді қайтарып беруге келіскенін айтты.

– Халықаралық әдебиет қорының басшылығы Переделкинодағы үйде тұрып жатқан және Айтматовтың атын жеке мүддесіне пайдаланып отырған туыстарынан
Жазушы Шыңғыс Айтматов. 21 қараша 2007 жыл.
Жазушы Шыңғыс Айтматов. 21 қараша 2007 жыл.
коттеджді сот арқылы қайтарып алу үшін соттың мақұлдаған бірталай шешімдерін жинадық. Шыңғыс Айтматовқа қатысты бірнеше мәселеде біз сотта жеңдік, – деді қор директоры Иван Переверзин.

Алайда Айтматов тұрған үйді қайтарып алу жайлы соттың шешімі отбасы мүшелеріне ескертпестен шығарылған. Олар Совет дәуірінен қалған коттедждер қалашығын қордың иеленіп алуына да қарсы дау айтады.

Иван Переверзиннің айтуынша, жазушы Шыңғыс Айтматов көзі тірісінде «өзім көз жұмған соң жарты жылдың ішінде туыстарым Переделкинодағы үйден шығады» деген шартқа қол қойған.

«МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛДЫРАТЫН БОЛСА, ҮЙДІ БОСАТАМЫЗ»

Мәскеу қаласының шапшаң өсуі Переделкинодағы үй мен жердің бағасын шарықтатып жіберді. Сондықтан жергілікті халық «қордың басшылары жемқор
Жазушы Борис Пастернактың Переделкинодағы мұражай-үйі.
Жазушы Борис Пастернактың Переделкинодағы мұражай-үйі.
шенеуніктермен жең ұшынан жалғасып, коттеджді жеке мақсатта сатып жіберуді жоспарлап жатыр» деп күдіктенеді.

Коттеджге жақын маңдағы алқапта бір кездері Борис Пастернак тұрған. Қазір оның үйінің айналасын биік қоршаумен қоршап, салтанатты виллаға айналдырып жіберді.

Қордың Айтматов үйін де иеленіп алу әрекеті «Переделкинодағы барлық жекеменшік мүліктерді иеленіп алып жатыр» деген күдікті өршіте түсті.

Үйді қордан 1991 жылдан бері жалға алып отырған Айтматовтар отбасы «егер вилланы жазушыға арналған музейге айналдыратын болса, босатып береміз» деп шарт қойған.

Айтматовтар отбасы қор басшылары бұл жобаны алдағы аптада талқылауға келіскенімен, «осы уақытқа дейін қор өкілдерінің үйді сот арқылы алмақ болған және сот үкімін орындаушылардың үйді құлыптап тастамақ болған бірнеше әрекетін тоқтаттық» дейді.

– Сот үкімін орындаушылар алғаш рет келгенде өте өктем болды. Олар үйді соттың үкімі жайлы ордер мен біраз құжаттар көрсетті. Бізге: «Қазір дүние-мүліктеріңді көлікке тиеп, алып кетеміз, сосын «қайтарып бер» деп бізге жалынасыңдар» деді, – дейді Гөзел Айтматова.

ПЕРЕДЕЛКИНОДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАР

Айтматовтар отбасы көмек сұраған соң бұл дауға қоғамдық тұлға және академиктердің кеңес беретін ұйым – қоғамдық палата араласты.

Қоғамдық палата коттеджді Айтматов музейіне айналдыру жайлы идеяны қолдап, халықаралық әдебиет қорымен мәмілеге келуге тырысқан.

Бірақ 17 қыркүйекте болған соңғы сот шешіміне қатысқан қоғамдық палата ұйымының мүшесі Константин Михаилов «қор мүшелері ондай ұсынысты естігісі де келмейтін сыңайлы» дейді.

– Қоғамдық палатаатынан біз олардың асықпауын өтіндік. Олар кездесуден соң кетіп қалды. Біз оларды келесі күні өтетін арнайы комиссияның сессиясына шақырып, мәселені өркениетті жолмен шешуді бастамақшы болдық. Бірақ олардың бір де біреуі келуге ниеттенген де жоқ, – деді Константин Михаилов.

Енді қоғамдық палата жазушының үйін бұзылып кетуден сақтап қалу үшін оның коттеджіне «тарихи жәдігер» деген мәртебе берудің амалдарын қарастырып жатыр. Сол жерде бір кездері өмір сүрген жазушы Борис Пастернак, ақын Евгений Евтушенко, әнші Булат Окуджава, балалар ақыны Корней Чуковский тұрған үйлер мәдени мұраларды байытатын мұрайжайларға айналдырылып үлгерді.
XS
SM
MD
LG