Accessibility links

Өзбекстан елшілігі алдында «палау-пикет» өтті


Дүйсенбі күні Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі алдында «палау-пикет» өтті. Оған жиналғандар Өзбекстаннан себепсіз депортацияланған фотожурналист Виктория Ивлеваға қолдау көрсетті.


Бұл наразылық акциясы «Мәскеу–Ташкент: достық қазаны» деп аталды. Азаттық радиосы Өзбек қызметінің хабарлауынша, пикетшілер саяси ұран көтермеген, оның орнына Өзбекстан халқына деген ықыласын білдірген. Жиында өзбектің ұлттық киімін киген адамдар да болған.

«ӨЗБЕКСТАНДЫ СҮЮ»

Жиынға қатысқандардың бірі, кино-фотожурналист Светлана Свистунова «Өзбекстан мен өзбек халқын жақсы көретінін», «бірақ билік соған рұқсат бермегенін» айтады.

– Біз бұл жерге өз ықыласымызды білдіруге келдік... Мана, естімедіңіз бе, пикеттегілер «Өзбекстан, біз сені сүйеміз!» деді ғой! Біз бұл жерде бекерге палау жасап жатқан жоқпыз. Біздің пикетіміз «Палау-пикет» немесе «Достық қазаны» деп аталады. Бұл жерде ас бергеннен басқа Ташкент туралы ғажап шығармалар жазған ақын Анна Ахматованың өлеңдерін оқимыз, – деді Светлана Свистунова.

«Палау-пикетте» қатысушылар мен журналистерге ас тарқатылды. Өзбекше киінген Ресейдегі Өзбекстан елшілігі алдында өткен «палау-пикет». Мәскеу, 2 сәуір 2012 жыл.

Ресейдегі Өзбекстан елшілігі алдында өткен «палау-пикет». Мәскеу, 2 сәуір 2012 жыл.

адамдар Виктория Ивлеваға қолдау білдірді. Олардың қолдарында «Сөз еркіндігі астан жаман емес!», «Өзбекстан, жүзіңді аш!» деген сияқты ұрандар болды.

Бұл кезде елшілік ғимаратының перделері жабылып қалған еді. Тек елшіліктің төртінші қабатынан бір қызметкер акцияны арагідік видеокамераға түсіріп алып тұрды.

– Біз сені жақсы көреміз. Бері келіп, бізбен бірге ас ішсеңші, – деп шақырды оны фотожурналист Виктория Ивлева.

БІР АЙДА – ЕКІ ЖУРНАЛИСТ

Өзбекстан туралы сыни мақалаларымен танылған «Новая газетаның» тілшісі Виктория Ивлева наурыздың 23-і күні Ташкент әуежайынан ешқандай себепсіз кері депортацияланды. Ол Өзбекстанға қазіргі фотожурналистика бойынша тренинг өткізуге барған еді.

Журналист Виктория Ивлева өзінің Өзбекстаннан депортациялануының сырын екі жыл бұрын өзбек фотосуретшісі Умида Ахмедованы қолдап пикет өткізгендігімен байланыстырады.

«Қыз абыройының салмағы» фильмінің, «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» деп аталатын фотоальбомның авторы Умида Ахмедова осы еңбектеріне бола «өзбек халқын ғайбаттады» деп айыпталған еді.

Ивлева – соңғы бір ай ішінде Өзбекстанға кіргізілмеген екінші шетелдік журналист. Ақпанның 29-ында Ташкентке барған BBC журналисі Наталья Антелава да әуежайдан әрі өткізілмей, кері қайтарылған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG