Accessibility links

Орыс интеллигенциясының Путинге қарсылығын қазақ жазушылары түрліше бағалады


Ресейлік оппозиция шеруі Абай ескерткішінің алдына жиылды. Мәскеу, 13 мамыр 2012 жыл.

Ресейлік оппозиция шеруі Абай ескерткішінің алдына жиылды. Мәскеу, 13 мамыр 2012 жыл.

Ресейдегі ақын-жазушылардың оппозиция шеруіне қосылуына байланысты қазақ жазушылары әр түрлі пікір айтты. Ал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки таныстарынан Абай туралы сұрастырғанда «Қазақстанда Абайдан гөрі Назарбаевты білген маңыздырақ» деген жауап алғанын жазады.

Ресейде бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан оппозиция шеруіне қатысушылар қарасы демалыс күндері тіпті көбейді.

Жексенбі күні Мәскеудегі оппозиция жиынын ресейлік жазушылар мен музыканттар қолдап, Пушкин алаңындағы ақын ескерткішінен Чистые пруды аймағындағы Абай ескерткішіне дейін жүрді. Шеруге Дмитрий Быков, Сергей Пархоменко, Борис Акунин, Алексей Кортнев сияқты белгілі интеллигенция өкілдері қатысқан.
Мәскеудегі "халық серуені" Пушкин ескерткішінен басталды. 13 мамыр 2012 жыл.

Мәскеудегі "халық серуені" Пушкин ескерткішінен басталды. 13 мамыр 2012 жыл.


Ресей жазушысы Борис Акуниннің айтуынша, "Шараның басты мақсаты - мәскеуліктердің өз қаласында еркін серуендеуге мүмкіндігі бар ма, жоқ па немесе бұл үшін арнайы рұқсат керек пе - осыны тексеру" болған.

"Серуендеген" жұрттың саны туралы нақты ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдары оған екі мыңға жуық адам қатысты десе, кейбір ақпарат көздері "серуенге" 15-20 мыңға дейін адам шыққанын айтады.

«ЖАЗУШЫ – ХАЛЫҚТЫҢ АДВОКАТЫ»

Жазушы Сәбит Досанов Ресейдегі өнер қайраткерлерінің демократияны талап етіп көшеге шыққан мыңдаған халықты қолдауын құптарлық іс деп бағалайды.

- Халықтың мүддесін ең бірінші жазушы қолдауы керек. Лев Толстойдың мынадай сөзі бар: «Жазушы - өз халқының адвокаты». Сондықтан олардың бейбіт шерумен Жиын болмаса да, Абай ескерткіші маңындағы қоршау алынған жоқ. Алматы. 14 мамыр 2012 жыл.

Жиын болмаса да, Абай ескерткіші маңындағы қоршау алынған жоқ. Алматы. 14 мамыр 2012 жыл.

өздерінің наразылықтарын білдіріп, халықпен бірге болғанын, халықтың пікірін қолдағанын дұрыс деп ойлаймын, - дейді Сәбит Досанов.

«Жазушылардың белсенді болғаны жақсы» деген қаламгер Алматыда әр ай сайын өтіп жатқан «Келіспеушілер» митингісіне өзінің «денсаулығына байланысты бара алмай жүргенін» де айта кетті. Елдегі ақын-жазушылардың әлеуметтік жағдайы қиын екенін айтқан жазушы «Олардың азаматтық үні неге естілмейді деп бәрін бірыңғай кінәлай беруге болмайтынын» ескертті.

- Себебі, «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, жазушылар айтатын сөзін кезінде айтты. Митингіге де шықты. Енді тек тыңдар құлақ болмай тұр ғой, - дейді Сәбит Досанов.

«ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ»

Жазушы Қабдеш Жұмәділов орыс ақын-жазушыларының бұл ісін «Ресейде ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан әдеби дәстүрдің жалғастығы» деп атады.

- Ресейде Пушкин, Толстой, сонау 19-ғасырдан, классикалық орыс әдебиетінен бері жалғасып келе жатқан демократияны жақтаған үлкен дәстүр бар. Бізден гөрі сол дәстүрді орыстар сақтап келеді. Бұл - соның көрінісі, - дейді ол.
Жазушы Қабдеш Жұмаділов Қытайдағы қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда жарық көрген 6-томдық «Қылмыс» романының таныстырылымы кезінде. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов Қытайдағы қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда жарық көрген 6-томдық «Қылмыс» романының таныстырылымы кезінде. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.


Қазақстандағы бірқатар жазушылар да қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты белсенді екенін айтқан жазушы Қабдеш Жұмәділов «Жазушыларды неге митингке қатыспайды?» деп кінәлауға болмайтынын айтады.

- Біздің қаруымыз - қалам. Қағаз бетінде сөйлесек, сол тиімдірек болады. Ал митингте, жиындарда мыңның бірі болып, кейде сөз тиеді, кейде тимейді, - дейді ол.

«ЖАЗУШЫ АҚИҚАТ ЖАҒЫНДА БОЛУЫ КЕРЕК»

«Ресейдегі шеру - орыс халқының өз шаруасы» деген ақын Тыныштықбек Әбдікәкімнің ойынша, «жазушы - бейтарап, ақиқат жағында болуы керек».

- Ақын-жазушылар дегеніміз - бір-бір пайғамбар деген сөз. Олар көсем болуы керек. Мен шын ақын-жазушыларды айтып тұрмын. Ондай адамдар әр уақытта оппозиция немесе билік жағында емес, ақиқат жағында болады. Әділет жағында болады. Менің айтарым - осы, - дейді Тыныштықбек Әбдікәкім.
Ақын-жазушылар оппозиция немесе билік жағында емес, ақиқат жағында болады.

Бірнеше күннен бері орыс оппозициясы Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңына шоғырланып, қазақ ақыны қарсылық жиынының символына айналып үлгерген еді. Ақынның шығармаларына шеруге қатысушылар қызығушылық танытып, Абайға арналған орыс блогшыларының жазбалары да күн сайын көбейіп келеді.

КАНДЕЛАКИДІҢ АБАЙҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУЫ

Ресейлік белгілі тележүргізушісі Тина Канделаки өткен аптаның аяғында өзінің Livejournal.com блогында «Мистер Абай Құнанбаев, сіз кімсіз?» (Кто вы, мистер Абай Кунанбаев?) деген жазба жариялады. Онда Канделаки Абай туралы қазақтың өнер адамдарынан сұрастырғанын жазған.

«Тимур Бекмәмбетовтан бастап (айтпақшы, оған хабарласу мүмкін емес екен) Николай Басковқа дейін телефон соғып шықтым. Не себепті Басков деп таңғалып Тележүргізуші Тина Канделаки. Ресей, 20 қаңтар 2011 жыл.

Тележүргізуші Тина Канделаки. Ресей, 20 қаңтар 2011 жыл.

отырған шығарсыз. Ол Қазақстанға жиі барады. «Абай Құнанбаевты білесіз бе?» деген сұраққа ол: «Мен Нұрсұлтан Назарбаевты білемін. Қазіргі кезде бұл едәуір маңыздырақ емес пе - келісетін шығарсың» деп шын ниетпен жауап берді. Ал Байғали Серкебаев («А-Студио» тобының мүшесі) деген қазақ: «Бұл - қазақтың ұлы ақындарының бірі. Ұялсам да айтайын, мен оны әлі оқып көрген жоқпын, бірақ оның кітабын жақында маған сыйға тартты. Тамаша жазады деп естідім. Оқиын деп жатырмын» деп шынын айтты» деп жазады Тина Канделаки.

Ресейлік тележүргізуші ақырында Абай туралы деректі фильмдер түсіріп жүрген Бақыт Қайырбековтен ақын туралы кеңірек мәлімет алғанын жазыпты.

Тина Канделаки Абай туралы толығырақ білгеннен кейін Абай оқуларына байқау жариялаған. Блогының соңында ол Абай туралы жақсы видеоролик түсірген жеңімпаздың ұялы телефонын 4 айға жылдамдығы жоғары шектеусіз интернетке қосып беретінін хабарлап, көпшілікті осы байқауға қатысуға шақырады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG