Accessibility links

Жемқорлықпен күрес Ресей банкі мен оппозиция белсендісін біріктірді


Алексей Навальныйдың суреті жапсырылған электрондық құрал ұстап тұрған оппозиция белсендісі. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Алексей Навальныйдың суреті жапсырылған электрондық құрал ұстап тұрған оппозиция белсендісі. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі Абай ескерткіші түбінен қуылған орыс оппозициясы өкілдері басқа жаққа шоғырланып жатыр. Ал қозғалыс белсендісі және блогер Алексей Навальный парақорлыққа қарсы күресу үшін Ресей банктерімен бірігіп дебет карточкасын шығаратынын айтты.

Абай ескерткіші маңына жиналған оппозицияның «ОккупайАбай» наразылық жиынын тоқтату туралы Мәскеудегі Басман сотының шешімі шыққаннан кейін, мамырдың 16-сы күні таңертеңнен бастап полиция ондағы азаматтарды күштеп тарқата бастады. Белсенділер қазір «Баррикада» метро станциясы маңына жиналып жүр.

Полиция «ОккупайАбай» наразылық акциясын өткізген оппозиция белсенділерін тарату кезінде 20 адамды тұтқындаған еді. Ресей ішкі істер министрлігінің мәскеулік өкілінің хабарлауынша, аймаққа тігілген лагерьлерді өз еріктерімен тастап кетуден бас тартқан азаматтарды заң бойынша жауапқа тарту жайы қарастырылып жатыр.

Мәскеу соты бұдан бұрын «Солшыл майдан» жетекшісі Сергей Удальцов пен блогер Алексей Навальныйды «8 мамыр күні шеруді тарату кезінде полицияға бағынбады» деген айыппен 15 күнге қамауға үкім еткен – бірақ белсенділер ол айыпты мойындамайды.

БІР ПАЙЫЗ

Блогер және оппозиция белсендісі ретінде танылған Алексей Навальный «жемқорлықпен күресті қаржыландырып отыратын жаңа дебет карточкалар шығару үшін аты-жөні жария етілмеген Ресейдің бір банкімен тізе қосып қимылдайтынын» айтты.

Ол карточкалар арқылы жасалған барлық сауда-саттықтың бір пайызы коррупцияға Оппозиция белсенділерінің "Баррикада" станциясы маңындағы лагері. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.

Оппозиция белсенділерінің "Баррикада" станциясы маңындағы лагері. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.

қарсы күресетін және пайда табуды көздемейтін қорға барып құйылады. Навальный құрған бұл қор қазір «РосПил» деп аталатын веб-сайт арқылы кеңінен жарнамаланып жатыр. «РосПил» карточкасымен жасалған барлық төлемақының бір пайызына тең ақша карта иесінен емес, банк есебінен алынады.

Банк «+1% өзіңді құрметтегенің үшін» деген жазуы бар жаңа карточкаларды шілде айында жасап шығармақ. Ресейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл бастамаға жәрдем беруші банк өз атын жариялаудан бас тартқан. Банк алдағы уақытта осындай төрт миллионға жуық карточка шығаруды жоспарлап отыр.

«БАНК ПЕН ОППОЗИЦИЯНЫ ТАБЫСТЫРҒАН – ИДЕЯ»

АҚШ-тағы Йель университетінде білім алған заңгер Алексей Навальный жемқорлыққа қарсы күрес акцияларын қаржыландыратын жүйені талайдан бері іздегенін айтады.

«Ведомости» басылымының хабарлауынша өнер, қаржы саласындағы бірталай танымал тұлғалар бұл жүйені қолдаған. Олардың арасында ақын Дмитрий Быков, Ақын Дмитрий Быков (оң жақ шетте) оппозицияның "Миллиондар маршында". Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.

Ақын Дмитрий Быков (оң жақ шетте) оппозицияның "Миллиондар маршында". Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.

«ВымпелКомның» негізін салушының баласы Борис Зимин, Alcantra Asset Management-тің басқарушы әріптесі Сергей Гречешкин де бар. Олардың барлығы да бұл жобаны қаржыландыруға құлықты екендерін айтты.

Навальный қорының басшысы Владимир Ашурковтың «Дождь» телеарнасына берген сұхбатына қарағанда, қор пен банк бұл идеяны бірлесіп қолға алған.

– Біз не себепті банктің атын айтуымыз керек? Банк бізге айтпа деп өтінген, сондықтан біз де банкті сатпаймыз. Банк бар болғаны бізді инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Көптеген банк екі түрлі атауы бар карточкалар шығара береді. Біз бір ортақ идеяға біріктік. Бұл идея халықтың арасында үлкен сұранысқа ие болып жатқан сияқты, – дейді ол.

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Жемқорлықпен күресушілер Ресейдегі коррупцияның асқынған ахуалын ашып көрсету үшін нақты деректерге негізделген арнайы видео-ролик түсіріп, YouTube-ке орналастырып қойған.

Коррупциямен күресетін қордың Navalnycard.ru деп аталатын веб-сайты «үкіметте Тұтқындалған оппозиция белсенділерінің бірі терезесіне плакат жапсырылған полиция көлігінде отыр. Мәскеу, 5 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Тұтқындалған оппозиция белсенділерінің бірі терезесіне плакат жапсырылған полиция көлігінде отыр. Мәскеу, 5 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

тамыр жайған парақорлықтың әр түрлі жүйелерін әшкерелеу арқылы Ресей бюджетінің 40,4 миллиард рублі үнемделгенін» айтады.

«Ресейдегі жол жөндеу, жолда қызмет көрсету жұмыстары Финляндиямен салыстырғанда бес есе қымбат. Басшылар Мәскеу тасжолдарын ауыстыру үшін төрт миллиард рубль жұмсаған. Мәскеудегі параның орташа сомасы – үш миллион доллар. Ресейдегі екі құбыр заводының қожайыны – Краснодар губернаторының 22 жастағы туысы» дейді қор.

Economist журналының зерттеуінше Ресейдегі шағын ғана топ 10 жылдың ішінде шамадан тыс байыған. Сочи олимпиадасына арналған 48 шақырымдық асфальт жолды төсеу үшін жеті жарым миллиард доллар жұмсалған.

Жемқорлыққа қарсы қор «РосПилден» бөлек әділ сайлау өткізуге ықпал ететін «Росвыборы» атты сайт та ашты. Ол сайтта сайлауға қатысқан адамдардың дауысы жоғалмас үшін арнайы мамандар халыққа заңдық және әкімшілік ақыл-кеңес береді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG