Accessibility links

Мәскеудегі ғимаратқа Украина туын тікті


Украина туы ілініп тұрған ғимарат. Мәскеу, 20 тамыз 2014 жыл.

Украина туы ілініп тұрған ғимарат. Мәскеу, 20 тамыз 2014 жыл.

Белгісіз біреулер Ресей астанасындағы биік ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаны көк және сары түске бояп, ұшар басына Украина туын іліп кеткен.

Мәскеуге барған кез-келген адам Иосиф Сталиннің билігі заманында 1947-1953 жылдары салынған, қаладағы басқа үйлерден оқшау көрініп тұрған жеті ғимаратты бірден таниды.

Бірақ бүгін көшедегі таңғы әбігер кезінде жолаушылар Котельнический жағалауындағы бір ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаның түсі өзгергенін байқады.

Биліктен де, 176 метрлік биіктен де қорықпаған белсенділер түнде үйдің ұшар басына шығып, ондағы орақ пен балға бейнеленген жұлдызшаны Украина туының түсіне (көк пен сары түске) бояп, басына Украина туын іліп кеткен.

Ресейлік шенеуніктер бұл оқиғаға байланысты "бұзақылар" - альпинистік керек-жарақ арқалаған төрт адам тұтқындалғанын хабарлады.

LifeNews сайты тұрғындардың бірі түсірген видеоны жариялап, онда "вандалдардың" парашютпен секіріп кеткені бейнеленгенін айтты.

Мақала авторы - Азаттық тілшісі Гленн Кейтс.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG