Accessibility links

"Доцентті" бөлшектеп сатқан" өзбектер ұсталды


Мәскеудегі актер Евгений Леоновқа қойылған монумент. Көрнекі сурет

Мәскеудегі актер Евгений Леоновқа қойылған монумент. Көрнекі сурет

Күдіктілер ескерткіштің кімге қойылғанын білмегенін айтады. Олар бөлшектелген қола «Доцентті» сатып, 39 мың рубль табыс тапқан.

Өткен аптада Мәскеуде Мосфильм көшесіндегі белгілі совет актеры Евгений Леоновқа қойылған ескерткішті ұрлаған бес Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл ескерткіште актер «Джентельмен удачи» фильміндегі «Доцент» образында бейнеленген еді. Қола скульптураны ұрлап әкеткендер оны бөлшектеп, түсті металдар қабылдайтын пунктке тапсырған. Оларға қатысты Ресей қылмыстық кодексінің «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ескерткішті ұрлағандар алдын ала тергеу барысында полицияға оның кімге қойылғанын, қандай мәдени құндылығы бар екенін білмейтіндерін айтқан.

«Доцент» скульптурасы Мәскеудегі Мосфильм көшесінен 16 қазанда түнде ұрланған. Аз уақыт ішінде олар ескерткішті бөлшектеп әрі 39 мың рубльға сатып үлгерген. Құқық қорғау органдары шығынды 160 000 рубль деп бағалайды.

Ішкі істер хабарламасында «Доцент» скульптурасын сатып алған металлолом қабылдаушы пункт қызметкерлеріне бөлек қылмыстық іс қозғалатыны айтылған.

Леонов кейіпкерінің ескерткішін ұрлады деген күдікті өзбектер

Леонов кейіпкерінің ескерткішін ұрлады деген күдікті өзбектер

Аты аңызға айналған актер Евгений Леоновтың құрметіне жасалған скульптура 2001 жылы Мәскеудегі кинофестиваль кезінде Мосфильмдегі Жұлдыздар аллеясында қойылған.

«Джентельмен удачи» ең белгілі совет кинофильмдерінің бірі саналады. Фильм түсірілген 1971 жылы оны 65 миллионнан астам адам көрген.

Фильмнің маңызды эпизодтарының бірі – «түрмеден қашу» Өзбекстанның Самарқанд облысында түсірілген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG