Accessibility links

МТС компаниясы «жалаңаштар» дауына ұшырады


МТС қызметкерлері түскен суреттердің бірі.

МТС қызметкерлері түскен суреттердің бірі.

Татарстандағы ұялы телефон сататын ірі компания өкілі қызметінен босатылды. Директорға «қызметкерлерін жалаңаш кейіпте фотоға түсуге мәжбүрледі» деген айып тағылған.

Азаттық тілшісі «Бұл - ұжымдағы бірлікті күшейтетін жаттығу ма, әлде қол астыңдағы қызметкерді қорлаудың түрі ма?» деген сауалға жауап іздеп көрді.
Не болса да бұл жайт Юлия Биктимированы біраз әуреге салды.

Прокурорлар Татарстандағы ұялы телефон сататын сауда орталығының директоры Биктимированың үстінен іс қозғады. Оған «көп тауар сатпағаны үшін жаза ретінде қызметкерлерін іш көйлектеріне дейін шешіндіріп, анайылау түрде суретке түсуге мәжбүрлеген» деген айып тақты.

БІРТҮРЛІ СУРЕТТЕР

Ресейдегі ең үлкен МТС мобильдік байланыс компаниясы Юлия Биктимированы Набережные Челны қаласындағы филиал басшылығынан босатты.

Компанияның ішкі порталына ғана салынған деген фотографиялар қараша айында көпшілікке тарап кеткен. Себебі басшылаққа наразы болған қызметкерлер суреттерді әлеуметтік желілерге салып, «бізді қорлады» деп шағымданған.

Лыпасы ғана бар, екі ер мен екі әйел қолдарын белдеріне таяп, суретке түскен. Кейбіреулері суретте МТС компаниясының белгісімен анайылау түрде тұр. «Комсомольская правда» газеті жариялаған бір фотографияда кассаның қақ алдында беліне орамал байлаған жас қыздар суретке омырауларын жартылай көрсетіп түскен.
Басшылаққа наразы болған қызметкерлер суреттерді әлеуметтік желілерге салып, «бізді қорлады» деп шағымданған.


Биктимирова қызметкерлерді жалаңаштануға мәжбүрлемегенін, олардың фотоға өз еріктерімен компания ұйымдастырған арнайы конкурсқа қатысу үшін түскенін айтады.

Оған осы кінәсі үшін 300 рубль мен 500 рубль аралығында айыппұл салынуы мүмкін (10-16 доллар арасында). «Комсомольская правда» газеті қызметкерлердің Битимированың кінәсі дәлелденетін болса, сотқа арызданып, одан моральдық шығын өндіруге дайын отырғанын жазады.

Қызметкерлердің біреуі бұл суреттерді Ресейдегі ең танымал «В контакте» әлеуметтік желісіне жүктеген соң, бұл оқиға қараша айында көпшілікке мәлім болды.

«ӨЗ ҚАЛАУЫМЕН ҚАТЫСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР»

«МТС шектен шығып барады. Кінәлі боп қалған жұмысшылар жұмыс орындарында бикини киіп, суретке түсуге мәжбүр. Сосын басшылық ол суреттерді корпорацияның өзінің порталына шығарып қояды» деп жазған бір интернет қолданушы.

Осы дүкенде бұрын істеген «Сергей П.» есімді жігіт бұқараралық ақпарат құралдарына «мұндай қорлыққа төзе алмай жұмыстан кеттім» деген.
Прокурорлар тергеу амалдарын жүргізгенде қызметкерлер бірауыздан «суретке мәжбүрлеген соң түстік» деп жауап берген.
Жұмыс істей алмағаны үшін босатылған бір қызметкер кек алу үшін осы оқиғаны қасақана ұйымдастырып отыр.


Бірақ Биктимирова жұмыс істей алмағаны үшін босатылған бір қызметкер кек алу үшін осы оқиғаны қасақана ұйымдастырып отыр деп санайды.

МТС болса бұл жанжалдың тігісін жатқызумен әлек.

МТС-тің Татарстандағы баспасөз хатшысы Алексей Меркутов журналистермен кездескенде: «МТС-тің айтуынша бұл іс-шара ұжымдық бірлікті күшейту үшін жасалған. Оған барлығы да өз қалауымен қатысқан. Оны фотографияларға қарап та білуге болады. Қала берді бір де бір қызметкер «бұл фотосессияға қарсымын» деп басшылыққа шағым түсірмеген. Бірақ фотосессияға қатысқан барлық қызметкер дисциплинарлық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Біздіңше бұл іс-шараны ұйымдастырғандар ғана емес, оған қатысқандар да жұмыс тәртібін бұзған боп саналады» деген.
XS
SM
MD
LG